Гендерлік тарих деген не?
Жаңа мәдени тарихтың мәселесі қазіргі тарихи білімнің әртүрлі салаларында байқалды. Мысалы, гендерлік тарихтың қалыптасуы жоғарыда қарастырылған жалпы процестермен тікелей байланысты болды, ал кейінгі өзгерістер өзіндік қарқынымен ерекшеленді.
хх ғасырдың 70-жылдарының аяғы мен 80-жылдардың басында жаңа пәнаралық ғылыми бағыттың, яғни гендерлік зерттеулердің бөлігі ретінде ген- дерлік тарих қалыптасты. дегенмен гендерлік тарих қарқынды дамып келе жатқан әйелдер қозғалысының аясында феминистік санаға өзіндік тарихи рет- роспективасын беруге талпыныс жасаған 1960 жылдардан басталады. Сол кезде Батыс Еуропа мен Американың жас ғалымдары өткенді зерделеп, қазіргі күнге талдау жасау барысында екі жынысқа қатысты ақпараттарға да назар аудару ке- рек деген пайымға сүйене отырып, әйелдердің тарихымен айналыса бастады.
Кейінгі ширек ғасырға жуық уақыт аралығында әйелдердің тарихы бұрын- соңды болмаған өзгерісті басынан өткерді. Бұл тақырыпты арқау еткен мақа- лалар ғылыми журналдардың жеке бөлімдеріне айналды. Жыл сайын көпте- ген зерттеулер жарыққа шығып, түрлі деңгейдегі жалпылама еңбектерде өткен дәуірлердегі әйелдердің өміріне қатысы бар барлық мәліметтер жарияланды.
1970 жылдардың ортасына дейін «әйелдердің тарихи өмірін қалпына келті- руге», ерекше «әйелдердің тарихын» жазуға деген ұмтылыс басым болды. Осы бағытты ұстанушылар әртүрлі дәуірлер мен халықтардағы әйелдер тарихының сол кезеңге дейін беймәлім болып келген сырларын ашты, алайда мұндай сипат- тамалық тәсіл өзінің шектеулі екенін көрсетті. 1970 жылдардың ортасында ал- дыңғы орынға шыққан өзге бағыттың өкілдері неомаркстік ағымның феминис- тік теориясына сүйене отырып, әртүрлі әлеуметтік категориядағы әйелдердің қақтығысқа толы мүдделері мен альтернативтік өмірлік тәжірибесін түсіндіруге тырысты. Олар дәстүрлі таптық талдауға жыныстық айырмашылық факторын
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 209
енгізе отырып, жеке, жыныстық, отбасылық-топтық және таптық сипаттамалар- дың арнайы құрылымы ретінде тарихи тұлғалардың мәртебесін анықтады.
хх ғасырдың 70–80-жылдарының аралығында феминистік теорияның жа- ңартылуы, пәнаралық зерттеулердің әдіснамалық базасының кеңейтілуі, жаңа кешенді түсіндірмелік модельдердің құрастырылуы «әйелдер тарихының» бей- несіне де әсер етті: ерлер мен әйелдер ұғымдары қайта анықталды. 1980 жылда- ры гендер (ағыл. gender – жыныс) талдаудың негізгі категориясына айналады, ол жыныстық бірегейліктің қалыптасуы мен жүзеге асу процесін субъектінің жеке отбасылық тәжірибесімен байланыстыра отырып, оның құрылымдық шектеу- лері мен тарихи ерекшеліктеріне назар аудармай, ер мен әйел бастауларының қарама-қайшылығының өзгермейтін шарттарын негіздеген биологиялық және психологиялық детерминизмді жоюға бағытталды.
Әйелдерді зерттеу мен гендерлік зерттеулердің айырмашылығы «жыныс» пен
«гендер» секілді өзекті ұғымдардың мазмұндарымен анықталады. гендерлік мәр- тебе, иерархия мен мінез-құлық модельдері табиғи түрде берілмейді, оны әлеу- меттік бақылау институттары және мәдени дәстүрлер белгілейді. индивидтің деңгейінде гендерлік сананың жаңғыртылуы барлық салалардағы үстемдік ету мен бағыну қатынасының қалыптасқан жүйесін қолдайды. Бұл контексте гендер- лік мәртебе әлеуметтік иерархия мен билікті, бедел мен меншікті бөлу жүйесін құрайтын элементтердің бірі ретінде көрініс береді.
гендерлік зерттеулердің интегративтік әлеуеті «тарихқа екі жынысты да қай- таруға» ұмтылған «әйелдер тарихы» өкілдерінің назарын аударып қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік тарихтың тұтастығын қалпына келтіруге ұмтылды. гендерлік тәсіл әлеуметтік тарихшылар мен мәдениет тарихшылары арасына жылдам тарап, ол ортадан көптеген жақтастарын тапты. Әйелдер тарихының тұжырымдамалық аппараты мен әдіснамалық принциптерін қайта зерделеу нә- тижесінде гендерлік тарих пайда болды, ол гендерлік қарым-қатынасты өзінің зерттеу нысанына айналдырды. гендерлік тарихшылар жыныстық айырмашы- лықтар мен иерархияның кешенді әлеуметтік-мәдени детерминациясы туралы түсініктерді негізге ала отырып, олардың тарихи контексте жүзеге асуын тал- дайды. Бұл ретте тарихи дамудың жалпы концепциясы сөзсіз өзгерді, өйткені оған гендерлік мәселелер де қосылған еді.
гендерлік талдауды тарихи зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне бейімдемей, жаңа құралдарды тәуелсіз теориялық жұмыстың зерттеушілерінен талап ететін тарихи дереккөздердің материалдарымен сабақтастырмай, гендерлік талдау ұсынған мүмкіндіктерді жүзеге асыру мүмкін емес. гендерлік тарихтың негіз- гі әдіснамалық қағидаларының жаңартылған нұсқасы америкалық тарихшы джон Скоттың «Гендер – тарихи талдаудың пайдалы категориясы» атты бағдар- ламалық мақаласында зерделенген. джон Скоттың түсіндіруі бойынша, тарихи талдаудың моделі бір-бірімен тығыз байланысты төрт кешеннен тұрады. Бұл – біріншіден, аталған мәдени дәстүрге жататын қауымдастықтың мүшелерінде көптеген (кейде кереғар) бейнелерді қалыптастыратын мәдени символдардың кешені. Екіншіден, бұл – қолда бар символдардың түсініктемесін анықтайтын және діни, педагогикалық, ғылыми, құқықтық әрі саяси доктриналарда көрініс табатын нормативтік тұжырымдар. Үшіншіден, бұл – әлеуметтік институттар мен ұйымдар, олардың қатарына тек туыстық, отбасылық және үй шаруашылық
210 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
жүйелер ғана емес, сонымен бірге еңбек нарығы, білім беру жүйесі мен мемле- кеттік құрылым да енді. Соңғы, төртінші айқындаушы элемент – тұлғаның өзін- өзі тануы. Сөйтіп, бірегей синтездік модель құрастырылады, социумның барлық өлшемдерінің сипаттамалары оның іргетасын қалайды: жүйелі-құрылымдық, әлеуметтік-мәдени, жеке-тұлғалық. Бұл модельдің ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде дамуы гендерлік преспективадағы тарихи динамиканы қайта қалпына келтіруге бағытталған.
Жаңа тұжырымдаманы ғылыми айналымға енгізу әйелдер тарихының әдіс- намалық мәселелері жайындағы пікірталастарды туғызып қана қойған жоқ, со- нымен қатар бұл мәселенің «ең өзекті» тұстарын анықтап берді. Тап пен жыныс ұғымдарының арақатынасы, әлеуметтік және гендерлік иерархия, мифология, тарих туралы мәселелер қызу талқылана бастады. гендерлік-тарихи талдаудың іргелі мәселелерін шешу жылдам дамып бара жатқан нақты зерттеулерден тә- жірибелік қажеттіліктерді талап етті. Бұл зерттеулер, бір жағынан, әйелдердің экономикалық, саяси, интеллектуалдық процестердегі әртүрлі рөлдерін көрсет- се, екіншіден, бұл процестердің олардың өміріне кері әсер ететінін, сондай-ақ таптық әрі гендерлік шектеудің, әлеуметтік, этностық, конфессиялық, жыныс- тық бөлінудің өзара тоғысуынан туындайтын жеке және ұжымдық тәжірибенің айырмашылығын анықтап берді.
гендерлік тарих тақырыбында оның түсіндірмелік стратегиясы үшін маңызды болған түйіндер анық байқалды. Олардың әрқайсысы өткен дәуірлердегі адам- дардың өмір сүруінің белгілі бір саласына сәйкес келеді, онда индивидтердің рөлі олардың «отбасы», «үй шаруашылығындағы еңбек», «қоғамдық өндірістегі жұмыс», «құқық», «саясат», «дін», «білім алу», «мәдениет» т.б. салалардағы ген- дерлік белгісіне тікелей байланысты. гендерлік айырмашылықтарға негізделген әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ете отырып, тарихи социумдағы материалдық және рухани құндылықтардың, билік пен абыройдың тең түрде бөлінуін реттеу- мен айналысатын әлеуметтік бақылаудың маңызды институттарына айрықша назар аударылды. Тұлғааралық өзара байланыстардағы гендерлік түсініктердің жанама рөлін талдауға, олардың тарихи сипаты мен динамикасын анықтауға айрықша көңіл бөлінді. гендерлік зерттеулердің ерекшелігі мен категориялық аппараты тарихшының зерделейтін нысанының табиғатын түсіну мен тарихи ақиқатты мүмкіндігінше терең тануы арқылы анықталады.
гендерлік тарихтың болашағын айқындаған маңызды сәт оны басқа тарихи пәндермен байланыстыру мен қайта біріктіру мәселесінің шешімін табуында. Бұл мәселені дұрыс шешудің белгілері, атап айтқанда, гендерлік тарих мәселе- лерінің басты түйіндері мен «әйелдер тарихын» жалпы тарих кеңістігіне кірікті- рудің ықтимал тәсілдерінің қиылысу нүктелерінде пайда болады. Мұндай прес- пективалар материалдық мәдениет пен күнделікті өмірде, ал соңғы онжылдықта жеке өмір мен индивидтердің тарихында айқын көрінді. Зерттеушілер гендерлік- дифференциациялық кеңістіктік сипаттамалары мен өмір сүру ырғағына, заттық әлем мен әлеуметтік ортаға, ерлер мен әйелдердің байланыс жүйелерінің ерек- шелігіне, «әйелдердің субмәдениетінің» магиялық сипатына, «ерлер идеология- сына» т.б. назар аударады.
Жеке және көпшілік арасындағы өзара байланыс мәселесі гендерлік тарихта ерекше орын алады. Антропологтар мен әлеуметтанушылар әртүрлі мәдениеттер
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 211
мен қоғамдардағы ер-әйел оппозициясы мен жеке-көпшілік дихотомиясының жартылай немесе толық үйлесімін дәйектейді. гендерлік тарихшылар жыныстар- дың теңсіздігін адам қызметінің жеке әрі көпшілік салаларға тікелей бөлінуімен және әйелдердің соңғысынан ығыстырылуымен байланыстыратын антрополо- гиялық зерттеулерге сүйенеді. Биліктің, абырой мен меншіктің бөлінуін көрсе- тетін жеке және көпшілік арақатынастарының түрлі тарихи модельдері қарасты- рылады. Билік өзінің мақсатына жету үшін адамдарға ықпал ету тәсілі ретінде түсіндіріледі және өзге де адамдардың немесе топтардың шешімдері мен іс-әре- кеттеріне әсер ету мүмкіндігі тұрғысынан қарастырылады.
«Women’s power» (әйелдер билігі) ұғымы әйелдердің экономикадағы рөлін, олардың саяси шешімдер қабылдауға тигізер әсерін, сондай-ақ әйелдер арасын- дағы тұлғааралық байланыстар түрінде ұғынылатын әйелдердің ықпал ету желі- сі дегеннің ерекшеліктерін талдайтын еңбектерде қолданылады. Бұл тұжырым- дама әйелдердің жаңа мәдени стереотиптерді өзгертуге және оның таралуына белсенді түрде ықпал ету тәсілдерін зерделеу барысында пайдаланылады.
Әйелдер ресми беделге өте сирек ие болса да, шын мәнінде, бейресми ықпал- дың тиімді жолдарын жақсы меңгерді. Олар жаңа отбасылық байланыстарды ор- натады; ақпараттармен алмаса отырып және қауесет тарату арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырады; қамқорлық көрсете отырып, ерлердің саяси мансапқа қол жеткізуіне көмектеседі немесе кедергі болады; толқулар мен көтерілістер- ге қатыса отырып, биліктің ресми құрылымдарының сапасын тексереді және т.б. Бұл ықпалдың құралдары мен формалары жеке және көпшілік арақатынаста- рының түрлі модельдерінің аясында қарастырылады. Осы модельдер әрбір қо- ғамдағы ер мен әйел ұғымдарының нақты-тарихи мазмұнын анықтайтын саяси, мәдени, экономикалық институттардың жүйесі арқылы биліктің, бедел мен мен- шіктің бөлінісін бейнелейді.
Көптеген еңбектерде нормативтік ережелер, гендерлік идеология мен әйел- дер жайындағы әртүрлі түсініктер зерттеленді. Олар әдетте бұл пәнге қатысты тек қана ер адамның көзқарасымен санасатын және ішкі қайшылықтарға қара- мастан, ер адамды қабылдаудың жағымсыз стереотиптері мен сөз бостандығын қатаң түрде шектейтін қоғамның тарапынан таңылған әйелдің мінез-құлқының модельдерін сипаттайды. Барлық дәуірлердің ойшылдары әйелдерді еркектер- ден ерекшелеп тұратын құбылысты анықтауға және әйелдің мінез-құлықтары мен репрезентациясының үлгілерін жасауға тырысты. Олардың идеялары діни әдебиеттерде, ғылыми және басқа да шығармаларда сақталып, ұрпақтан-ұрпақ- қа тарады. Бұл оларды тарихи талдау үшін қолжетімді етіп қана қоймайды, со- нымен қатар осы идеялардың тарихтың барлық кейінгі дәуірлері мен кезеңде- ріндегі адамдардың санасына өзінің ықпалын тигізгенін білдіреді.
Әйгілі әрі беделді деп есептеліп келген авторлардың идеялары өз ойларын тұжырымдай алмайтын ерлер мен әйелдердің көпшілігінің санасына сіңіп қана қоймай, сондай-ақ мінез-құлықты реттейтін құқықтық нормаларға не- гіз болды. Авторлардың бұл пікірлері бұдан былай дұрыс деп есептелмеді, ол енді діни шындық немесе ғылыми факті ретінде ғана қарастырылды. Олардан алынған мінез-құлық ережелері әйелдердің іс-әрекеттерін ерлердің ұғымда- рына сай келетін қалыпқа салды. Бұл түсініктердің көпшілігі антика дәуірі және орта ғасыр жазушылары мен діни ойшылдардан мұра болып жеткен еді.
212 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
Авторлардың пікірлері өзге мәселелер бойынша айтарлықтай өзгеше бол- ғанымен, әйелдер тақырыбына келгенде бір арнаға тоғысты: олар әйелдерді еркектермен салыстырғанда анағұрлым төмен сатыдағы жаратылыс ретінде қарастырды және кейінгі ұрпаққа әйел мінезінің жағымсыз қасиетерінің көп- теген мысалдарын көрсетті. Барлық гендерлік идеология бір жағы – әйелдер- ге, екінші жағы еркектерге бағытталған, өзара байланысты концепциялардың негізінде құрастырылды. Бірақ оның көрінетін жағында «әйел» бейнесі болды, өйткені оны қалыптастырушылар қарама-қарсы алаң туралы пайымдауды жөн санады. Олардың әйелдерге қатысты барлық идеяларының және осы идеяларға сүйенген заңдарының негізінде ер адамдардың өздерінің гендерлік мінезде- мелерін ұғынғаны туралы түсініктер жатты.
гендерлік тарихтың ең белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі – гендерлік рөлдер мен айырмашылықтар туралы бұқаралық, үйреншікті, тап- таурын идеяларды зерттеуге бағытталған «қиялдағы әлем» бағыты. Бұл бағыт қазіргі гуманитарлық білімнің түбегейлі бетбұрысымен және тарих пен әде- биеттің өзара жақындасуының жаңа талпыныстарымен тығыз байланысты болды. Кейбір зерттеушілер барлық әдеби жанрлардың шарттылығын мойын- дай отырып, көркем бейнелер мен шындықтың арасындағы кез келген бай- ланыстарды жоққа шығаруды да, сондай-ақ әдеби шығармалардан нақты қа- рым-қатынастар мен бұқаралық түсініктердің бейнесін көруді де тиімсіз деп санады. Әдебиет пен өмірдің өзара байланыстарының механизмін былайша түсінуге болады: шартты әдеби кейіпкерлер қоғамдық көзқарастардың тіке- лей көрінісі болған емес, бірақ олардың қалыптасуында ерекше рөл атқаруы, замандастары мен кейінгі ұрпақ өкілдерінің мінез-құлықтарына ықпал етуі мүмкін. Бір жағынан, әдеби шығармаларда еркек пен әйел туралы үнемі өзге- ріп отыратын түсініктер бейнеленсе, екіншіден, әдебиеттің өзі гендерлік түсі- ніктердің өзгеруіне айрықша ықпал етеді.
гендерлік зерттеулердің өзге тұжырымдамаларынан постмодернистік бастау- ларды анық байқаймыз: кез келген мәтіннің (сондай-ақ тілдің өзі сияқты) бұлың- ғырлығы және оның объективті шындықты бейнелемейтіні туралы түсінік, ақи- қатты құрастырудағы белгілер жүйесінің рөлін атап көрсетіп, барлық гендерлік тарихты гендерлік ұғымдардың тарихына айналдыру. Осыған байланысты әде- биеттанулық талдауды әлеуметтік тарихтың тәсілдерімен және жетістіктерімен біріктіру талпынысы ерекше қызығушылық тудырады. Бұл бағыттағы бастама тү- сініктер мен шындықтың, әдебиет пен әлеуметтік аяның, индивид пен қоғамның, элиталық мәдениет пен халықтық мәдениеттің, шығармашылық пен мәдени мәтіндерді қабылдаудың (немесе қалыптастыру мен тұтынудың) дуализмінен бас тартуға ұмтылған, сондай-ақ әдеби шығармалар жасалған әлеуметтік-тари- хи контексті терең білетін зерттеушілерге тиесілі болды. Олардың еңбектерінде осы контексті құрайтын әлеуметтік қатынастар мен ұғымдар «өзіндік дүние» деп түсінілетін әдеби мәтінді оқуда міндетті емес мәселе ретінде қарастырылмайды. Керісінше, оларға ұжымдық қызметтің (соның ішінде тілдік) барлық түрлеріне қа- тысты тікелей, ал гендерлік сананы қалыптастыруда жанама анықтаушы рөл бе- ріледі. Әдебиеттің әйгілі жәдігерлерін ғана емес, сондай-ақ екінші және үшінші қатардағы туындыларды да пайдаланатын зерттеулер гендерлік түсініктер мен гендерлік бірегейлік тарихы тұрғысынан қарағанда көп үміт күттіреді.
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 213
Тікелей зорлық-зомбылықтан басқа гендерлік асимметрияны қолдаудың ма- ңызды құралы әйел сексуалдығының барлық шынайы әрі қиялдағы көріністерін бақылау болды. Қоғам өз мүшелерінің сексуалдық мінез-құлқын зайырлы әрі шір- кеу соттарынан бастап, моральдық нормаларды бұзғандарды қоғамдық кемсіту арқылы жазалайтын халықтық әдет-ғұрыптар сияқты құралдардың көмегімен қадағалап отырды. Егер сот заң мен ережелердің негізінде әрекет етсе, қоғамдық адамгершілікті сақтаушы еріктілер өздерінің топтық түсініктері мен жергілікті әдет-ғұрыптарды басшылыққа алды. Сексуалдық мінез-құлықтың қалыпты стан- дарттары елдер мен әлеуметтік топтарда әртүрлі болды, дегенмен бұл қалыптың шегінен шығып кеткен әйелдің абыройына нұқсан келеді. Әрине, әйелдердің мі- нез-құлқының жағымды әрі жағымсыз үлгілерін ер адамдар анықтады, бірақ олар әйелдердің де санасына енгізілді және әйелдер әлеуметтену процесінің барысын- да басқа да мәдени құндылықтармен қатар оларды да қабылдады. Конформизмді моральдық тұрғыдан ынталандырумен қатар, әйелдердің материалдық әрі әлеу- меттік жағынан қамтамасыз етілуі көп жағдайда оның парасатты әйел және ана үлгісіне сай болуына және осы стандарттан ауытқыған адамдарға қарсы әрекет етуіне байланысты болған жағдайда да маңызды рөл атқарды.
Барлық еуропалық этностардың фольклорында кездесетін «сыртқы әлем ер- кектерге тиесілі, ал әйелдің орны үйде» деген ежелгі халық даналығы (кейбір ерекшеліктермен) жеке тұлғаға тұтас мәдени модельді, яғни тұтастай қамтитын бейнені берді. Адамға өзінің барлық түрлері сияқты бейберекет әрі шиеленіскен шынайылыққа мән беруге, өмірді тәртіпке келтіруге, бастан өткізген оқиғалар- ды қабылдауға және талдауға, мінез-құлықтардың желісін құруға көмектесті. Әйелдер әдетте «ерлердің әлеміндегі» өздерінің орындарын жақсы түсінді, өйт- кені бұл сөз тіркесі оларға тиесілі міндеттемелер мен шектеулерді және тыйым- дарды білдіретін мінез-құлық үлгілерінің белгілі бір жиынтығын түйіндеді.
Әйелдердің гендерлік тарихын толықтыруға бағытталған еркектердің гендер- лік тарихы көп жағдайда осындай жолмен, бірақ анағұрлым жылдам қарқынмен жүріп келеді. гендерлік түсініктер әйелдердің болуына немесе болмауына қара- мастан, әлеуметтік өмірдің барлық аспектілерін қаншалықты қамти алатынын дәл «ерлердің тарихының» тұрғысынан анық көруге болады. Бүгінгі күннің мәсе- лесі гендерлік және әлеуметтік тәсілдерді нақты тарихи талдау жүйесінде бірікті- руге мүмкіндік беретін концепциялар мен әдістерді әзірлеу болып саналады.
Жалпы алғанда, қоғамдағы құрылымдық трансформацияларды белгілейтін кезеңдеуді сақтай отырып, гендерлік тарих еркектер мен әйелдер үшін аталған өзгерістердің түрлі салдарына назар аударады. гендерлік жүйенің асимметрия- сы ертерек кезеңдерде анағұрлым әлсіз болды; дәстүрлі түрде құлдырау кезеңі болып саналатын дәуірде әйелдердің мәртебесі ерлерге қарағанда төмен бол- маған, ал прогресс дәуірі деп аталатын уақыттарда прогресс жемісі әйелдер мен ерлер арасында тең бөлінбеген. Алайда мәселені осы бір қырынан зерделегенде, ерлер мен әйелдердің тарихи тәжірибесі кезеңдерінің сәйкес келмеуіне қара- мастан, тарихи дамудың кезеңделу міндеттері екінші орынға ығыстырылады да, негізгі әңгіме оны бағалау мен қайта түсіндіру жайында өрбиді.
хх ғасырдың екінші жартысындағы тарихнама мынадай кезеңдерді қамти- ды: формасы бойынша жыныссыз, әмбебап деп көрсетілгенімен, шын мәнін- де, әйелдердің тарихын жоққа шығару, кейін «бір жынысты», «әйел» тарихын
214 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу
бейнелеу, одан кейін жалпы гендерлік тарих, әрі қарай тұлғааралық қатынас- тардың барлық саласын қамтыған, өзінің пәндік алаңын кеңейтуге талпынған жаңа әрі кеңейтілген әлеуметтік тарих кезеңі. Шындығында, бұл жерде әңгіме тек қана өршіл міндетті – жалпы тарихтың ғасырлар бойы үстемдік еткен «ер- лер шовинизмі» мен «әйелдер» тарихының ұзаққа созылған оқшаулығын жоя отырып, барлық тарихты гендерлік қатынастардың тарихы ретінде қайтадан жазуды көздеген жаңа тарих пәні туралы қозғалып отыр.
гендерлік тарихты дамыту жаңа пәнді жалпыға ортақ тарихқа біріктірудің ықтимал жолдары туралы қызу пікірталастарға қуатты серпін берді. гендерлік- тарихи талдау бүгінгі таңда жаңартылған әлеуметтік-мәдени тарихтың айрықша түпкі мақсаты болып саналатын өткен кезеңнің тұтас бейнесін өзгертуге ерекше үлес қосып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |