Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет107/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   164
ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ 
Сабекова Д.А., Ташмҧратова Н.Ә., Джамалбекова Н.К. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 
№19 негізгі мектеп, Тараз қ. 
Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік ӛркениетке ұмтылу барысында ӛскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие 
беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, мықты етіп тәрбиелеу үшін – оның 
тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің 
негізі, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар кӛзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті 
иесі.Адам ӛзін табиғаттың зор күшіне, оның асқар тауының биік шыңына, құдыретіне теңейді. Бірақ ол
табиғаттың заңдылықтарына толықтай бағынатын бӛлшегі ғана болады. Бүгінгі таңда табиғат дамуының 
заңдылықтары, оны реттеудің күрделі процестері, оның ӛзара байланыстарының нәзік жараланғыштығы
туралы кӛп айтылады. Ауа және су қабаттарының ластануы сияқты экологиялық мәселелерді зерттей 
отырып, біздер адамның ӛзіндік ішкі дүниесін естен шығарамыз. Осыған байланысты соңғы уақытта, 
аддиктивті мінез – құлық мәселесі аса ӛршіп барады. 
Тәуелділіктің таралу қарқыны жастардың физикалық және адамгершілік денсаулығының дамуын, 
болашақтарын, қоғамымыздың әлеуметтік сенімділігін шынжырға салады.Бүгінгі таңдағы маскүнемдік 
пен нашақорлыққа, интернет желілеріне, асқа, темекі мен азартты ойындарға тәуелділік бір ғана адамның 
немесе отбасының медициналық, адамгершілік жағынан мәселесі болудан қалып, барлық тұрғындардың 
денсаулығына, бақ – берекесіне, қауіпсіздігіне, тіпті ұлттық дамуына әсер етеді, бір отбасының емес, 
тұтастай қоғамның қайғы – қасіреті, ұлттық мәселесі.Менделевич В.Д., Короленко. Ц. П., Старшенбаум 
Г.В. секілді авторлардың еңбегінде тәуелділіктің механизмдері мен пайда болу себептері, аддикцияның 
классификациялары кӛрсетілген.
 
«Тәуелділік» деген қандай «ауру»? Кӛңіл күйі, ойы, мінез-құлқы, сезімі қандай да бір сыртқы 
шарттарға тәуелді болған адам тәуелділікке ұшырайды. Мұндай шарттарға кӛбіне алкоголь, есірткі, 
темекі, ас және т.б. жатады.Тәуелділік – бұл адамның ӛмірін құртатын сыртқы әрекеттерге деген 
күнделікті таңдаулар. Адам тек есірткі және алкоголь талап еткенде ғана әрекет етеді. Сондай-ақ ол бұрыс 
ойлармен қатар әрекет жасайды – бұл да тәуелділік.Тәуелділік – бұл есірткісіз, алкогольсіз, темекісіз 
ӛзінің мінез-құлқы мен эмоциясын басқарудың жоғалуы, кӛңіл-күйді ӛзгертетін затты пайдалануды 
жиілендіру, қалыпты ӛмірге қайтып келуде орнын алмастыра алмайтын сол қажетті заттың күнделікті 
қолданылуы. 
Тәуелділік – бұл шынайы ӛмірдегі проблемалардан қашу үшін жасайтын іс-әрекетінің барлығы. 
Шындықтан қашу ӛмірді ӛзгертпейді, тек уақыт ӛте адамның уайымы мен ӛмірдегі орнын қиындата 
түседі. Тәуелділіктің түрлері ӛте кӛп, алайда барлық тәуелділік ортақ құрылымға ие. Кез келген тәуелділік 
психологиялық және физикалық зақым тигізеді. Ол адамды ақиқаттылықтан айырады, оның рухани 
соқырлығын, психикалық кереңдігін, сезімталдығын күшейте түседі. Тәуелділік адамды басқа әрекетті
мінез-құлықты, күйді таңдаудың мүмкіндігін жояды, оны шектеп, толыққанды жеке және кәсіби ӛмірге 
кедергі жасайды, адамның абыройын эгоизммен алмастырады. Тәуелділік адамға жалғыздықты 
ұялатады,тәуелділік иллюзиясына кеткенде адам ӛтірік қамқорлық пен махаббатқа ие болады. Ол әлемді 
шынайы қабылдауды бұзып, эмоцияның жүзін қайтарады, шындықтың орнын ӛтірік және уақытша 
қанағаттану сезімімен, эйфория, бақыт туралы елеспен басады. 
Аддиктология (ағыл. addiction — тәуелділік, лат. logos — ілім, білім) – аддиктивті (тәуелділік) мінез-
құлық туралы ғылым. Аддиктология аддикцияның пайда болу себептерін, олардың даму механизмдерін, 
психологиялық және клиникалық белгілерін, динамикасын, коррекция (түзету) және терапия тәсілдерін 
зерттейді.Аддиктология жеке бағыт ретінде АҚШ-та 80-жылдардың аяғында алкоголь және психоактивті 
заттармен байланысты наркологияның бӛлімі ретінде пайда болды. Бүгінгі таңда аддиктология 
психиатрия, клиникалық психология, наркология ғылымдарының жиегінде дамуда, сондықтан жан-жақты 
зерттелуде. 
Ресейде (КСРО кезінде) «аддиктивті бұзылулар» термині 70-жылдардың аяғында ең алғаш 
аддиктологияның негізін қалаушылардың бірі, профессор Ц.П.Короленкомен ұсынылды. Ал 2001 жылы 
осы кісінің ұсынуымен Ресейде ең бірінші химиялық емес аддикцияның классификациясы жарық 
кӛрді.Аддиктивті мінез-құлық девиантты мінез-құлықтың бір формасы болып табылады және шындықтан 
кетудегі психикалық күйді ӛзгерту ретінде түсіндіріледі. Аддиктивті мінез-құлықтың мағынасы 
психикалық күйді кейбір заттар немесе белгілі бір қызметтің түріне және пәніне зейінді ӛзгертуге деген 


158 
ұмтылыс болып табылады. Аддикцияны жүзеге асыру кезінде күнделікті ӛмірдегі ешқандай уайымдармен 
салыстыруға келмейтін интенсивті және ӛте жағымды сезінулер бастан ӛтеді. Мұндай күйдің 
«жағымдылығы» адамда пайда болған жайлылық, кемелділік иллюзиясының пайда болуымен 
байланысты. Жүзеге асырылу процесінен тыс ӛмір сүру қызық емес болып табылады. 
Аддиктивті мінез-құлықтың классификациясы (Ц.П.Короленко бойынша): [4] 
1.Химиялық аддикция - аддиктивті агент ретінде психикалық күйді ӛзгертетін түрлі заттарды 
қолданумен байланысты. Мұндай заттардың кӛбі органикалық зақымдарға алып келеді. Кейбір 
психикалық күйлерді ӛзгертетін заттар айырбасқа түсіп, физикалық тәуелділікті шақырады. Химиялық 
аддикцияға мыналар жатады: 
-
алкогольді аддикция 
-
наркомания 
-
токсикомания 
2.Химиялық емес (мінез-құлықтық) аддикцияға мыналар жатады: 
- гемблинг 
- интернет аддикция 
- шамадан тыс еңбекқорлық 
- ортақ тәуелділік 
- ургентті аддикция 
- діни аддикция 
- аддиктивті фиксация ретінде әлеуметтік ұйымдастыру 
- шоппинг 
- эротикалық аддикция 
- махаббат аддикциясы және қашу аддикциясы 
- сексуалды аддикция 
- ортақ сексуалды аддикция 
- киберпорно-аддикциясы 
Химиялық емес аддикцияның біреуіне тоқталсақ. Гемблинг (ағыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет