Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет21/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   203
Балаларға арналған әндер — бұл, санамақтар, өлең-әзілдер, ойын кезінде айтылатын әндер, табиғат, жануарлар, құстар, тұрмыстағы заттар туралы айтылатын әндер. Көшпелі малшыларың отбасында өскен кез келген балаға жақсы таныс тұрмыстық заттардың бәрі дерлік әндерде бейнеленеді. Мысалы, ерте замандарда ер балалар мал бағуға көмектесіп, қыздар үй шаруашылығын атқаратын (тамақ дайындау, жүн иіру, т.б.).
Лирикалық әндер — бұл, туып-өскен жеріне, табиғатқа, адамға бағышталатын тамаша сезім — махаббат шығармалары. Онда адам бастан кешкен шынайы, тұңғиық сезімі, жан толқынысы көңіл күй мен толғанысы бейнеленеді. Бұл жанр бағытында туған көптеген әндер жануарлар мен құстарға арналған. Өзінің ырғақтылығы мен әуезділігінің арқасында халықтың лирикалық әндер орындауға аса ыңғайлы.
Ересектер айтатын көптеген лирикалық тұрмыстық әндерде туған өлкеге, үйге сағынышы, бала кезіндегі бейқам өмірі туралы айтылады. Солардың бірі “Туған жер”, “Әй-әй бөпем” мысал болып табылады. Сондай-ақ, көптеген лирикалық әндерге астарлау сипаты тән. Мысалы, табиғат сұлулығымен байланысып жатқан әндер де аз емес. Оған “Япурай”, “Назқоңыр”, “Қараторғай” және т.б. әндер жатады.
Лирикалық халықтық-кәсіби әндер, сондай-ақ, туған өлке, ел-жұрт, табиғат, жануарлар тақырыбында қамтиды. Адамның жан күйзелісінің барлық нәзік тұстарын, жанның қуатты да, ынтық ұмтылысын, ауыр қайғы мен жарқын қуаныш сәттерінің бәрі осы классикалық халықтық-кәсіби әндерде айшықталған /3;5/. Халықтық-кәсіби әндердің жарқын концерттік сипаты оны әуеніндегі екі қайнар көздің, яғни халықтың әндік екпін мен ақындық мақамның болуынан білінеді. Мұндай әндер тыңдармандардың кең қауымына арналған. Қазақ халқында “Аққұм”, “Қызыл бидай”, “Жиырма бес”, т.б. сияқты халықтық-кәсіби әндер кең тараған.
Халықтық-кәсіби әндердің атақты авторлары деп Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Ыбырай, Әсет, т.б. ақындар саналады. Көптеген лирикалық әндердің авторы Ақан сері Қорамсаұлы. Оның “Маңмаңгер”, “Қараторғай” және т.б. сияқты әндері халық арасына кең тараған. Ыбырай Сандыбаевтың атақты әні “Гәкку” өзінің нәзік әрі жүрек тебірентер әуенімен кербез сұлудың сыртқы келбетін табиғаттың сұлу көріністерімен сәйкестігін салыстыра отырып бейнелеуі «табиғат-адам-қоғам» байланысын көрсетеді. Мұхит Мералиевтің «Дүние” әні халыққа танымал. Жаяу Мұсаның “Шолпан”, “Адасқақ”, Біржан сал Қожағұлұлының “Айтбай” әндері өз бойына жарқын бейне, терең мазмұн мен тамаша табиғат сұлулығын сіңірген.
Ұлы ақын, композитор, қазақ қоғамының дамуына прогрессивті әсер еткен ағартушы Абай Құнанбайұлының әндері жоғары деңгейлі табиғат лирикасына ие. Абай әндерінің өткірлігі мен әуенінің әсемдігі, поэтикалық мәтінінің музыкада үйлесім табуы, шынайылығы басқа халық әндерінен ерекшелейді. Оның әндері дайындықсыз орындап отырған адамға да өте жеңіл келеді. Абайдың “Желсіз түнде жарық ай”, “Қараңғы түнде тау қалғып” және т.б. әндері табиғаттың сұлу көрінісін ғана емес сонымен қатар адамдардың табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын, олардың табиғат байлығын сақтап күте білу қамқорлығын оятатын сезімменен халық арасында зор құрметке ие болып таралғандығында. Тіптен бүгінгі ұрпақтардың Абайдың табиғат лирикасына жазылған әндерін орындау арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын оятып, экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік әлеуеті өте зор екендігі ақиқат.
Зерттеу барысында біз аспаптық күй музыкасының да өзіндік жанрлық жіктемесін негізге алдық. Республикамызда жүргізіліп жатқан түрлі зерттеулер осы мәселеге қатысты толассыз қызығушылықтың барын көрсетеді (П.Аравин, Е.Айтжанов, Б.Аманов, Т.Беккожина, І.Елеусізова, Т. Мерғалиев, А.Райымбергенов, А. Сейдімбек, П.Шегебаев және т.б.) /2;4;/. Солардың арасынан біздің зерттеу проблемамызқа қатысты кейбіріне қысқаша тоқталып кетейік.
Т. Мерғалиев күйдің мынадай жіктемесін береді: күй-аңыз, тарихи күй, күй-арнау, лирикалық күйлер. Т.Бекхожина сыбызғыға арналған күйді зерттеп, мынадай үш түрін ерекшелейді. Эпостық және тарихи күй-аңыздар, жан-жануарлар туралы күй, табиғат туралы күй. Е.Айтжанов пен І. Елеусізова төмендегідей түрде күйді топтастырады: мифологиялық негізгі бар ежелгі күйлер; қазақ тарихын баяндайтын тарихи күйлер, адамның ішкі жан-дүниесін ашатын күйлер және лира-эпостық күйлер.
А.Сейдімбек өз зерттеулерін күй-аңыздарға арнаған. Ғылыми және тарихи фактілерге сүйене отырып, б.з.д. V—VІІІ ғасырлардан біздің заманымыздың бүгінгі күндеріне дейінгі аралықта дүниеге келген күйлердің толық сараптамасын береді. Ол мынадай ретпен жіктеледі:
- тарихи оқиғаларға байланысты күй-аңыздар;
- күйші-композиторлардың шығармашылығы жайлы күй-аңыздар;
- табиғат пен қоршаған орта туралы күй-аңыздар;
- тұрмысқа байланысты күй-аңыздар (мерекелер, күрестер, аңшылық, айтыс, т.б.)
- күй-арнаулар туралы аңыз-әңгімелер (ана, сүйікті жар, жақын адам, балаға, табиғатқа және т.б.)
- жан-жануарлар туралы күй-аңыздар.
Музыкалық педагогика саласында бірқатар ғылыми жұмыстарға жасалған сараптама жанрлық жіктеуді қолдану, зерттеуде тиімді нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ете алатынын дәлелдеп берді (М.Х.Балтабаев, Ж. Ақбарова, Р.Дүйсенбинова, Е.Қозыбаев, М.Оразалиева) /7/. Атап айтқанда, М.Х.Балтабаев күй музыкасын жіктеуде қолданылатын тиімді нұсқа ретінде мыналарды есептейді: отбасылық-тұрмыстық, шаруашылық, батырлық, эстетикалық, лирикалық, бейнелік.
Е.Қозыбаев Б.Ғизатовтың еңбегіне сүйеніп, жоғары сынып оқушыларына қазақ халық аспаптық музыкасының жанрын зерттеу үшін келесілерді ұсынады: эпостық, тарихи-батырлық (тарихи-отансүйгіштік), лирикалық, отбасылық-тұрмыстық, ғұрыптық.
Р.К.Дүйсенбинова орта мектеп оқушыларына қазақ халық әндері жанрлық жіктемесінің төмендегідей нұсқасын ұсынады:
- ғұрыптық-отбасылық (бесік жыры, шаруа жайы, діни, той, жерлеу, қоштасу);
- өсиет-әндер;
- тарихи әндер;
- әлеуметтік қарсылық әндер.
- эпостық әндер (дастан, қисса, толғау, терме);
- айтыс;
- лирикалық әндер және т.б.
Ж.М.Акбарова орыстілді бастауыш сынып оқушыларына мынадай жанрлық жіктемені берген дұрыс деп есептейді:
- ғұрыптық-тұрмыстық шығармалар (балалар, бесік жыры, ғибраттамалық, айтыс, тартыс);
- тарихи шығармалар (халықтың басынан өткен оқиғалар туралы күй мен әндер, батырлардың ерлігі);
- эпостық шығармалар (музыкадағы ертегілер мен күй-аңыздар);
- лирикалық шығармалар (табиғат, Отан, адамдар, құстар мен жануарлар туралы).
ІІ. Тарихи әндер мен күйлер — бұл музыкада сақталып қалған халықтың жады. Қазақ халқының көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы халықтың бүкіл ғұмырында болған ірі бетбұрыстардың нақты деректерін өз бойына жинақтайды. Халықтың музыкалық шығарма-шылығында көрініс тапқан осы оқиғалар жөнінде музыкатанушы ғылымдардың көпшілігі айтады. (П.Аравин; В.Виноградов, Б.Ерзакович, А.Жұбанов, А.Затаевич, С.Елеманова, Т.Мерғалиев) /3;7/, т.б.
Дегенмен педагогикалық жұмыстар тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі кезде эстетикалық, экологиялық тәрбиелік, білімдік сипаты бар, заман талабына сай оқушыларға арналған әндер саны айтарлықтай төмендеген.
Бірақ соңғы жылдары балалар талаптылық конкурстары өтетін түрлі радио-телевизиялық бағдарламалар арқасында, олардың ішіне ең танымалылары «Айналайын», «Балақай», «Айгөлек» балалар аудиториясы жылы қабылдаған өлеңдердің саны арта түсті. Олардың көпшілігіне композиторлық стиль, жеке тұлғалық, мазмұндылығы, образының жарқындылығы, шаттылығы мен әзілі тән. Алайда, өкінішке қарай, радио мен телевидениеден жиі берілетін қазіргі заманғы балалар әнінде экологиялық тәрбие туралы әндер көптеп таралмайды. Бұл оқушылар мен оқу-тәрбие жұмысын жүргізген кезде қолданатын материалдың жоқтығын ұлғайтып, кедергі келтіреді.
Біздің ойымызша мектеп оқушыларының әндік репертуары балалардың табиғат туралы білімі мен тәрбиесінде сенімді көпфункционалды және педагогикалық «құрал» болуы керек. Сондай-ақ, онда үлкен адамгершіліктік-экологиялық әлеует болатын адамзат қоғамының өмірлік сипатының барлық қырлары қамтылуы қажет. Балалар музыкасы, ең алдымен, экологиялық тәрбиеге бағытталғаны дұрыс:
- өз мемлекетінің, туған өлкесінің табиғи байлығын құрметтеу мен қадір тұту;
- қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрімен әдет-ғұрпын құрметтеу;
- халық өміріндегі айтулы даталардың мәнін түсіну (Жаңа жыл, Наурыз, т.б.);
- табиғат флорасындағы өсімдіктер мен жануарларға, оларды қорғауға үлес қосқан адамдарға сүйіспеншілік;
- экологиялық, музыкалық білім алуға деген саналы көзқарас (мектеп өмірін бейнелейтін әндер).
Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өмір сүретін Қазақстанда көпұлттық тәрбие, қоғамдық өмірге, әлеуметтік тұрмысқа, айнала қоршаған табиғи ортаға, өзге халықтардың мәдениетіне құрмет міндеті аса үлкен маңызға ие. Әр халық жалпыадамзаттық нормалары негіз боп қаланған, басқа ұлттарға да түсінікті табиғат қорғау туралы жеке ұлттық озық салт пен дәстүр сақтауға құқылы. Қазақ халық музыкасының өзге халықтар үшін гуманизм, адамдарға, әсіресе балаларға, айнала қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік дәстүрлі құндылық болып саналады. Өнердің өзге де түрлері арқылы, соның ішінде музыкамен әр халық өз түсінігі мен қоршаған орта шындығын қалай көретінін білдіреді.
Қорытындылай келгенде оқу-тәрбие жұмысы барысында іске асырылатын қазақ халық музыкасының барлық қызметі мақсатқа сәйкес қазақ халық музыкасының педагогикалық мүмкіндіктері біз шартты түрде топтастырған қызметтердің өзара байланысы мен серпімді қарым-қатынасы қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет