А14
940.53(574)
Б.МОМЫШҰЛЫ ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ
Абдраймова С.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақтың әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік дәстүрден кенже қалмауына бар мүмкіншілігін салған Б.Момышұлының бар сын-пікірлері тек қазақ қаламгерлерінің шығармашылық жолда өсуіне жағдай жасау болды. Осы таласы көп бағытта қандай істер атқарылуы тиіс деген мәселе төңірегінде ол өзгелердің назарын аудармақшы болды. Идеялық тұрғыда қарсы жақты пікрілерімен де санасып отырды. Пендешілікке бой алдырған қарсыластарын ынтымаққа шақырды. Өзгелерді тыңдап өзі де тыңдатуға тырысты. Қазақстан Жазушылар Одағының съезінде сөйлеген сөзінде ол алдағы тұрған міндеттерге тоқталып, оның басты бағыттарын айқындап берді. Батырдың осы сөзін толығымен беруді жөн санап отырмыз. «1. Өткен съезде алған міндеттемелеріміздің бәрі бірдей сүрінбей, жығылмай, ақсамай, тасымай мәреге түгелімен жетті деп айта алмаймыз.
2. Екі съездің арасында жазушылардың еңбектерінде табыстар да бар. Кемістіктерімізде аз емес.
Кемістікпен кетіктік себепсіз болмайды. Олардың себебі өз арамызда, өз басымызда. Олар да – біздің өзіміздің жемісті еңбектеріміздің арасындағы солғын, шалажансар мәуелері. Оларға біз өкіне де, ашына да қарауға еріктіміз.
Жараның барлығын отап, я күйдіріп жазуға болмайды. Сыйпап, майлап, дәрі-дәрмектеп жазылатындары көп.
Шеңберден шығара мақтамалық,
Жерге жаншып таптамалық.
Ашуды сын садағымен атқылаудан аулақ болалық.
Табысымызды тау басына дараламалық, кемістігімізді керегеге кере кептірмелік. Әр қайсысын өзіне жарасты орнына қоя білелік.
Партиялық, творчестволық принциптен шықпастан, әділ де, жанашырлық, ағайындық ретінде сыйласып сынасалық.
Әділ сын ауызбірлік дәнекері деген сөз әрқашанда есімізде болсын.
Күнге оңып, жауынға езілетін сырландыны майлы бояу санап, өзімізді алдамалық.
Жамаумен жыртығымызды жасырмалық; көсеумен кетігімізді қаламалық.
Сын атқамінердің азбандылығымен айтылмасын, жамап-жасқап жала жабудан аулақ болайық.
Әдебиет әдептілік ұстамдылығымен айтылсын. Айыптау үшін дәлелді айғақ керек. Айдай айқын айғақ та әдепті ұстамдылықпен айтылсын.
Сәтсіздікке ұшырағандарды сабалай бермелік. «И у бьющего рука устает» деген сөз сын шабармандарының есінде болсын.
Съезіміз жоғары дәрежелі принципте… әділ биде туған жоқтай, табыстарымызды, кемшіліктерімізді де терең оймен сыннан өткізіп, әдебиетіміздің болашағына түкпірлі жоба боларлық нұсқалы мәжіліс (құрылтай) дәрежесінде өтер деген үміттемін».
Б.Момышұлының әдебиет сынындағы тағы бір белесі өз заманындағы қазақ қаламгерлеріне берген бағысы дер едік. Қасында жүрген адамдардың олқылық әрекеттерін, теріс пиғылдарын ашық түрде сынау ағаттыққа жатпайды. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады» дейтін халық даналығын дұрыс көрген Б.Момышұлы әдебиет майданында жүрген қаламгерлерің үлкен – кішісіне қарамай әділін айтып отырған. Осынысы үшін де Жазушылар Одағының басшыларын жақпаған кездері көп болды. Орталық партия комитетінің хатшысы Имашевпен болған пікіралысуда Б.Момышұлы жазушылар туралы: «Это беспартийная организация. Притом там писателей мало, а желающих быть писателями много. Не так-то легко иметь партийное влияние на эту организацию. Если Союз писателей работает плохо, в этом прежде всего виноват ЦК. Вам известно выражение Энгельса: «Если рабочий класс не понимает нас, в этом виноваты прежде всего мы».
Творческие люди по команде и по приказу не вдохновляются. Под видом выполнения социального заказа пишутся всякие «времянки,» они слишком легковесны, поверхностны.
В чем же причины
Дело прежде всего в правильной, продуманной организации и в умелом руководстве.
Наши писатели делятся на три поколения – старшие, средние и младшие. У каждого поколения свое достоинство и недостатки, присущие только им в отдельности связанные временем, их школой, окружением и возрастным индексом», - деп қаламгерлер ұясында болып жатқан сорақылықты қатты сынға алады. [1. 48-бет]. Турасын айтамын деп туғанына жақпаған Б.Момышұлының мұндай әрекеттерін тек оның адалдық пиғылының көрінісі деуге тұрарлық.
Тарихи өзі адал ұлдарын тарих сахнасына алып шығады. Қолдағы құжаттар дәлелдегендей көп жағдайда оның іштей қарсыластарының өзі әділдігі үшін көмек қолын сұрап тұрған. Жазушылар одағының жиындарында, пленумдарда, ғылыми отырыстарда қайбір қаламгерге оң баға беруде батырдың пікірін білуді дұрыс көріпті. Мәселен, қазақ социалистік реализм әдебиетінің бағыт-бағдарын айқындап берген, социалистік реализмді ғылыми тұрғыда талдап бірген әдебиеттанушы ғалым М.Қаратаевтың докторлық диссертациясын қорғау барысында Б.Момышұлының пікірін тыңдау қажеттілігі туындағын сол кеңеске Б.Момышұлы арнайы қатысып, М.Қаратаевтың диссертациясына әділ бағасын беріпті.батырдың сөзі төмендегідей: «Я выступаю здесь как писатель. Я образованный военный, но необразованный писатель. Я пришел в литературу на буксире войны.
Биография диссертанта нам всем хорошо известна. Он, побывав под свинцовой тяжестью необоснованной репрессии, сохранил гражданское достоинство и, вернувшись снова в строй, солидно развернул общественную, творческую, научную и педагогическую деятельность
Вопрос социалистического реализма – вопрос весьма сложный, весьма проблемный, не каждый возьмется за эту тему, не каждому под силу эта тема. Что открыл, что доказал Каратаев, взявшись за эту тему? В этих вопросах я согласен с мнениями официальных оппонентов, но хотелось бы от себя сказать еще.
Наука не ради науки, а наука для жизни. И с этой точки зрения практическая работа М. Каратаева ПОЛНА ЖИЗНИ. В этом главное достоинство трудов диссертанта.
Благодарю вас за внимание. Сөз жоқ әділ сын. Б.Момышұлы үшін мақтау мен даттаудың арасы түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін. Себебі келесі бір көзқарасында ол кеше ғана мақтаған М.Қаратевты жерге тығардай сынайды. Қарап көрелік: «Главный докладчик был член корреспондент АН Каз ССР критик, литературовед Мұхамеджан Каратаев – сильная бездарщина. Я его не слушал, я от него устал, когда он закончил доклад, аудитория аплодировала, я не аплодировал. Во время перерыва я ему сказал:
– Мұқа, по-моему, ты круглый дурак, когда перестанешь быть дежурным докладчиком, во всяком случае, ты в самом деле не ученый, самый неграмотный человек...». [9.75] Батырдың бұл сөзін қалай түсінуге болады?
Заманында М.Қаратаев әдебиеттану ғылымына өлшеусіз үлес қосқаны мәлім. Оның әдебиеттің теориясы мен тарихына берген бағасы кезінде жоғары бағаланды. Әдебиет сыншысы, теоретигі ретінде ол өз заманында көптеген жас әдебиеттанушы ғалымдарды тәрбиелеп шығарды. Бұған ешкімнің таласы жоқ. Алайда Б.Момышұлы ғалымның ғылыми жетістіктеріне оң бағасын беріп, көкке көтере мақтаса, ал пенделік болмысына, жағымпаздық әрекетіне жиіркене қарайды. Тіпті осындай талантты қазақ ұлдарының жоқ жерде жер болуына аяушылық та білдіретін сияқты.
Сынның өзі тек көркем шығармаға қатысты емес, сол көркем шығарманы өмірге әкелуші қаламгерге де қатысты айтылатыны жасырын емес. Мәселен Б.Момышұлы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдатына» сын айтса ол авторға да қатысты болмақ. Сол сияқты М.Қаратаевтың ғылыми еңбегіне қатысты айтылған сын оның өзіне де қатысы бар деген сөз. Ал қайбір қаламгердің жеке өз басына айтылған сынның жөні бөлек. Себебі кез-келген адамның екі түрлі сипаты болады. Бірі, пенделік жағы да, екіншісі, қайраткерлік болмысы. Дегенмен, адамның екі көрінісі біріккенде ғана тұтас бір адамның әрекеті туындайды. Сондықтан Б.Момышұлы бір пікірінде сын тезіне алған адамның шығармашылық жетістігін айтса, келесі пікірінде оның пенделігін айтып, қаһарын төгеді. Сондықтан ол «Өз заманымызға сынды, билікті өзіміз айтуымыз керек. Сын айту үшін – шын айту керек. Билік айту үшін – біліп айту керек. Қысқарта айтқанда, сын айтсаң, шын айт, билік айтсаң, біліп айт. Білмей айтқан билік – былшыл», - деуден танбады. [3.99-бет]
Б.Момышұлы қазақ көркем сөзінің ордасы, ұлттық әдебиетіміздің алтын ошағы саналатын жазушылар Одағына қатысты сын пікірлерін өзінің естеліктерінде жазып қалдырды. Жылдар бойы халықтың мақтанышына бөленген одақ жұмысы Б.Момышұлының көзқарасы бойынша кешірілмес кемшіліктерге толы. Батырдың мұндай көзқарастарын оны жазбаларынан анық аңғарамыз. «Мен ауырып жаттым. Пленумның шатағына қатысқан жоқпын. Екі шылбыр, бір тізгінді жастарға қимадыңдар. Извиняюсь! Жастар деп отырғаным 35-40 жаста болу керек. Ал, қарақтарым, жолдарың болсын, бізден өтсе, сендер қайталамаңдар деуге біреуің жарамадың. Орысша благословляю деген сөз біреуіңнің аузыңнан шыққан жоқ. Алжыған шалдар, жастарды жөргегінен құртам деп, өз арттарыңды өздерің аштыңдар. История это Вам никогда не простит. Повторяю, өз арттарыңды өздерің аштыңдар. Мен ешқандай мәслихаттарыңа қатысқаным жоқ, ауру едім, бірақ та, болжауымша, менің ойым осылай. Мен ойланып айтып отырмын Сізге. Адамның терең ойланар үш-ақ кезеңі бар. Сіз оған түсінбепсіз.
Олар: а) жалғыздық, қайдан келдім, қайда барамын!?
б) қайдан шықтым, кімге өсиет айтамын?
в) насихат айту үшін ақылым жете ме, жетпей ме, айтқаныма түсінер ұрпақ бар ма, қай жерімнен қателестім...
Осы үш сұрақты ойламағанның біреуі – Сізсіз. Сіз гений деген сөзге түсінбейсіз. Бәріңіз өздеріңізді гениймін деп түсінесіздер. Сол дұрыс па, ағатай! Бәріміз гений болсақ, қазақ не болады. Соны неге ойламайсыздар?
Гений – это приоритет народа, а не отдельных личностей. Аспаннан түскен ешкім жоқ... Осыған Сіз түсінбедіңіз, ақсақал!?», - деп қазақтың классик қаламгері С.Мұқановқа айтқан сөзінде жанайқай табы бар емес пе. [3.54-55]
Дана болып ешкім тумайды. Даналық өмір тәжірибесінен, ақыл-парасатынан қалыптасатын қасиет. Даналық дегеніміз – толғанып шыққан тоқсан ауыз сөздің ғасырлар бойы мәнін жоғалтпауы. Даналық – халқымыздың ұлттық рухани философиясы. Даналық – жоғары деңгейдегі танымдық, адам баласының рухани мәдениетінен мол хабары бар дарашылдық жалпылығы ұлттық мінез, ұлттық тарихтан бастау алады. Даналық – адамның болмыстық қасиеті. Даналық қасиет – өткенді таразылау, болашақты болжау, қазіргі істің түйінін ашу сияқты күрделі ой-әрекеттермен тығыз ұштасқан. [4.15].
Даналық дегеніміз – қалған басқа заттардың болмысын айқындап беретін шалғай себептерді және себептері бар заттардың таяу себептерін білу. [5.221].
Даналық ұлттың мақтанышы, даналық жеке бастың мүддесінен аспаса қасірет. Жазушылар одағында болған айтыс-тартысқа қазіргі адамдардан ешкім қатыспаған. Алайда, Б.Момышұлының естеліктерінде пендешіліктің жетегінде кеткен одақ мүшелерінің келешек жастардың ертеңіне тосқауыл болуы себепті оның қатты ашуға берілгенін байқаймыз.
Б.Момышұлының сол тұстағын қаламгерлер арасында орын алған туысшылдық, жікшілдік мәселесі оның Имашевпен арада болған әңгімеден анық байқалады. «Молодое поколение – Вузовцы. В течение сорока лет руководство Союзом писателей целиком и полностью доверено старшему поколению: Сабита сменяет Габиден, Габидена сменяет Габит, снова Сабит, снова Габит, снова Габиден, снова Габит, они незаменимы, лишь происходят смены одного другим. Они сделали немало хорошего, но и много плохого. Это вам известно больше чем мне.
– В частности…
– Беспринципная группировщина со всеми ее отрицательными последствиями. Злоупотребление доверием ( властью, именем) в своих личных выгодах. Вовлечение в сферу беспринципной группировки молодежь…Это для вас не открытие, это давно известный факт…», - деген Б.Момышұлының зілді айыптауының астарында сол тұстағы өмір дәлдігі жатқан жоқ па. [1.48]. Бір ғажабы орталық партия комитетінің хатшысы Имашев батырдың бұл айыптауымен түбегейлі келіскен.
Б.Момышұлы қазақтың класиктері С.Мұқановпен, Ғ.Мүсіреповпен, Ғ.Мустафинмен соншалықтың неге өшіккен? Кезінде бір-бірімен ағалы-інілі болып араласқан алыптардың арасынан қандай қара мысық жүгіріп кеткен, анығы белгісіз. Бірақ Б.Момышұлы жоғарыда аталған әдебиет қайраткерлерінің істеген істеріне көңілі толмаған кейіпті аңғартады.
Егер Б.Момышұлы классик қаламгерлердің атақ-абыройын қызғанды дейтін болсақ, онда кей тұстарда оларды мақтауының сыры неде? Мәселен, 1944 жылғы қыркүйек айындағы әдебиеттанушы ғалым Е.Ысмайыловпен арада болған хат жазысуда Б.Момышұлы М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мустафиннің атын қызғыштай қорғап, олардың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін аса мақтанышпен ауызға алады.
Аталмыш мақаласында Е.Ысмайылов Сәбитті, Мұхтарды, Ғабитті жөнді-жөнсіз сынап, ол сында қаламгерлердің жас қаламгерлердің өсуіне кедергі келтіргені, жазған шығармалары арқылы өздерінің мақтанға берілгендігі айтылған. Б.Момышұлы ғалым сынының объективті көзқараспен емес, тек олардың жеке бастарына қатысты сыни көзқарастарын сын емес, өсек, жала деп қабылдап, сыйласымда жүрген Е.Ысмайыловқа қарсы шығады. Мәселен, «Жуырда «Социалистік Қазақстан» газетіне Сіздің «Мен мен» деген «мақалаңыз» басылған екен.
Онда сіз қазақ халқының, біздің кеңестік әдебиетіміздің мақтанышы болып отырған үш жазушыны /Мұхтар, Сәбит, Ғабит/ «соя» сынаған көрінесіз. Біз сол «сыныңызды» жанымызды түршіктіре оқыдық та, Сізге «Социалистік Қазақстан» арқылы хат жазып, ойдағы пікірімізді айтуды мақұл көрдік.
Ол үшін жазушыға қоятын Сіздің бірінші кінәңіз: бұларда кішіпейілдік жоқ, өз шығармаларын көп мақтайды, сонысына мақтанады депсіз. Сонан кейін үш жазушының өздеріне сөз беріп, әр нәрсені айттырасыз», - дейді батыр. Қазақ классиктерінің қазақ әдебиетіне қосқан қомақы үлестерін ауызға ала отырып, сынның да сыны болады деген ойын білдіріпі.
Б.Момышұлының кез-келген мәселеге қатысты ойларының обьективті қырлары оның жан тазалығының куәсіндей көрінеді. Қай нәрсеге болмасын салмақпен, парасаттылықпен қараған ой түйіні бүгінгі әдебиетіміздің көркейуіне де қосар үлесі зор болмақ деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |