Тарих- педагогика



бет5/6
Дата27.02.2020
өлшемі152,43 Kb.
#58970
1   2   3   4   5   6

Е. «Батыр Баян»

Абайдың Байкөкше ақынға жаздыртқан дастанын тап:

А. «Кеңгірбай би»

В. «Қараменде би»

С. «Тобышақ торы»

D.«Тоқтамыс батыр»

Е. «Әнет баба»



Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А.10жасында

В.7жасында
С. 8жасында
D. 9жасында
Е. 11жасында.

Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А.Араб, парсы, түркі
В. Араб, парсы, иран
С. Араб, парсы, түркімен
D. Араб, парсы, өзбек
Е. Араб, парсы, орыс
1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А. «Жаз», «Қыс»
В.«Өлең - сөздің патшасы», «Күз»
С. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»
D.«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»
Е. «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А. «Интернатта оқып жүр»
В. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
С. «Ғылым таппай мақтанба»
D. «Жазғытұры»
Е. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
В. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
С. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
D.«Болыс болдым, мінеки»
Е. «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»
Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып
А. «Жазғытұры»

В.«Күз»
С. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»
D. «Көлеңке басын ұзартып»

Е. Жаз
Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А.шалыс ұйқас

В. қара өлең ұйқасы
С. аралас ұйқас
D. шұбыртпалы ұйқас
Е. кезекті ұйқас
Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А. «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»

В.«Көлеңке басын ұзартып», «Күз»
С. «Сегіз аяқ», «Жаз»
D.«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»
Е. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып»
14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
А. «Сегіз аяқ»

В. «Адамның кейбір кездері»
С. «Өзгеге көңілім тоярсың»
D. «Желсіз түнде жарық ай»
Е. «Пайда ойлама, ар ойла».
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
А.«Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»

В.«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
С.«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
D. «Малға достың мұңы жоқ»
Е.«Қалың елім, қазағым»
Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
А. «Әзім әңгімесі»

В. «Ескендір»
С. «Масғұт»
D. «Еңлік - Кебек»
Е. «Ләйлі - Мәжнүн»
Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А.Он сегізінші сөзінде

В. Алтыншы сөзінде
С. Отыз үшінші сөзінде
D. Жиырма бесінші сөзінде
Е. Он тоғызыншы сөзінде
«Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
А. М. Әуезов
В. Ш. Құдайбердіұлы
С. С. Сейфуллин
D. А. Байтұрсынов
Е. З. Ахметов
Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады»
А. Жетінші
В. Он сегізінші
С. Он тоғызыншы
D. Отыз бірінші
Е. Отыз сегізінші
Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А. Аллитерация
В.Ассонанс
С. Шендестіру
D. Қайталау
Е. Кейіптеу
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А.Кейіптеу
В. Аллитерация
С.Теңеу
D. Ассонанс
Е. Риторикалық сұрау
Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А.«Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»
В. «Сегіз аяқ»
С. «Көзімнің қарасы»
D. «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»
Е.«Қор болды жаным»
«Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А.Әбдірахманға
В. Ақылбайға
С. Оспанға
D. Мағауияға
Е. Мекайлға
Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
А. «Интернатта оқып жүр»
В. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
С.«Ғылым таппай мақтанба»
D. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Е. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А.«Жалау»

В.«Шегіртке мен құмырсқа»
С.«Піл мен қанден»
D. «Евгений Онегин»
Е. «Бақа мен өгіз»
Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз
А. «Болыс болдым, мінеки»
В. «Түбінде баянды еңбек егін салған»
С. «Ғылым таппай мақтанба»
D. «Көлеңке басын ұзартып»
Е. «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А. 20 шақты
В. 25 шақты
С. 30 шақты
Д. 35 шақты
Е. 40 шақты
Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
А. 1889
В. 1883
С. 1885
D. 1886
Е. 1880
Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А.«Сегіз аяқ»

В. «Бойы бұлғаң»
С.«Қор болды жаным»
D. «Құлақтан кіріп бойды алар»
Е.«Жазғытұры»

Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
А. 1885ж.
В.1886ж.
С. 1887ж.
D. 1888ж.
Е. 1889ж
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А. 116 тілге
В. 105тілге
С. 110 тілге
D. 106 тілге
Е. 120 тілге
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?
А.Мұхтар

В. Шәкәрім
С.Ахмет
D.Шыңғыс

Е. Көкбай

Абай қай жылдары болыс болды?
А. 1876 - 1878
В. 1874 - 1876
С. 1877 - 1879
D.1878 - 1880
Е. 1879 - 1881
Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А. 1885 ж.
В. 1881 ж.
С. 1889 ж.
D. 1887 ж.
Е. 1888 ж
Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
А.Көкпай
В. Байкөкше
С. Барлас
D. Шөже
Е. Балта
Қай өлеңнен? 
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
А.«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

В.«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
С.«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
D.«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
Е. «Малға достың мұңы жоқ»
Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А.29

В.18

С.15

D.32

С.7

Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А. 1895ж.
В. 1893ж.
С. 1891ж.
D. 1897ж.
Е.1898ж.

Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А.Метафора

В. Метонимия
С. Эпитет
D. Теңеу
Е. Ассонанс
Абайдың неше күйі бар?

А.3


В.4

С.5


D.6

Е.1
Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.


А.«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
В. «Атың шықпаса, жер өрте»

С. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
Д. «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»
Е. «Қалауын тапса, қар жанар»
Абайдың «Біреуден біреу артылса» деген өлеңі қай ақын-шәкіртіне арналған

А.Әсет


В.Әріп

С.Көкбай


D.Мағауия

Е.Шәкәрім

Абайдай арт жағына сөз қалдырып,

Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген!- деп жырлаған ақын

А.Әсет

В.Шәкәрім



С.Қасым

D.Әріп


Е.Көкбай

Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан

Жалыналық Абайға, жүр баралық – деп жырлаған ақын

А.Шәкәрім

В.Әріп

С.Тұрағұл



D.Ақылбай

Е.Көкбай


Сән салтанат жұбантпас жас жүректі,

Кім де болса тұрғысын көксемек ті.

Мезгілі өткен дәуренді қуалаған,

Не қылсын бір қартайған өу сүйекті. Қай өлеңнен?

А. Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында

В.Біреудің кісісі өлсе қаралы ол

С.Өлсем орным қара жер сыз болмай ма

D.Әсемпаз болмаға әрнеге

Е.Интерантта оқып жүр

Жылуы жоқ бойының,

Жылмиғаны неткені?

Құбылуы ойының

Кетпей құйтың еткені. Кімге арналған

А.Дүтбайға

В.Көкбайға

С.Күлембайға

D.Әсетке

Е.Күмісбайға

«Абайдың филолсофиялық көзқарасы» еңбегінің авторы

М.Орынбеков

В.М.Қозыбаев

С.Ә.Марғұлан

D.М.Әуезов

Е.М. Мырзахметов

«Абайдың адамгершілік мұраттары» еңбегінің авторы және қай жылы

жарыққа шықты

А.1994. М. Мырзахметов

В.2000. Ғ.Есім

С. 1989. З.Ахметов

D.1939. М.Әуезов

Е.1952. Е. Ысмайылов

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншыл боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған, - деген пікірдің авторы

А. Байтұрсынов

В.Әуезов


С.Айтматов

D.Сыздықова

Е. Мырзахметов

Абайды таныту- қазақ халқын таныту. Абайды таныту- қазақтың даналығын, қазақтың сөз өнерін таныту.Абайды таныту- қазақтың ғажайып бай тілін таныту. Абайды таныту- Адам деген қандай, болады, соны таныту. Абайды таныту- сұлулықты, махаббаты, ізгілікті, адамдықты, Адамды, Алланы сүюді таныту, - деген пікірді айтқан

А.Қ.Бітібаева

В.З.Ахметов

С.Қ.Өмірәлиев

D.З.Қабдолов

Е.Р.Нұрғали

Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествасын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Оның жылдың төрт мезгіліне арналған (көктем, жаз, күз, қыс) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қосады,- деп айтқан

А.Ә.Бөкейханов

В.М.Әуезов

С.М.Жұмабаев

D.М.Дулатов

Е.Ж.Аймауытов
4- модуль

ХҮІ ғасырда Франциядағы «Жұлдыз» ақындық мектебін кім басқарған?

A. Жан Бора

B. Эмиль Бора

C. Жан Пано

D. Емиль Пано

E. Парнас

Абай екі ғашықтың оңашада кездескен шағын суреттеген өлеңі

A. Қызарып, сұрланып

B. Көзімнің қарасы

C. Желсіз түнде жарық ай

D. Өлең - сөздің падшасы, сөз сарасы

E. Сап, сап көңілім, сап көңілім

Әйелді малға сату әдетін сынау үшін қыздың трагедиялық өлімі туралы айтылған өлеңі.

A. Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында

B. Ескендір

C. Көзімнің қарасы

D. Айттым сәлем, Қаламқас

E. Келдік талай жерге енді

«Абайдың ақын шәкірттері» кітабының авторы

A. Қ.Мұхамедханов

B. А.Құнанбаев

C. А.Байтұрсынов

D. Ә.Бөкейханов

E. Ж.Аймауытов

Абай дәстүрін жалғастырушы

A. С.Торайғыров

B. А.Пушкин

C. В.Радлов

D. К.Байсейітова

E. Парнас

«Дағыстан», «Зұлыс» поэмаларының авторы

A. Ақылбай Абайұлы

B. Әбдірахман Абайұлы

C. Мағауия Абайұлы

D. Көкбай Жанатайұлы

E. Турағұл Абайұлы

«Дағыстан» поэмасында Жүсіп батыр қызғаныштан кімді өлтіреді?

A. Ибраһим

B. Бай


C. Сырым

D. Исраил

E. Ақылбай

Абайдың ақын шәкірт, ұлдарын көрсетіңіз

A. Ақылбай, Мағауия, Турағұл

B. Шәкәрім, Ақылбай

C. Көкбай, Шәкәрім

D. Көкбай, Әсет, Әріп

E. Ақылбай Турағұл, Шәкәрім

Әріп Тәңірбергенұлы кім?

A. Абайдың шәкірті

B. Абайдың ұлы

C. Абайдың ағасы

D. Абайдың әкесі

E. Абайдың атасы

Әсет Найманбайұлы кім?

A. Абайдың шәкірті

B. Абайдың ұлы

C. Абайдың ағасы

D. Абайдың әкесі

E. Абайдың атасы

Көкбай Жанатайұлы кім?

A. Абайдың шәкірті, досы

B. Абайдың ұлы

C. Абайдың ағасы

D. Абайдың әкесі

E. Абайдың атасы

Абай дәстүрін жалғастырушы ақын

A. М.Жұмабаев

B. А.Пушкин

C. В.Радлов

D. К.Байсейітова

E. Парнас

Абай дәстүрін жалғастырушы

A. А.Байтұрсынов

B. А.Пушкин

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Ш.Уәлиханов

Абай дәстүрін жалғастырушы

A. М.Дулатов

B. А.Пушкин

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Ш.Уәлиханов

Абай дәстүрін жалғастырушы

A. С.Сейфуллин

B. А.Пушкин

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Ш.Уәлиханов

Абай дәстүрін жалғастырушы

A. І.Жансүгіров

B. В.Радлов

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Ш.Уәлиханов

Абай дәстүрін жалғастырушы

A. Б.Майлин

B. Л.Толстой

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Әл-Фараби

Абайдың шәкіртін көрсет

A. У.Шондыбайұлы

B. Л.Толстой

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Әл-Фараби

Абайдың шәкіртін көрсет

A. К.Ысқақұлы

B. Л.Толстой

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Әл-Фараби

Абайдың шәкірті, немере інісі

A. Ш.Құдайбердіұлы

B. В.Радлов

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Ш.Уәлиханов

Ресейдегі әдеби ұйым

A. Арзамас

B. Парнас

C. Жұлдыз

D. Сезім


E. Әліппе

«Екеу» деген лақап атпен мақала жазған кімдер?

A. М.Әуезов, Ж.Аймауытов

B. М.Әуезов, Ш.Құдайбердіұлы

C. М.Әуезов, М.Жұмабаев

D. М.Әуезов, М.Мақатаев

E. М.Әуезов, М.Дулатов

«Поэты Абаевской поры» диссертациясының авторы кім?

A. Қ.Мұхамедханов

B. М.Дулатов

C. М.Жұмабаев

D. А.Байтұрсынов

E. Ш.Уәлиханов

«Парнас» ақындар ұйымы қай елдің әдебиетінде болды?

A. Франция

B. Англия

C. Ресей

D. Қытай


E. Жапон

Джакамо де Лентино басқарған әдеби мектеп

A. Сицилия мектебі

B. Парнас

C. Арзамас

D. Ақын


E. Поэты

«Дағыстан» поэмасының авторы

A. А.Абайұлы

B. В.Радлов

C. Ш.Қалдаяқов

D. К.Байсейітова

E. Ш.Уәлиханов

«Дағыстан» поэмасындағы қарттың есімі?

A. Жүсіп

B. Еркін


C. Қалтай

D. Ибраһим

E. Абай

«Дағыстан» поэмасында Ибраһимнің мергендігі қайда байқалады?



A. аңшылықта

B. жарыста

C. тойда

D. барымтада

E. мерген емес

«Дағыстан» поэмасында Ибраһимді кім өлтіреді?

A. Жүсіп

B. Турағұл

C. Мағауия

D. Ерлік


E. Сырым

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық. Қай қара сөзінен

А.18

В.24


С.32

D.45


Е.17

...ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен, яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Нешінші қарасөз

А.38

В.7


С.2

D.15


Е.29

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі-надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.

Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады

А.отыз сегізінші қарасөз

В.он екінші қарасөз

С.сегізінші қарасөз

D.бесінші қарасөз

Е.екінші қарасөз



«Крылов пен қазақ әдебиеті» мақаласының авторы

А.Қ.Мұхамедханов

В.М.Әуезов

С. С. Мұқанов

D.Б.Ысқақов

Е.З. Ахметов

«Дағыстан» поэмасында Жүсіп Ибраһимді қалай өлтіреді?

A. қанжармен

B. садақпен

C. суға батырып өлтіреді

D. өртеп жібереді

E. атпен басып өтеді

«Дағыстан» поэмасында Зәһира деген кім?

A. Жүсіптің қызы

B. Жүсіптің әйелі

C. Ибраһимнің қызы

D. ондай кейіпкер жоқ

E. Қарт әжей

«Дағыстан» поэмасында Жүсіптің неше ұлы болады?

A. 5

B. 6

C. 2

D. 1

E. 8

«Дағыстан» поэмасындағы Жүсіптің кенже ұлының есімі кім?

A. Рақым

B. Сырым

C. Жақып

D. Есіл

E. Аман

«Дағыстан» поэмасында Заһира сұлуға ғашық болған жарлы

A. Жәбірәһил

B. Қодар

C. Жақып

D. Есіл

E. Аман

«Жаманға айтқан ақылың,

Соғып өткен желмен тең» жолдарының авторы.

A. Құнанбай

B. Абай

C. Турағұл

D. Мағауия

E. Әріп

Құнанбайдың әкесінің аты

A. Өскенбай

B. Абай

C. Турағұл

D. Мағауия

E. Әріп

«Ширвани» мектебі қай елдің әдебиетіндегі мектеп?

A. Әзербайжан

B. Қытай

C. Орыс

D. Түрік

E. Франция

ХІІІ ғ. Италиядағы алғашқы ақындық мектептің бірі «Сицилия мектебін» кім басқарған?

A. Джакамо де Лентино

B. Марио

C. Джакамо де Ланто

D. Марио де Лентино

E. дұрыс жауабы жоқ

ХҮІ ғ. Франция әдебиетіне үлкен бетбұрыс әкелген Жан Дораның мектебі

A. Жұлдыз

B. Ай

C. Әдеп

D. Юпитер

E. Сатурн

Франциядағы ақындар ұйымы

A. Парнас

B. Жұлдыз

C. Пернес

D. Ұйым

E. Әдебиет

Қ.Мұхамедханов алғаш диссертациясын қай жылы қорғады?

A. 1951 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет