32
ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан.
Құмды және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.
Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Әл Джахиз "көшпелі түріктер аң
аулағанда, әсіресе қарақұйрықтар мен құландарды қуған кезінде ғажап төзімді," - деп
көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға құс салған, қоянды, түлкіні,
тіпті қасқырды да итпен ұстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында тұратындар балық
аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың
негізгі түрі - мал шарушылығына көмекші ғана болған.
Достарыңызбен бөлісу: