«Тарих үшін шайқас».
Тарих мәселесі
Мәселенің қойылуы кез келген тарихи зерттеулердің басы мен соңы болып саналады. Мәселе болмаған жерде тарих та жоқ, тек бос сөздер мен компиляция- лар ғана. «Ғылыми тұрғыдан жүргізілген зерттеу» формуласы қазіргі заманғы
барлық ғылыми жұмыстардың негізінде жатқан екі әрекетті қамтиды: мәселені зерделеу және гипотезалар жасау».23 Бұл өзінің жақтаушылары әрі серіктестері- мен бірге тарихта әдіснамалық төңкеріс жасаған, хх ғасырдың бірінші жарты- сындағы ғылыми білім әлемінде қалыптасқан жағдайдың драматизмін өзгелер- ден анағұрлым жарқын бейнеде сипаттаған француздың белгілі ғалымы Люсьен Феврдің (1878–1956) сөзі еді. «Бір ғана соққыдан ғасырлар бойы ғалымдардың көптеген буыны қалыптастырған әлем – абстрактілі, жалпыланған, өзі туралы тү- сінік беретін әлем туралы тұтастай түсініктердің күл-талқаны шықты. Ескірген
теорияларды жаңасымен ауыстыру қажеттігі туындады. Бүгінге дейін біздің дү- ниетанымымызға негіз болған барлық ғылыми түсініктерді қайта зерделеу қажет болды».24 Февр тарихтан көңілі қалу мен оған деген сенімді жоғалтудан арылу- дың бірден-бір жолы – тарихпен айналысу деп түсінді. Сонымен қатар ол уақыт- ты босқа жоғалту сезімінен тек қана тарих пен оған жақын пәндердің арасындағы байланысты анық сезіне отырып және олардың арасында тығыз одақты орнату арқылы ғана құтылуға болатынын аңғарды. Ол тарихшылар, әлеуметтанушылар мен психологтардың арасындағы ынтымақтастықты қолдады. Өйткені адам тұл- ғасын зерделеу олардың ортақ мақсаты болды. Әлеуметтік психология өткеннің ескерусіз қалған бұқарасын зерттеу үшін қолданылса, жеке психология тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерін зерделеу үшін қолданылады.
Тарих ғылымының дағдарысын еңсеру барысында француз тарихнамасының бірнеше буыны айрықша рөл атқарды. Олардың алғашқылары тарихи білімге жоғалған гуманистік мазмұнды қайтарған, қазіргі қоғамның өмірімен тығыз байланысты мәселелер арқылы көрермендердің қызығушылығын, оқырмандар- дың ауқымды аудиториясын тарта білген мәні бар революцияны жүзеге асырған нағыз жаңашылдар Февр мен Марк Блок (1886–1944) болды. Олар мықты тарих- намалық бағыттың және тарихи ойдың жаңа кезеңінің бастауында тұрды: жаңа мәселелерді күн тәртібіне қою, ескі деректерді жаңаша пайымдау, оларды зерт- теу үшін жаңа, дәстүрлі емес әдістерді қолдану олардың әлемдік тарихнамаға қосқан үлестері еді.
М.Блок пен Л.Февр 1929 жылы «Әлеуметтік және экономикалық тарихтың анналдары» атты ғылыми журналдың негізін қалады. Атауын бірнеше рет өз- герткендіктен, бұл журналды «Анналдар» деп те атайды. Журналдың алғашқы санында тарихқа жан-жақты, ауқымды көзқарас тұрғысынан қараудың қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды. Пәнаралық тарих пен бірлескен зерттеу жұмыстары- на экономика, әлеуметтану, әлеуметтік психология т.б. қоғамдық ғылымдардың өкілдерін тарту қолға алынды. Осындай пәнаралық байланыстардың негізінде
«Анналдар мектебінің» ғалымдары тұтас тарихтың түпкі нұсқасы саналатын жан- жақты «жалпы («жаһандық») тарихқа» сәйкес тарих ғылымының мазмұны мен әдіснамасын кеңейтуді және жетілдіруді жалғастырды. «Тұтас тарих» дүниежүзілік
188 СЕгіЗінШі ТАРАу
ауқымдағы мәртебеге ие болуға ұмтылмайды, ол тек жергілікті масштабта: қала- лық немесе ауылдық, жекелеген елді мекендердің тарихында, сондай-ақ айтар- лықтай шектеулі уақыттарда ғана жүзеге асырылады. Бұл – түрлі жағдайлар мен оған түрткі болған себептермен астасып жатқан өздерінің өмірлері мен қызмет- терінің барлық аспектілерін қалпына келтіруді мақсат еткен адамдар мен белгілі бір қоғамдардың тарихы. «Анналдар мектебінің» тарихшылары адам өмірін саяси, шаруашылық, діни және басқа да салаларға бөлген жоқ, ол әрбір адамның шы- найы өмірінде де бөлінбейді. Олардың зерттеулері тарихи өткеннің шынайы сте- реоскопиялық, көпдеңгейлі әрі «адамдық» бейнесін қалпына келтіреді.
Л.Февр былай деп жазды: «Экономикалық және әлеуметтік тарих деген жоқ. Тарих өзінің барлық тұтастығымен ғана тарих. Ол өз табиғатына байланысты әлеуметтік болып саналады... Адам – біздің түсінігімізде өзіне тән барлық қыз- мет түрлерінің жиынтығы. Тарихшыға осы қызмет түрлерінің біріне, мысалы, экономикалық қызметке ерекше қызығушылық танытуға мүмкіндік береді. Бірақ оның тек жалғыз шарты бар: осы түрлердің кез келгені әрдайым барлық адамға әсер ететінін ұмытпау керек... Біздің зерттеулеріміздің нысаны – шын- дықтың қандай да бір үзіндісі мен адам қызметінің жекелеген бір аспектілері емес, әлеуметтік топтардың аясында қарастырылатын, өзі оның мүшесі болып саналатын адамның өзі... Тарих – адам туралы ғылым, біз оны жадымыздан шы- ғармауға тиіспіз».25
Сонымен зерттеу нысаны (ол тарихтағы адам болды) және тарих ғылымының өзі де өзгерді.
Марк Блок «Тарихтың апологиясы немесе тарихшының кәсібі» (1940–1942) атты еңбегінде тарих ғылымының енді ғана қалыптасып келе жатқанын, оның әдіс- терінің толық жетілмегенін және тарихтың аналитикалық пән ретінде даму ба- рысындағы іргелес әлеуметтік ғылымдардың рөлін атап өткен еді. дюркгеймнің әлеуметтанулық мектебін ерекше атай отырып, былай деп жазды: «Ол бізді ана- ғұрлым тереңірек талдауға, мәселелерді айтарлықтай қатаң түрде шектеуге, тым қарапайым ойламауға үйретті. Біз оны құрметтей отырып шексіз алғыс айтатын боламыз. Ал бүгінгі күні ол басым болып көрінсе, онда ерте ме, кеш пе, барлық ой ағымдарының жемісті болуы үшін құн төлейтін болады».26 М.Блоктың тарих ғылы- мына қосқан зор үлесі ретінде оның жаңа зерттеу мәселелерін шешуге септігі ти- ген, эвристикалық құралдар деп саналған компаративтік (салыстырмалы-тарихи) тәсілдердің бір-бірімен ешқашан алмастыруға болмайтын түрлерін көрсеткенін атай аламыз. Ол француздың аграрлық тарихының процестерін зерттеу барысын- да дәл осы әдіске сүйене отырып, бұрын тарихшылардың назарына ілінбеген XV– XVII ғасырлардағы Прованстағы ағылшынның қоршау саясатына ұқсас өзгерісті ашты. Сондай-ақ Марк Блок мәселені қарастырудың компаративтік әдісі белгілі бір құбылыстың терең себептерін ашуға қауқарлы екеніне және сол арқылы ол құ- былысты түсіндіре алатынына назар аударды. Ақырында Блок салыстырмалы әдіс жекелеген, бір қарағанда өзара ұқсас болып көрінетін процестердің ерекшелігін анағұрлым анық бейнелейтінін, ал оларды егжей-тегжейлі салыстыру олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік беретінін байқады.
Блок пен Февр Францияда аса қуатты болған позитивистік тарихнаманың дәстүрлерімен байланыстарын үзді. Олар ғылыми тарих үшін тарихи әңгімеден бас тарта отырып, дәстүрлі баяндауға құрылған және эрудиттік тарихнамаға
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 189
қарсы күресті. Тарихтың проблемалық концепциясын жасап, соның нәтижесін- де тарихтың өткенін зерделеу үшін қарапайым оқиғалық тәсілді меңгерді. Олар оқиғалар туралы баяндау тәсіліне тарихи ақиқаттың терең қатпарларын зерт- теуді қарама-қарсы қойды. Сонымен қатар деректердің мәтіндерінде байқаусыз және еріксіз айтылған, сондай-ақ тарихи мәтіндердің авторлары өз еркінен тыс айтқан пікірлерді, олардың цензурасына ұшырамаған «қалдықты» іздеп табуға тырысты. Феврдің «білетін адам тарихшы емес, іздеуші адам – тарихшы» деген ұраны бұл ғылыми ұстанымды өте жақсы анықтаған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |