Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет134/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   164
 
Б33 
581.1 
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АЛАБОТА 
ТҦҚЫМДАС – ӚСІМДІКТЕРІНІҢ ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
 
Бегалиева С., Желеубай Қ. 
Тараз мемелекеттік педагогикалық институты, 
№44 Ш.Смаханҧлы атындағы орта мектеп, Тараз қ. 
 
Ӛсімдіктер бойында адамдар мен жануарлар организміне әсер ететін заттар ӛзінің құрамы мен 
мӛлшері жағынан әртүрлі болып келеді. Және түрлі қасиеттері бар күрделі қосылыстар. Олар бір 
ӛсімдіктің барлық немесе жеке мүшелерінде кездеседі. Адам мен жануарлар организіміне әсер ететін 
заттар химиялық қосылыстардың түрлі кластарына жатады. Саондықтан да әрқасысына жеке-жеке 
сипаттама беріп, қарастырған жӛн. 
Алкалоидтар-күрделі органикалық, құрамында азотты қосылыстар бар заттар. Олардың сілтілік 
қасиеті болды. Сол сілтілік қасиетіне байланысты (арабша «алкали»-сілті деген сӛз аталған. 
Алкалоидтар негізінен гүлді ӛсімдіктерде болады. Ал саңырауқұлақтарда, балдырларда, мүктерде 
алкалоидтар ӛте сирек кездеседі. Әсіресе гүлді ӛсімдіктердің кейбір тұқымдастары алкалоитарға бай.


192 
Мысалы, сарғалдақтар тұқымдасына жататын шӛптесін ӛсімдік түрлерінде ӛте күшті улы 
алкалоидтар бар. Алкалоид мӛлшері әр ӛсімдікте әртүрлі. Кепкен салмағы мен есептегенде 2-3%
мӛлшерінде болады. Және ол жыл мезгіліне, ӛсімдіктің ӛскен ортасына тығыз байланысты. Тіпті жылдың 
климаттық ауытқуына, сондай-ақ ӛсімдіктің даму мезгіліне байланысты алкалоид мӛлшері ӛзгеріп 
отырады.
Алкалоидтардың кӛпшілігі суда ерімейді. Бірақ, түрліше қышқылдармен қосылып жақсы еритін 
тұздар түзеді. Кӛпшілігінің дәмі ӛте ащы, адам организіміне ӛте қатты әсер етеді.Тіпті уландыру мүмкін. 
Кейбір аз мӛлшердегі удың кӛпшілігі адам организіміне ем болып табылады. Әсіресе, асқазан мен нерв 
жүйесіне әсер ететін емдік қасиеттері бар.
Дәрі-дәрмек ретінде алкалоидтардың тұздары, түрлі ерітінді препарат және алкалоидты шикізаттан 
алынған ұнтақ түрлерін пайдаланады.
Витаминдер-химиялық табиғаты әртүрлі органикалық заттар. Әртүрлі ӛмір процестерінде аз 
мӛлшерде болса да адам организіміне қажетті заттардың бірі. Олар әсіресе, барлық ферментті 
системалардың құрамына кіреді және зат алмасу процестерінің катализаторы болып есептелінеді. 
Организімде бір немесе бірнеше витамин жетіспейтін ауруларды авитаминоз деп атайды. Олар 
ғарахит, құрқұлақ т.б. жатады. Кӛпшілік ӛсімдіктердің бойында витаминдер кӛп болғандықтан 
профилактикалық, тіпті дәрілік ӛсімдіктер болып есептеледі.
Гликозидтар-күрделі органикалық қосылыстар. Шығу тегі жағынан тек ӛсімдіктерге тән, углеводты 
және углевыодсыз бӛлімдерден тұрады. Түрлі ферменттерді, сілтілерді, қышқылдарды қайнатудың 
нәтижесінде түрлі қанаттарға – глюкозаға, фруктозаға, ал, қантсыз бӛлімі-агли-конға дейін ыдырайды. 
Агликондар құрамына байланысты адам организіміне ем ретінде қолданылады.
Ал, гликозиттерді түрлі ауруларға қарсы-жүрек ауруларына, іш босатуға, тәбет ашқыш ретінде 
қолдануға болады.
Инсектицидтер-негізінен ӛсімдіктердегі зиянды жәндіктерге: бүрлерге, тарақандарға, қандалаларға 
қарсы қолданылады.
Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-жасыл әлем. Ӛсімдік ӛлкемізді 
түрлендіріп тұрған кілем тәрізді. Халқымыз ӛсімдікті ӛмір ӛзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта 
аямаған.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі ӛсімдіктер ӛседі. Осынау әрқилы географиялық 
аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі ӛсімдіктерді адам баласы ерте кезден ӛз 
қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып 
жүрген шипалық ӛсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Шипалық ӛсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ 
(460-377) белгілі еңбек жазды. Ол ӛсімдік қай болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатында 
кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол ӛз дәірінде қолданылған екі жүзден астам 
ӛсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған ӛсімдіктерде неліктен шипалық 
қасиет болатыны айтып бере алған жоқ. Ол мәселеге арада алты ғасыр ӛткен соң барып, біздің дәуіріміздің 
екінші жартысында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол ӛсімдіктерде шипалық 
қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. 
Қазақстандағы алабота тұқымдас бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе кӛп жылдық сортаң 
топыраққа тӛзімді ӛсімдіктер. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл), бұта (изен, тисигек) 
шӛптесін болып кездеседі.Қазақстанда 47 туысы 218 түрі бар. Бұлардың кӛпшілігінің сабақтарының кӛбісі 
бунақты болып келеді. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз ұсақ 
түссіз гүл жарнақты. Тұқымында сақиналы немесе оралмалы ұрығы болады.
Алабота бұл кәдімгі арам шӛп. Жол жиегінде, егістіктерге, мал қораларының арасында кӛп 
кездеседі. Тік сабақты, жапырақтарының пішіні әр түрлі. Жапырақ бетінде ақшыл дақ болады. Алабота – 
бір үйлі дара жынысты, гүлді ӛсімдік. Кӛріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтасып масақ тәрізді гүл 
шоғын құрайды. Гүл серігі бес тармақты, жеміс қабы үлпекті. Аталығы -5, аналығы-1, тұқымы тығыз 
қабықты, бозғылт, қара түсті жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымы ерте қара түсті жылтыр кеш піседі. 
Оны халық медицинасында бояу дайындауға пайдаланады. Алаботаның арам шӛп ретіндегі зиянынан гӛрі 
адам ӛміріндегі емдік, азықтық қасиетін анықтадық. Құрамында кальции 18% , жай белок 12% целлюза 
17,8%, күл 21% т.б. заттар 15%.
Алабота туысы- Chenopodium L. Бір жылдық шӛп сабақтас ӛсімдіктер. Сырты бозғылт түсті. 
Жапырақтары кезектесіп орналасады. Алаботаның Қазақстанда 20 түрі бар.
Хош иісті алабота. Сарғыш жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15-60 сантиметрдей. Сабағына кезектесіп 
орналасқан жапырақтары сағақты, ұзынша. Ӛсімдік құмды, тастақты жерлерде, ӛзен жағалауларында 
ӛседі. 
Бойында жер үсті бӛлігінде 0,03-0,04% эфир майы, 5 % альдегит пен кетон және 1% фенол болады. 
Кептірілмеген ӛсімдіктің инсектицидтік қасиеттері бар. Оны затқа күйе түскенде қолданылады. Ал 


193 
халықтық медицинада оның тұнбасы мен ерітіндісін, демікпені, тыныс жолының қабыныуын, бас ауруын 
емдеу үшін пайдаланады. 
Жапырақты алабота. Сабағының ұзындығы 5-30 см. Жоғары бұтақтары иіліп ӛсетін ӛсімдік. Тӛменгі 
бұтақтарының бойы түкті, қысқа сағақты, жапырақтары кезектесіп орналасады. Ұзындығы 0,5-4,5см, 
кӛлденеңі 0,3-105 см. Ұзынша жұмыртқа тәрізді, доғал ӛсімдік. Шілде, қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс 
береді. Қазақстанда ӛзен мен кӛл жағаларында, сортаңды жерлерде, бау-бақшаларда арамшӛп ретінде 
ӛседі. Жер үсті бӛлігінде сапонин болады. Ӛсімдікті түйе жақсы жейді. Лариннің дерегіне қарағанда мал 
азықтық ӛсімдіктердің бірі. 
Ақ алабота. Сабағының биіктігі 10-300 см, тік ӛсетін бұтақты ӛсімдік. Жапырақтары кезектесіп 
орналасады. Шілде, қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Ол Қазақстанның барлық флористикалық 
аудандарында ӛсетін арамшӛп қатарына жатады. Таудың жоғары беткейіне дейін ӛсе алады. Ақ алабота 
жем-шӛп үшін ӛте құнарлы. Тұқымы мен жас сабақтарының құрамынан улы алклойыттар табылған. Эфир 
майы мен таро холестеринде бар(Павлов,1947). Сондықтан да ақ алаботаны жеген малдың асқазаны 
зақымданып, нерв жүйесі қозады. Алаботаның тұқымы қосылып пісірілген нанды адам жесе тез арықтап, 
бойындағы азот күрт азаяды. Оның тұқымында крахмал тым кӛп болғандықтан шарап дайындауда 
пайдаланылады. Ақ алаботаны бойындағы хенопиди майы медицинада адам мен мал ішіндегі болатын 
құрттарды түсіретін дәрі. Ӛсімдікті тек түйе жейді.
Е 
гер ол шабындықта кӛп кездессе сүрлемге 
пайдалануға болады. Ақ алаботаның күлі сабын қайнатуға пайдаланылады. Жер үсті бӛлігінен қызыл бояу 
алады. Сасық алабота. Жағымсыз иісті, түсі бозғылт жасыл, сабағының биіктігі 10-60 см, ұзындығы 2-4 
см, кӛлденеңі 1-4 см, жапырақтары кезектесіп орналасқан ӛсімдік. Шілде, қыркүйек айларында гүлдеп, 
тұқым береді. Қазақстанда тастақты жерлерде ӛседі. Халықтық медицинада оны тұмауға, сырқырамаға 
қарсы пайдаланады(Уткин, 1931). Кейбір деректерге қарағанда ол тас шүйгін ӛсімдігінің орнын баса 
алады. Ӛсімдік құрамында сілті кӛп, фосфаттар мен алюминий тұздары да кездеседі. Шӛбінен сары түсті 
бояу алады. 
Жасыл алабота. Сабағының биіктігі 1 метрге жететін бұтақты, жас бұтақтарының сырты бозғылт 
түсті ӛсімдік. Жас ӛскіннің жапырақтары мен сабақтарын тағамға қосады. Тұқымын бидайға қосып ұн 
дайындайды. 
Боз изен туысы. Бір жылдық ӛсімдіктер. Гүлдері қос жынысты. Аталығы бесеу, аналығы екі-үш. 
Тұқымы сопақ. Қазақстанда боз изеннің 4 түрі ӛседі. 
Балқаңбақ туысы. Бір жылдық, бұтағын түк басқан, жапырағы кезек орналасқан ӛсімдік. Гүлшоғыры 
шашақты. Қазақстанда балқаңбақтың 11түрі ӛседі.
Қызылсораң туысы. Бір жылдық, етженді, шӛп сабақтас ӛсімдік. Сабақтары бір-біріне қарама-қарсы 
орналасады. Жапырақтары жетілмеген. Қазақстанда рның бір-ақ түрі кездеседі. Ол бұзаубас сораң немесе 
қызылсораң. Биіктігі 5-30 см, ашық жасыл түсті, сабақтары қарама қарсы орналасқан ӛсімдік. Майда 
жапырақтары буынына бекінген. Қазақстанның ьарлық флористикалық аудандарында ылғалды, сортаңды 
жерде, теңіз және ащы сулы кӛл жағаларында кездеседі. Ӛсімдіктің шырынында қымыздық қышқылы, 
сахароза ферменті, илі заттар, холин, флобандер, шайыр мен май қышқылдары мол. Химиялық құрамын 
зерттегенде қызыл сораңның бойында 90% су, 36% күл, 9% протеин, 20,5 %клетчатка, ал 31,8% азотсыз 
қалдық заттары болатындығы анықталған (Ларин, т.б.,1950). Халықтық медицинада кепкен шӛбінің 
ерітіндісін қырқұлақ ауруына қарсы және терлеткіш дәрі ретінде пайдаланған. Кепкен шӛбінің ұнтіғы 
түрлі зиянкес жәндіктерді жоюға таптырмайтын дәрі (Павлов, 1947). 
Ақсора туысы. Бір жылдық, кейбіреулері бұта немесе жартылай бұта құрайды. Ӛсімдік етженді, 
кептіргенде тез қараяды. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Қазақстанда ақсораның 17 түрі ӛседі. 
Жатаған ақсора. Биіктігі 10-75см, бір жылдық ӛсімдік. Сабағы жалаңаш. Жапырақтары жіңішке. 
Шілде, қыркүйек айларында гүлдейді. Негізінен дымқыл, сортаң женде ӛседі. Ӛсімдіктің бойында күл ӛте 
кӛп 27-30%. Қазақтар ерте заманнан-ақ оның күлін сабын қайнатуға қосқан. Тұқымының құрамында 16%-
ке дейін май болады. Ол қарабидайдың орнын баса алады. Кейбір деректерге қарағанда ӛсімдік 
құрамындағы сілті қыс айында азаяды да, оны түйе құмарта жейді. 
Әдеби шолу жасау үшін Тараз қаласындағы кітапханалар,Internet-жүйесін пайдаланып, түрлі 
басылымдардағы тақырыпқақатысты ғылыми материалдарды жинақтап талдадық.. 
Екінші тапсырманы орндау мақсатында Жамбыл облысындағы бірнеше ауылды аймақтарда ӛсетін 
алабота тұқымдасының вегатациясына бақылау жүргіздік. 20 түп алабота ӛсімдігін белгілеп, зерттеу 
жүргіздік. Бақылауды сәуір-қазан айларында жүргіздік. Әр айдың 10-15 жұлдыздары аралығында зерттеу 
жүргізетін аймаққа барып, белгіленген түптердің вегатациялық кӛрсеткіштеріне яғни бұта саны, әр түптің 
орташа биіктігі, диаметрі, гүлі, тұқымдар санына бақылау жүргізіп отырдық. 
Тӛртінші тапсырманы орындау үшін бірнеше эксперимент жүргіздік. 
Эксперимент барысында алабота ӛсімдігін түрлі химиалық сұйықтықтардың алкалойдтарды 
экстракциялау қабілетін анықтадық. Осы мақсатта 5г ұнтақталған алаботаға 20мл су, 90% этил спирті мен 


194 
9% сірке суы қышқылын құйып, 2 тәулік бақылыдық. Экстракциялау қабілеттігін визуалды түрде 
сұйықтық түсінің қанығуына байланысты анықтадық (белгісі-экстракция жоқ;-әлсіз,+++-күшті). 
Эксперименттің келесі сатысында сірке суының экстракция жасайтын қолайлы концентрациясын 
таптық. Біз 20мл 9% –ік,3% –ік және 1% -ік сірке қышқылын алып, 5г алабота ұнтағына құйдық. Оны 
2тәулік бақылап, сірке суының экстракция жасайтын қолайлы концентрациясын визуалды түрде түсінің 
қанығуына байланысты анықтадық. 
Келесі сатысында ас тұзы қосылған тұнбаны 50, 250, 400С температурада 2сағат қойып, кӛп 
мӛлшерде жасайтын режимді және сүзіп алатын материалдарды анықтадық. Осы мақсатта шыт, сәтен, 
дәке, сүзгіш қағазды қолданып, сүзетін қабілеттілігі жоғары материалдарды таңдадық. Жүргізілген 
эксперименттер нәтижесінде негізделіп, алаботаның алколаидтарын экстракциялау технологиясын 
жасадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет