Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет151/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   164
 
инвазия 
аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушы ретінде үлкен роль атқаруында. Сонымен бірге кейбір кенелер 
ұзақ уақыт ӛз денесінде жұқпалы аурулар қоздырғыштарын сақтайды – резервенттер ретінде. Иксодалар 
қансорғыш паразиттер.
Тіршілік циклі тек қана мекендейтін орындарында (биотопта) қолайлы жағдайда ӛтеді. Әр кене 
түрлерінің ареал жағдайы орта температурасына, микроклимат ылғалдылығына, ӛсімдіктер құрамына 
және кенелердің барлық фазалары дамитын әр түрлі жануарлар болуына байланысты. Орта жағдайы
адамның шаруашылық қызмет әсерінен ӛзгеріп тұрады, сондықтан иксода кенелері ареал кӛлемі азаяды. 
Ауыл шаруашылығын интенсификациялауда малдардың табиғи жайылымдар кӛлемі қысқарған, сол 
себептен кенелердің мекендейтін орындарын едәуір жойылуына әкеп соғады. 
Иксода кенелері кӛбеюінің ӛзгеруі олардың даму фазасына, қанға тою дәрежесіне байланысты 
болады. Қанды онша сормаған иксода кенелер пішіні жалпақтау болады, ал қанға ӛте тойған кенелер 
пішіні сопақша – дӛңгелектеніп, алдынғыға қарағанда едәуір үлкейіп кетеді. Иксода кенелері денесі 
тұлғадан тұмсығы және аяқтарынан тұрады. Иксода кенелерінің кейбір түрлерінде, арқа қалқанының 
алдыңғы бӛлігінде орналасын кӛздері болады. Тұлғасының тӛменгі жағында жыныс және анальдық 
тесіктері орналасады. Тұмсығы арқылы теріні жарақаттандырып, тұмсығындағы қылтан арқылы 
жануарлар денесіне жабысады. Аналық кенелердің еркектерінен айырмашылығы, олардың арқасындағы 


208 
қалқаны онша үлкен болмайды, сондықтан қан сорған сайын денесі үлкейе түседі. Еркектерінде қалқаны 
арқа жағының барлығын жауып тұрады, содан қанды аз сорады және денесі ұлғаймайды.
Boophilus туысы
(бұқа сүйгіш). Біздің аймақта бірақ түрі В.саlcaratus, кездеседі. P.bigeminum, 
Fr.Colhicа-ларды тасымалдайды. Бұл кене Кавказда, Заакавказда, Қазақстанның оңтүстігінде, Орта Азия 
мемлекеттеріде мекендейді. Шӛбі ӛсімді, бұталы жерлер кене биотопы саналады. Айдалған жерлерде, 
орманда, теңіз деңгейінен 900-1200м биік тау бӛліктерінде бұл кене кездеспейді. Қыс кезінде кененің 
личинкалары қырылып қалады. Кӛктемде солтүстік ареалдарында, наурыз-сәуірде личинкалары шабуыл 
жасайды, ал оңтүстік аудандарда шабуылы ертерек басталады, кӛбінесе ірі қарада паразиттейді.
Қоршаған ортаның температурасына байланысты, мал денесінде 25-40 күндей болады. Ұрғашылары 
қанға тойған соң, жерде жұмыртқалайды. Жұмыртқаларынан личинкалары шығады. Тыным кезеңі ӛткен 
соң личинкалар шабуыл жасап генерациясын аяқтайды. Личинкалар биотопта қорексіз 5-7 айға дейін ӛмір 
сүре алады. 
Кӛктемде бірінші генерациясы біткен соң маусым айынан екінші генерациясы басталады. 
Қыркүйекте кенелер үшінші рет шабуылдайды. Личинкалардың бір бӛлігі жерде қалып қыстайды. 
Оңтүстік ареалда В.саlcaratus-тың тӛртінші шабуыл кезеңі болуы мүмкін. Бұл кенені жұмыртқа салатын 
және личинкалары шығатын биотоп жерін жыртып құртады, ал жануарлар үстіндегі кенелерді, 
акарицидтермен домдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет