Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ



бет113/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Курманова С.
Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ,,

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » - деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге тән. Жас мемлекеттің болашағы – балабақша бүлдіршіндері. Олардың жас ерекшеліктеріне сай талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін қайта қарау, білім беру мәселелерін алдыңғы қатарлы елдердің деңгейінде жабдықтау қажеттілігіне тоқталған. Сол сияқты Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында педагогика қызметкерлері балалардың алған білімдерінің мемлекеттік стандарттан төмен болмауына күш салуға, олардың өзіндік жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен даму үшін жағдай жасауға міндетті деп атап көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу қазіргі педагогикалық зертеулер нәтижелері көрсетіп отырғандай жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процессінде іске асуы үшін оны технологияландырудың қажет екеніне келіп тіреледі. Өйткені, дәстүрлі оқу үрдісінің нәтижесінде білім заңы талап етіп отырғандай, әр баланың мемлекеттік стандарттан төмен болмайтын білім алуын, олардың міндеттері мен құқықтарын қамтамасыз ету мүлдем мүмкін емес. Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласында жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын алайда, соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады. Бүгінгі күні әр түрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғаны байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің рөлін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерінәртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелермен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен жәгне әртүрлі атаулармен енгізіледі де , олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалаудың демократияландыру және ізгілендіру ұстанымдары оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелік жүйесінің, яғни оқыту және тәрбиелеу мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен құралдарының біртұтас және жүйелілік өзгеруін көздейді. Осындай мазмұнды әдістемелік жаңартудың негізінде дәстүрлі «үйретуші» балабақшасының орнына шығармашылық пен жасампаздыққа негізделген жаңа мектепке дейінгі мекеме модельі өмірге енуі тиіс. Білім мазмұнын қалыптастырудың осындай жаңа жолдарын қолдану нәтижесінде балаларды мектепке даярлауды интенсивтендіру мен оңтайландыруға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістерінің үйлесімділігі артып, оқытудың тиімділігі күшейеді. Сондықтан да, балалардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана сезімін дамытып,алғыр тұлғаны қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде инновациялық технологияларды қолдану үлкен жетістіктерге жетелеуде.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде – білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Бұл міндетті шешу үшін әр бір балабақша ұжымы, әр педагог тәрбиеші күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарынодан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарыніздестірулері қажет. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелеріміздің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелер басқада білім беретін институттар сияқты қоғамдық қатынастарда жұмыс істегендіктен, оның жағдайы көптеген сыртқы факторлармен, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының сипатымен анықталады. Қоғамымыздағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, педагогтардың және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еріндік берді. Педагогтардың алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттарымен сұраныстарына жауп беретін, жоғары деңгейде баланың жан-жақты дамуына әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр. Осындай тарихи кезеңде адам мен мемлекеттің қарым-қатынасының мәні өзгереді. Нарықтық жағдайда ол жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігінің өсуне қызмет етуге бағытталды.
Мектепке дейінгі педагогика адамзаттың сұраныстарынан қалмауға тырысады, оқыту мен тәрбиенің қиындығы мен қайшылықтарын алдын-ала білуге ұмтылады, сонымен бірге білім беру жүйесінің жүйесінің дамуына қоғамдық мүдделер негіз болады. Қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер әлеуметтік тапсырысты құрайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқытудың мәселесін қарастыра отырып В.Никитин былай атап өтеді: «егер мектептерді мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің баланы мектепке дайындау деңгейі қанағаттандырса, енді инновациялық мектептердің пайда болуы баланың жеке тұлғалық, танымдық, ойлау белсенділігі түрлі қызметтерде өздігінен сауалдарды шеше алатын сапасы жаңа талаптарды ұсынады». Бұл өз кезегінде білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде жаңа технологиялармен жұмыс істеу бағытының өзгеруін қажетсінеді. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында тәрбиешілердің оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін жаңартуды түсіндірудің және ынталандырудың ерекше маңызы, мәні келесі ұғымдарды ашуда болып отыр.
Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын Отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданған жоқ. Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Білім берудегі кез-келген техниканың өзегі Я.А.Коменскийден кейінгі педагогикалық технология элеметтерін Г.Песталоций еңбектерінен кездестіруге болады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетеді. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымының энциклопедияларда да, сөздіктерде де әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымы жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте «новация – бір нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандайда бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық » ретінде пайымдалады.
«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып «жаңарту», «өзерту», «жаңашылдық», «жаңалық» деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану. Бұл ұғымдар К.Ангеловский, В.Загвязинский, В.Ляудис, Л.Подымова, М.Поташник, А.Пригожина, В.Сластенин, Т.Шамова, Н.Юсуфбекова сияқты ғалымдардың еңбектерінде кеңінен ашылған.
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Н.Нұрахметов.Ғалым «инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Ал, Қ.Құдайбергенова «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп төменднгідей аудармалар жасаған «инновация» - жаңалық, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «новшество» - жаңалық, «инновационныйпроцесс» - жаңарту үдерісі. Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғалымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория жуырда ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде. Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:

  1. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зеттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.

  2. Ойлап табу кезеңі, яғни қандайда бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.

  3. Жаңалықты енгізу кезеңі,мұнда ойлап табылған жаңалық іс жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады.

Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.
Жаңалықты пайдалану кезінде мынандай кезеңдер орын алады:

  1. Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңіненқолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.

  2. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі,мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.

  3. Жаңалықтың қолдану аясын қысқарту кезеңі,мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитығынан көрінеді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), инструменталдылығы (басқарылғыштығы), инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде инновациялардың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді: білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар. Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы экзогенді (жүйеге сырттай қатысты) факторлармен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады деп нақты айта аламыз.
«Білім беру»- оқыту нәтижесі. Тура мағынасында ол оқып-үйретілетін пән туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат пен қоғам жайындағы ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Технологиядеп әдетте алдын ала берілген қасиеттерге ие материал алу мақсатында бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін айтады. Көптеген ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология болады, не болмаса өнер болады деп атап өтеді. Өнер интуицияаға негізделсе, ал технологияғылымға негізделеді. Технология деген сөздің өзі грек тілінен туындап, «tache» - өнер, шеберлік, «logos» - ғылым,заң дегенді білдіреді. Сонымен біз «инновация», «білім беру», «технология» ұғымдарының мәнін ашып көрсете отырып, өз тұрғымыздан осы үш ұғымның бірлігінде «инновациялық білім беру технологияларына білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін қамтамасыз ететін арнайы жобаланған, әзірленген жаңа енгізілімдерді оқу үрдісінде іске асыру біліктерінің жүйелі жиынтығы» деген анықтама бердік. Сондай-ақ «инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де толық жасалмағандықтан, біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева және Қ. Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалптастыру, қолданылу, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір тәрбиеші үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық болса басқа тәрбиеші үшін өтілген материал тәрізді. Инновациялық мәселелермен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларынқарастырып, талдай келе бізбұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үдерісіті «жаңа әідістеме құралы» деп ұғатын боламыз.
Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады. Дамудың жетекші факторына байланысты технологияларды төменднгінше бөлуге болады.

  • психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратын – биогендік технологиялар;

  • жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне, оқып үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын – социогендік технологиялар;

  • даму нәтижесі адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысты анықталады дегенді жақтайтын - психогендік технологиялар;

  • жеке тұлға және оның қасиеттерін материя емес деп ұғындыратын - идеалистік технология;

Жаңа технологияны оқып үйренудегі әрекет түрлерінің психологиялық аспектілері:

  • Заттық (материалданған әрекет)

  • Дауыстап сөйлеу

  • Іштей сөйлеу

  • Үйреншікті әрекет кезеңі

Инновация білім деңгейінің көтерлуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңдегі ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Н. Апатова, М. Поташкин, В.Я. Ляудис т.б. ғалымдар тәрбиешінің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы – мектепке дейінгі мекеме жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен, тәрбиешінің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде педагог суъект динамикалық үдерісі тәрбиешіден шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, тәрбиешінің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектепке дейінгі мекеме, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл - тәрбиеші педагог арасында қарама-қайшылық туындайды. Қазіргі кездегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын білгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет