Тарих indd


Тарихи сананың зайырлануы және тарихи сынның тәсілдері



бет32/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
репина док

Тарихи сананың зайырлануы және тарихи сынның тәсілдері


Қайта өрлеу дәуірі тарихнамасының жаңа әрі өте маңызды аспектісі шір- кеулік дүниетанымнан ажырауы еді. Тарихи шығармалардың бұл түріне, ең ал- дымен, адамзат тарихының барысына Құдайдың жоспары мен Оның араласуы барлық тарихи оқиғалардың негізгі әрі соңғы түсіндірмесі болған ортағасырлық концепциядан ауытқу мәселесі тән болды. дегенмен тарихи шығармалардың мазмұнында әдеттегідей шіркеулік тарихи концепция мен ашық әрі принциптік пікірталас орын алмаса да, олар көріпкелдікке негізделген түсініктемелерге мән бермеді. Бірақ оқиғалардың оңтайлы тұрғыдан түсіндірілуі мен олардың өзара байланыстарына ерекше назар аударылды. Тарих Құдайдың емес, адамдардың іс-әрекеттерінің алаңы ретінде қарастырылады, ал бұл тарихи сананың жалпы зайырлануына алып келді.
Зайырлы материялар мен адами болмыстың діни мағыналардан тыс өмір сүретініне назар аудару антикалық құндылықтарға деген қызығушылықтың куәлігі деп есептеледі. Қайта өрлеу дәуірінің дәстүрі өткеннің оқиғаларын діни тұрғыдан түсіндірудің маңызын төмендетіп, таңғажайып әрі тылсым фактілер- ге деген қызығушылықты ығыстырып шығарды; оқиғалардың себептерін мис- тикалық мағынада емес, өздерінің жеке көзқарастары тұрғысынан түсіндірудің антикалық дәстүрін қайта жандандырды. Алайда гуманизм қайраткерлерінің басым бөлігі христиандық пен діни дүниетанымның қарсыластары емес еді: олар адамзат іс-әрекетінің діни мәнін саналы түрде жоққа шығарғаннан гөрі, оған мән бермеуді жөн санады. гуманистік тарихнаманың басты жетістікте- рінің бірі антикалық болмысқа тарихтағы лайықты орнын қайтарып беру еді. Аугустин мен Орозиустан басталған тарихи дамудың христиандық моделінің негізін қалаушылар бұдан бас тартты.
Орта ғасыр тарихнамасында басты орында болған шіркеулік тарихтың мәсе- лесі Қайта өрлеу дәуірі авторларының туындыларында екінші орынға ығысты- рылады. Шіркеу тарихы мен христиандықтың рөлі әдетте скептикалық тұрғыдан бағаланады, ал кейде әлеуметтік құлдырау мен кері кетудің факторы есебінде қарастырылады. Ал, керісінше, саяси тарихтың мәселелері – мемлекеттердің қа- лыптасуы, құлдырауы, құлауы, жекелеген саяси бірлестіктердің шығу тегі мен олардың түптамыры ерекше мәнге ие бола бастады. Өткенге зер салып, одан сабақ алу саяси күрестің маңызды құралына және саяси трактаттар мен мемле- кеттік-идеологиялық құрылымдардың дәйектемелеріне айналады. Қайта өрлеу дәуірінің ірі саяси ойшылдары өздерінің жеке идеяларының шынайылығына көз жеткізу үшін, ең алдымен, Платон мен Аристотельдің еңбектерінде негіздел- ген, антикалық авторлар биліктің түрлі формаларының артықшылықтары мен
90 ТӨРТінШі ТАРАу

кемшіліктерін сипаттау үшін қолданған мемлекеттік құрылым модельдерін пайдаланады. Сонымен қатар саяси өмірдегі жағымды және теріс мінез-құлық- тардың үлгілерін көрсететін антикалық тарихтың нақты мысалдарын қайта қа- растыру да өте маңызды мәселе болды. Тарих мемлекеттік-саяси дамудың тәжі- рибесі және сонымен бірге мемлекеттік құрылымға қатысты дидактикалық әрі теориялық ой қорыту үшін негізгі материал ретінде қарастырылды. Флоренция тарихын зерттеумен және саяси басқарудың ең үздік тәсілдері туралы ой-тол- ғамдармен үндесіп жатқан антикалық тарихи шығармаларға деген қызығушы- лық жаңа заманның саяси теориясы мен санасының бастауында тұрған дәуірдің ойшылы никколо Макиавеллиге (1469–1527) тән болды.


Тарихи процесті жалпы ұғыну саласында Қайта өрлеудің тарихи санасы- ның қайшылықты сипаты ашылады, бұл дәстүрлі діни-шіркеулік модельдерге тәуелділік ретінде, сондай-ақ ол тәуелділікті ұтымды схемалармен және тал- қылау жолдарымен еңсеру арқылы анықталады. Орта ғасырлардағы италия- лық гуманистердің шығармаларында әмбебап тарихтың библиялық түп негізі бар, ең алдымен, өзара алмасып тұрған әлемдік империялардың және адамзат тарихындағы Құдай жоспарының жүйелі түрде жүзеге асуының концепциясы түріндегі схемасы өзге кезеңдеумен алмастырылды. Сонымен, төрт империя тұжырымдамасы шеңберінде соңғысы Рим империясы болды, антикалық им- периядан Ұлы Карл империясы арқылы герман билеушілерінің ортағасырлық мемлекеттеріне дейінгі тарихи дамудың сабақтастығы (үздіксіздігі) туралы түсінік басым болды. Осылайша еуропалық қоғамның әлеуметтік әрі саяси құрылымын империялық және діни әмбебаптық түсініктерімен сипаттаған ортағасырлық дәстүр Рим империясы мен ортағасырлық христиан әлемінің арасындағы тікелей һәм үздіксіз сабақтастықтың қатарынан өзінің лайықты орнын тапты. Қайта өрлеу мәдениетінде алғаш рет тарихты үш кезеңге бөлу дәстүрі кездеседі: антикалық, орта ғасыр және қазіргі. италиялық гуманистер- дің енгізген «орта ғасыр» (medium aevum) ұғымы бұл дәуірді тек қазіргі дәуірге ғана емес, сонымен қатар антикалық заманға да қарсы қоюды меңзеді. Соңғы- сы мәдениет пен қоғамдық өмірдің жоғары деңгейде дамыған дәуірі ретінде сипатталды. Бүгінгі дәуір теңдессіз әрі жарқын өткенді қайта жаңғыртуы ке- рек болды. Бұл ұстанымға сай, орта ғасыр құлдырау кезеңі мен ертедегі ұлы жетістіктердің құрдымға кеткен уақыты болып саналды. «Орта ғасырдың» ан- тикалық және ренессанстық дәуірлер арасындағы ерекше кезең ретіндегі си- паттамасы тарихи перспективадағы дәуірдің орнын ортағасырлық тұрғыдан бағалауға қарсы тұрды.
Орта ғасырдың тоқырау мен құлдырау дәуірі ретіндегі сипаттамасы діни әрі шіркеулік сынды да қамтыды. Антикалық рационал әрі зайырлы мәдениетке абсолютті құндылық ретінде бағдарлану кейде шіркеу мен христиандықты ан- тикалық интеллектуалдық жетістіктер мен даналықты күйреткен фактор ретін- де қарап, ашық айыптаумен қатар жүргізілді. дегенмен Қайта өрлеу мен гума- низм қайраткерлерінің шіркеу мен дінге қатысты сыни көзқарастары белгілі бір принципке негізделген, бірақ жүйелі түрде тұжырымдалмады. Олар шіркеу мен христиандыққа қатысты туындаған мәселеде ашық пікірталасқа бармай, ынты- мақтастықты ұстанды, келісімпаздық сипатта болды және олардың сыни көзқа- растары тәжірибелік әрі прагматикалық себептермен анықталды.
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 91

гуманистік мәдениеттің тарихқа қызығушылығы көбінесе филологиялық ба- ғытта өрбіді. Ол жаңа мәтіндерді, ең алдымен, классикалық дәуірдегі мәтіндерді іздеудің жылдам қарқын алуымен, сонымен қатар оны зерттеу және түсіндіру қызметімен ерекшеленді. Өткенге деген мұндай филологиялық қызығушылық- ты тарихи, әдеби деректерді іріктеу, бағалау және сынау дәстүрінің қалыпта- суымен байланыстыруға болады. Тарихи деректердің шынайылығын дәйекті түрде сынға алудың алғашқы әрі жарқын үлгісі ретінде «Константин сыйының жалғандығы туралы трактат» еңбегін атауға болады. Оның авторы италия гу- манистерінің арасындағы аса беделді тұлға Лоренцо Валла (1407–1457) болды. 1440 жылы жазылған бұл шығарма автордың көзі тірісінде басылып шықпаған, өйткені ол папалық теократияның басты негіздемелеріне қарсы болған еді. Со- нымен қатар ол неаполитандық корольдікте билік жүргізген Арагон әулеті мен папалық курияның саяси текетіресін және неаполитандық билеушілердің за- йырлы билік құқығына ұмтылған папалық тақтың талаптарына қарсы шықты. Валла христиандық қауымдастықтың билік иерархиясындағы жоғарғы беделге папаның құқығын негіздеген басты құжаттардың бірін сынға алды, осылайша папалық зайырлы биліктің концепциясының өзіне күмән келтірді.


Лоренцо Валланың сынға алу нысаны император Константиннің Рим епис- копы Сильвестрге папалық лауазымды және Римге билік жүргізу үшін беріл- ген сыйға тарту актісін бекіткен құжат болды. «Константин сыйы» деп аталған грамотада императордың астананы және өзінің билік орталығын империяның шығыс бөлігіне, өзі негізін қалаған Константинополь қаласына көшіруі туралы хабарланады. Бұл заңды құжат кең ауқымды аңызға айналған оқиғалардың құ- рамдас бөлігі болып саналады. Онда Сильвестр папаның Константинді шоқын- дырғаны туралы, соның нәтижесінде императордың алапес ауруынан құлан таза айыққаны, шындығында, күнәлары үшін жазадан құтылғаны баяндалады. Бұл аңыз бен сыйға тарту жайындағы грамота Рим шіркеуінің тарапынан папаның тек рухани беделін ғана емес, сондай-ақ оның құқығын зайырлы саладағы жо- ғарғы абыройға негіздеген шынайы құжат ретінде де мойындалды. Құжаттың шынайылығы өзге де анағұрлым беделді канондық құқықтың жинақтарымен де дәлелденген еді. дегенмен грамотаның өзі де, Константиннің шоқынғаны жа- йындағы аңыз да VII ғасырдан соң Римде құрастырылған кейінгі фальсификат- тар (жалған, ойдан шығарылған деректер. – Ред.) болды және ол шіркеулік әрі зайырлы іс-әрекеттердегі папалық үстімдіктің идеологиялық негіздемесі жүйе- сіндегі элементтердің біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет