Тит Ливийдің ізбасарларының ешқайсысы да оның еңбегін қайта өңдеуге ұмтылмады. Римдіктер тарихқа деген қызығушылықтарын жоғалтпағанымен, тұтастай алғанда оның аясы тарыла түсті. Бұл көп жағдайда империялық Римнің саяси ахуалының ерекшеліктерімен байланысты болды. Б.з. і ғасырында Прин- ципатқа (Ерте империяға) қарсылық білдірген тарихи туындыларды билік дұш- пандық ниетпен қабылдады, олардың арасынан тек аздаған шығармалар ғана сақталған. Тарихты тәуелсіз позиция тұрғысынан жазу қиын әрі қауіпті болды. Замандастарына ерекше әсер қалдырған мысалды Тиберийдің билігі тұсындағы тарихшы Крецумий Кордтан көреміз. Оның соңғы республикашылар Брут пен Кассийді дәріптегені үшін өзіне-өзі қол жұмсауына тура келді, ал оның шығар- масы көпшілік алдында өртелген еді. Енді тек билеуші Юлий-Клавдий (Веллей Патеркул) әулетінің мәртебесі үшін ресми тарихты жазу, ежелгі оқиғалар (Квинт Курций Руф, «Ұлы Александрдың істері туралы») туралы баяндау немесе тарихи әзіл әңгімелерді (Валерий Максимнің «Есте қаларлық іс-әрекеттер мен өнегелі сөздердің тоғыз кітабы») жинау ғана қалды.
64 ҮШінШі ТАРАу
Публий Корнелий Тацит (шамамен б.з. 55–120) б.з. 96 жылы қатігез доми- цианның өлімінен кейін, «жаман цезарьлардың» дәуірі біткеннен соң ғана жаза бастады. Ақсүйек отбасынан шыққан Тацит шешендік өнер саласы бойынша те- рең білім алған еді. Бұл оған жас кезінде танымал шешен болуға септігін тигізді. Тацит римдік Азия провинциясында претор, консул, проконсул сынды лауазым- ды қызметтер атқарды. Тумысынан сенаторлық ақсүйек табына жатпағанына қарамастан, Тацит оппозициялық бағыттың өкілдеріне өзінің ұстанымдары ар- қылы жақын болды.
Тациттің негізгі тарихи еңбектері – Августтың қазасынан (б.з.14) бастап домицианды өлтіргенге (б.з. 96) дейінгі Рим империясының өткені туралы баян- дайтын «Тарих» (105–111; 14 кітаптан тек 1–4 және 5-шісінің басқы бөлігі ғана сақталған) және «Анналдар» (111 жылдан кейін; 16 кітаптан бізге 1–6 және 11–16 жеткен). Тацит өзінің шығармалары арқылы мемлекетте болып жатқан оқиға- ларға пессимистік көзқарасын білдіріп отырды. Бұл оларды Тацитке айрықша ықпал еткен Саллюстийдің туындыларымен сабақтастырады.
Тациттің ойынша, sine ira et studio – ашу-ызасыз және әділ жазу қажет. Бұл ұс- таным, ең алдымен, жеке алаңдаушылық сезімі мен тәжірибенің жоқтығын емес, қандай да бір зерттеу жұмысын жасау барысында әділдікті, бейтараптықты ұстану қажеттігін көрсетеді. Себебі Тацит көптеген оқиғалардың куәсі болған еді. Тацитті тарихшы ретінде өзін-өзі айыптау сезімі билеуі мүмкін. Оны император тұсын- дағы мемлекеттік қызметі ғана емес, өз азаматтарының нерон мен домициан се- кілді императорлардың қылмыстарына қалайша жол беріп қойғаны да мазалады. Тациттің пікірінше, биліктің жеке-дара формасы үстемдік еткен кезде, еркін- дік пен мейірімділікке үнемі қауіп төнеді. Қоғамның трагедиясы императорлық билік пен еркіндіктің сәйкессіздігінен байқалды. дегенмен республиканың құ- лауы алдын ала белгілі болды. Тациттің ойынша, тарихшы жақын өткенді, оның барлық қылмыстары мен абыройсыздығын ұрпаққа өнеге болуы үшін ашық си- паттауы қажет, сонымен қатар қатал билеушілерге қарсы шығуға жүрексінбеген
кейбір азаматтардың ерлік істерін дәріптеуге тиіс болды.
Міндеттердің мұндай көрінісі «Тарих» пен «Анналдар» туындыларын жазу ба- рысында қажетті мәліметтерді іріктеу ісінде, композиция құрастыруда септігін тигізді. Тацит әр жыл сайын мемлекетте болып тұратын оқиғалар туралы жазды. Әрбір сипаттаманың соңында елшілердің, таңдаулы ресми тұлғалардың, атақ- ты адамдардың қазасы туралы естеліктер, процестер мен соттар, табиғи апат- тар туралы тізімдер келтірілген. Бірақ тарихшы орын алған барлық жайттарды тіркеуге тырыспады, ол материалдарды таңдап алды. Алып империя мен оның провинцияларының өмірі баяндаудан тыс қалды. Басты назар Римге, оның им- ператорлық сарайына, әскердің басшылығы мен сенатқа аударылды.
Тацит тарихтағы басты орынды оның барысын анықтаған жекелеген тұл- ғаларға, адамдарға арнады. Ең алдымен, бұл билік басындағыларға қатысты айтылған. Шығармаларда олардың істері мен жүйелі сөздері берілген, бірақ іс-әрекеттер әдеттегідей зұлымдық пен жүгенсіздікке айналып, сөздің ешқан- дай мағынасы қалмады. Мемлекетті анағұрлым данышпан адамдар басқарған ертеректегі кезеңдермен салыстырғанда, билік өзінің даналығын да, мінез-құ- лық негізін де жоғалтты. Өткен кезеңдердегі және сол уақыттағы римдіктер- дің кемшіліктері оларды өзге халықтардың, нақтырақ айтсақ, қатал да ержүрек
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 65
германдықтардың («Германия» трактатында) адамгершілік қасиеттерімен және тәртіптерімен салыстырғанда анағұрлым айқынырақ бола түседі.
Тарихшы көбінесе жағдайға байланысты болатын оқиғалардың сыртқы бары- сын біліп қана қоймайды, сонымен қатар олардың мағынасы мен себептерін де анықтайды. Тацит заңсыздық пен құлдықтың себептерін түсіндіру барысында өзінің ізашарлары Саллюстий мен Ливийдің жолын қуды. Азаматтық рух пен қоғамдық моральды байлық ығыстырды; ашкөздік, сән-салтанат көсемдерді де, халықты да дұрыс жолдан тайдырды. дегенмен Тацит Римнің билік құры- лымындағы мұндай өзгерістердің міндетті түрде болатынын тарихшы ретінде түсінгенімен, азамат ретінде оған төзе алмады.
Барлығы адамның күш-жігеріне байланысты ма? Тациттің мәтіндерінде құ- дайлар адам өміріне бақыт пен байлық сыйлау үшін емес, жазалау үшін ғана ара- ласады. Сәттілік пен тағдырдың ықпалы беймәлім күйде қалды. Саллюстийдің кезеңінен бастап Римнің тарихшыларына оқиғалардың барысын түсіндіру бар- ған сайын қиындай түскен тәрізді.
Тациттің баяндауындағы тарихтың драмалық сипаттары болды. Мәтінде портреттер, сөйлеген сөздер, адамгершілік қасиеттен жұрдай және асқақ рухты адамдардың, императорлардың, араға от салып жүретіндердің, оппозиция өкіл- дерінің бейнелері ерекше көрініс берді. Кейде оның тарихы жеке тұлғалардың қақтығысы ретінде пайымдалды. Сондай-ақ Тацит өзінің кейіпкерлерін сырт- қы сипатта, зұлымдық пен ізгіліктің көрінісі ретінде қарастырады. Тацит үшін, оның ізашарлары үшін де адамдардың мінездері өзгермейтін дүние ретінде кө- рінді. Олар әртүрлі жағдайларда зерделенген. Қылмыскер белгілі уақытқа дейін ғана өзінің шынайы келбетін жасырып келді. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері қа- тігездік, билікқұмарлық, сенімсіздік сияқты мінездерден бастау алып отырған.
Тациттің шығармалары тілі жеңіл әрі сөз тіркестерінің, архаикалық өрнекте- рінің, кейде өте қысқа сөйлемдерінің ерекшелігімен танымал болды.
Достарыңызбен бөлісу: |