Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет11/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Сейдахметов.Л «Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыру» Алматы 2009 
2.Ә.Қалмырзаев «Біз,Қазақ, Ежелден Еркіндік аңсаған»Қазақстан 2030, Алматы, 2012 
3.Тӛгісов Ә. Тәрбие арқауы-қазақстандық патриотизм./ Қазақ батыры, №4 2008.-2б 
4.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012ж. 14 
желтоқсан 
5.Назарбаев Н.Ә. Заманның сыншысы да, тарихы да бүгінгі жастар. «Егеменді Қазақстан», 2012. 3 ақпан,-
Б.1-2. 
 
Аннотация. 
В данной статье рассматривается патриотическое воспитание будущего поколения каждый 
раз объясняя молодежи все прошедшие события казахского народа.
 
Annotation
. This article discusses the patriotic education of the next generation of young people each time 
explaining all past events of the Kazakh people 
 
 
 
 
 


15 
ӘОЖ 37-(091)+37.01 
 
ЖОЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ 
Әбдіқадырова Т.Р. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» атты халыққа арналған Жолдауында:«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты 
әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. 
Бабаларымыздың арманы, - дей отырып, Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды 
біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтарды санамалап кӛрсетті. Соның ішінде 
ең басты құндылық, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі деді. Ал, тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, 
халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, 
рухани құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман 
болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы. 
Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің халқымыз - 
ӛзгеге қыспақ кӛрсетпек түгіл кӛмекке мұқтаж кез-келген ұлттың ӛкілін баурына баса білген дана, 
мейрімді халық. Біз - аға буын халқымыздың осындай игі қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білгенде 
ғана ертеңгі болашағымыздың жарқын, еліміздің қуатты болатыны анық. Ел басы жолдауының да қасиетті 
құндылығы осында болар. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы ӛзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп 
келді. Ӛзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер тӛнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа 
халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату кӛршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқа-
сында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, ӛзінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін 
қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз - тату-тәтті 
ынтымағы жарасқан кӛп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен кӛркейіп ӛсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді -
мықтап ұстап тұру. 
Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін 
күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз 
ӛз әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаса Мәңгілік ел боламыз, бұл - жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Міне, 
біздің басты байлығымыз да — осы. Рухы еркін халық қана кез –келген мәселені шеше алады, әлемдік 
деңгейде ӛз орнын таба алады.
Қазақ халқы ӛзінің тарихи негізді ұлттық құндылықтарын ӛзі де танып, ӛзгеге де танытып, ұлттық 
тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бала 
алады. Бұл - біздің үшінші құндылығымыз. 
Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, отарлау езгiсiне, әдейi ұйымдастырылған 
ашаршылық пен босқыншылықтарға, саяси қуғын-сүргiндерге және т.б. озбырлықтарға ұшыраса да осы 
күнге дейiн негiзгi халықтық-ұлттық дiлiн сақтаған қазақ ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі – аса 
зәру мәселе екендiгi айқын сезiледi. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың 
«Ғасырлар тоғысында» (1996) кiтабындағы пiкiрiнiң қазiргi қазақ жастарының ұлттық рухты жоғары 
ұстауға тиянақты бағдар болатыны да күмәнсiз: «Мен ӛз халқымның кӛнбеске кӛнiп, шыдамасқа шыдай 
бiлетiн тӛзiмдiлiгiне қайран қаламын. Мәңгiлiктiң қатыгез басқыны бiржолата шайып әкететiндей талай 
қилы кезең тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ 
қалды. Бiрақ ӛмiрге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсенi кӛтерiп, тәуекелге бел 
буғызды», деп Елбасы ұлтымыздың ұлылығын, ұлттық ерекше қасиеттерін, намысын, тӛзімділігін, 
тәуекелшіл қасиеттерін ұлықтады. 
ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның 
маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтатып, 
тілін, дінін, ділін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, 
насихаттау міндеті тұр. Ӛйткені, қай халықтың болмасын ӛзге жұртқа ұқсамайтын бӛлек болмыс-бітімін 
даралап, ӛзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, «Әрбір 
ұлт – ӛзінің халқы үшін Ұлы. Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» (Ш.Айматов). 
Елбасы тӛртінші құндылық, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық 
ӛсім, екендігіне тоқтала отырып, әрбір қазақстандықтардың әл ауқатының жақсарып дамыған отыз елдің 
қатарына қосылудың бірден-бір сара жолын анықтап берді. 
Қазақ халқы табиғатынан қарапайым, кешірімді, сӛз құдіретін білетін, сӛз құдіретіне үлкен мән 
беретін, түсі жылы, табиғатынан қайрымды да ақылды, жайдары халық. Халқымыздың мінез-құлқындағы 
бұл ерекшеліктері оның іс-әрекетінен, табиғи қарапайымдылығынан да кӛрініп тұрады. Бойында 
пайымдылық, кешірімділік, ата-баба дәстүрін құрметтеушілік қасиетін ұрпақ бойына сіңіре отырып, 


16 
оларды жалқаулық пен тоғышарлықтан арылтып тәрбиелегенімізде ғана алдымызға қойған мақсаттарға 
жетеріміз анық. Нарықтық экономика талаптарына сай, бәсекелестікке қабілетті, ұлттық құндылықтарды 
бойына сіңірген, білімді, жан-жақты дамыған, ақылды, ата-баба дәстүрін қастерлейтін ұрпақ қана кез-
келген қиыншылыққа тӛтеп бере алатыны да белгілі.
Адамзат ӛмірінің барлық кезеңдерінде тарихи мұраға, ӛткен ӛмірге кӛзқарас үнемі бірқалыпты 
болмағанын білеміз. Тарихи оқиғалардың қоғам дамуымен бірге ӛзгеріп отыратындығы да анық. 
Адамзаттың ӛркениетінде, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мәдени-рухани мұраларын зерттеу 
барысында жетістіктер мен кемшіліктер де баршылық. Оларды саралай отырып, рухани ӛміріміздің 
дамуына мұрындық болатын ӛзекті мәселелерді, ізгі ойларды, ұлы адамдардың есімдерімен байланысты 
іс-әрекеттерді зерттеп, сӛйтіп ғасырлар тереңіне бойлау, мақтануға тұрарлық. Тарихымыздағы игі істерді 
кейінгі ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану, ӛркениетті дамыған қоғам болу, оған лайықты ұрпақ 
қалыптастыру мәселесі уақыт күттірмейді. Ғылым мен экономиканың дамыған, жаңарған, оның әлеуетін 
артыру қажеттілі туындаған уақытында ӛмір сүріп отырмыз. 
Ел басы ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін 
арттыратындығын, бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер 
мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жӛніндегі заңнаманы 
жетілдіру қажеттілігін әр кез айтып жүр. Ғылымды қаржыландыру кӛлемін біртіндеп арттырып, оны 
дамыған елдердің кӛрсеткіштеріне жеткізу жӛнінде нақты жоспар қажеттілігін ғалымдардың алдына 
негізгі міндет етіп те қойды. Ӛндіріс пен ғылымды қатар алып, ғылыми жаңалықтар ӛндірісте тиімді 
пайдаланылғанда ғана индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық ӛсім ала 
алатынымызды кӛрсетті. Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін 
арттырудың маңыздылығын, олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы 
кезеңдерінде қолдау кӛрсету қажеттілігіне тоқталды, арнайы мамандарға тапсырмалар беріп, міндеттер 
жүктеді
Бесінші құндылық, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
Президент болашақта «жеңілдің астымен ауырдың үстімен» жүріп кӛзге түсетіндерді сынай отырып, 
қазіргі заманда «Жеңілдің асты, ауырдың үстімен» жүретін жылпостарды емес, ӛзін-ӛзі тәрбиелей білетін, 
қалың кӛпшілікке нақты атқарған игі істерімен кӛзге түскен, ӛзін ылғи дамытып ӛсіріп, 
айналасындағыларды да адал еңбек етуге ықпал ете алатын адал азаматтардың ғана сый құрметке бӛленіп, 
абырой атаққа лайықты болатындығын айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет