Тарих indd


Қайта өрлеу дәуірінің гуманистік тарихнамасы



бет30/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
репина док

Қайта өрлеу дәуірінің гуманистік тарихнамасы


Қайта өрлеу дәуірі мәдени әрі әлеуметтік өмірдегі бірқатар өзгерістердің болуымен ерекшеленді. Алайда бұл өзгерістер алдыңғы дәстүрлерден түбегей- лі ажырау сипатында болған жоқ. Қайта өрлеудің тарихи санасында әлеуметтік болмыстың басқа да салаларындағыдай тарихты жазу мен оның мәнін түсінудің ортағасырлық тәжірибесінің сабақтастығы сақталды. Алайда осы кезеңдегі та- рихи еңбектер тарих туралы идеялар жүйесіндегі бірқатар жаңа белгілермен, та- рихшының жұмыс әдістерімен және тақырыптарымен ерекшеленді. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің аясындағы әдеби ағым, тарихи тақырыптарға арналған шы- ғармалар гуманизм деп аталады. Бұл атау адамның мүдделері мен мүмкіндікте- ріне деген қызығушылықтарының күрт артуынан пайда болды. Ол, өз кезегінде, ортағасырлық шіркеулік мәдениеттің аскеттік және діни-тағылымдық дәстүріне қарсы бағытталған әрекет іспетті болды. Сондай-ақ Қайта өрлеу дәуіріне қатыс- ты алғанда, тарих өзіндік зерттеу тәсілдері, өткенді тану мен түсіндіру әдістері- нің жиынтығы бар, тарихи шығармалардың шынайы бейнесін анықтауды басты мақсат еткен ғылыми пән ретінде пайда болды деп айту ағаттық болар.
Бұдан бөлек, Қайта өрлеу дәуіріндегі еуропалық тарихнама біртекті болған жоқ. италия гуманитарлық тарихнамасының антикалық авторларға еліктеу, та- рихи оқиғаларды діни тұрғыдан түсіндіруден бас тарту, конфессиялық бейтарап- тық, қоғам дамуының мағынасын ұғудың зайырландырылуы мен оңтайланды- рылуы сияқты маңызды жақтары өзге жерлерде жазылған тарихи шығармаларда толыққанды жүзеге асырылмады. германиядағы Реформация сияқты дәуірдің басқа да маңызды әлеуметтік-идеологиялық және дүниетанымдық қозғалысы аясында тарихты діни әрі теологиялық тұрғыдан түсіндіруге айрықша назар ау- дарылды, сонымен қатар ол рим-католик теоретиктерімен де пікірталасты одан әрі дамытуға серпін берді. Тарихнамада реформация мен контрреформацияның конфессиялық қозғалыстарының нәтижесінде туындаған оқиғалардың байла- нысы мен олардың себептерін түсіндірудің тиімді дәйектерін кеңейтуге ұмты- лыс байқалды. Сондай-ақ деректермен жұмыс жасауда жаңа тәсілдерді, ең алды- мен, оларда сақталған мәліметтерді анағұрлым қатал түрде іріктеу және сыни тұрғыдан талдау сияқты тенденциялар қалыптасып, өзінің жалғасын тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет