Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет101/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   203
ӘОЖ 371.42.
К 37
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ


Кенжебаева З.К.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында ұлттық білім беру жүйесі дүние жүзілік стандартқа сай қазіргі кездегі талаптарды қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең маңызды мәселе ретінде қаралды. «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» -деді Елбасымыз.


Қазіргі жоғарғы оқу орындарында білім беру жүйесі білім алушының танымдық ой-өрісін белсендіре, шығармашылықпен өзіндік дамыта оқыту жаһандану жағдайында кредиттік оқыту жүйесі арқылы жүріп жатыр.
Кредиттік оқыту жүйесі әлемдік жаһандану талаптарына сай келетін дәстүрлі білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуді мақсат етеді.Кредиттік оқыту жүйесі білімгерлердің білім көлемін тек баллдық жүйе түрінде бағалауды ғана емес, білімгерлердің ізденгеніне қарай бағалау, білімгерлердің өзін-өзі дамытуға жағдай жасау мақсаттарын көздейді.
Кредиттік оқыту жүйесінде білімгерлердің өзіндік жұмысы оқу бағдарламасының барлық көлемінің үштен екі бөлігін құрайды.Демек жоғарғы оқу орындарындағы білімгерлердің өзіндік жұмыстарын жаңаша талаппен, тиімді ұйымдастыру, әдістемелерін жаңалау оқу үрдісін жетілдіру болып табылмақ.
Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеу машығында оқушылардың өзіндік ерекшелігі айқындала түседі.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу.Сондықтан да ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнінің басты мақсаты – мұғалімдерге қазақ тілін (әліппені, әдебиеттік оқуды, грамматиканы) оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы лекция, семинар, зертханалық сабақтар, білімгерлердің өзіндік жұмыстары және педагогикалық практика арқылы іске асырылады.
Өзіндік жұмыс іс-әрекеті өзінің мәні жағынан оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде ұғынылып, оқудың күрделі түрі болып саналады. Студенттердің өзіндік жұмысы- студенттердің танымдық қызығушылығын, белсенділігі мен дербестігін қамтитын өз бетімен ізденіп, игерілген білімді тереңдетіп, бекітіп, дағдыға айналдырып, өзін-өзі ұйымдастыруға тәрбиелейтін, кәсіби біліктерімен дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік беріп, шығармашылық әрекеттің қалыптасуына жағдай жасайтын оқу жұмысы болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысын белсенді жүргізу болашақ кәсіби маман дайындауда, білім деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттің стратегиясын іске асыруда аса маңыздылыққа ие болуда.
Өзіндік жұмыс оқу процесінің бір түрі болып табылады. Оны тиімді ұйымдастыру мен орындау үшін оқытушы тарапынан жоспарлау мен бақылауды қажет етеді.
Бүгінгі білімгер — болашақ маман, сондықтан өзіндік жұмыс болашақта өз білімін жетілдіріп отыру үшін аса қажет. Себебі ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық жүйенің тез өзгеріске ұшырауы, маманнан әртүрлі дерек көздерін, өз бетімен оқып-үйренуді қажет етеді. Студент тек өз бетімен еңбектену арқасында ғана жақсы маман бола алады.
Қазір өзіндік жұмыстың екі түрі қолданылады:
а) өзі қалаған уақытында орындайтын білімгерлердің өзіндік жұмыстары;
ә) аудиторияда оқытушының бақылауымен орындалатын жұмыстар.
Әрбір маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып отырады. Біздің ойымызша өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың тиімді жолы болып табылады.
Студенттердің өз бетінше жұмысының педагогикалық тиімділігі – оқытушының жұмысқа жасаған басшылығының сапасына байланысты болса да, өзіндік жұмыстың негізгі ерекшелігі – студенттердің берілген тапсырманы оқытушының көмегінсіз орындауы.
Жоғары оқу орындарына кредиттік технология жүйесін енгізу білімгерлер алдына жаңа міндеттер қояды.Олардан тек өз бетінше білім алу ғана емес,оны іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу талап етіледі.
Студенттің өзіндік жұмысы ойлау дағдысын қалыптастырып нақты ғылым саласының материалын терең және саналы түрде меңгеруге жағдай жасайды.
СӨЖ қарастырып отырған мәселеге білімгерлердің қызығушылығын туғызып,одан әрі тереңірек зерттеп,әдебиеттермен де жұмыс істеуге бағыттап, әртүрлі пікірлерді салыстыра отырып, өз көзқарасын айқындауда бағдар береді.Өзіндік жұмыс жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. СӨЖ білімгерлердің жұмыс уақыты мен бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырып,еңбек тәртібіне үйретеді.
Студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың білім беру,тәрбиелік және дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.Студенттердің өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру мен бақылау студенттердің ойдағыдай білім алуының маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Оқыту тәжірибесінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың төмендегідей түрлері қолданылады:
- проблемалы мәселелер бойынша рефераттар,курстық және диплом жұмыстарын дайындау;
- оқу құралдарын арнаулы және басқа әдебиеттерді рефераттау және аннотация жасау;
- кәсіптік бағдарлы іскерлік ойындардың сценарийін жасау;
- аннотация жазу,рецензия, эссе, глоссарий, талдау жұмыстарын жасау;
- жұмыс бағдарламасына сәйкес үйге берілген жұмыстарды орындау;
- білімгерлердің ғылыми конференцияларына қатысу.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда дәрісханалық сабақтардың орны үлкен. Мәселен студенттерге берілетін сұрақтар өз мамандығына байланысты құрастырылады.Сонда студенттің кемінде екеуіне баяндама-реферат жасау тапсырылса,олар берілген тақырып бойынша әртүрлі кітаптардан ақпарат жинап, оларды салыстыру бағытында өткізу оларды қызықтыратындығы байқалады. Олар кейбір кітаптардың терминологиясына сынау жасап, өз ойларын ортаға салуға тырысады.
Өзіндік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы мынадай ерекшеліктері бойынша сипатталады:
-өзіндік жұмыс білімгер ойларын жазбаша түрде көрсете білумен қатар шығармашылық ойланудың және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді;
- дәрістен алған білімдерін кеңейтіп,тереңдетумен қатар теориялық, түпнұсқалық материялдарды талдау дағдысын қалыптастырады;
- оқу бағдарламасына сәйкес білімгердің қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта өсуін бақылауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспары төмендегідей: (1,2-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет