Тарих indd


«Жаңа жергілікті тарих» және микротарих



бет59/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Байланысты:
репина док

«Жаңа жергілікті тарих» және микротарих


Адамның тарихи болмысының барлық жақтарының әлеуметтік аспектілерін өз пәніне қосқан социотарихи жобаны жүзеге асырудың анағұрлым нәтижелі жолы «жаңа жергілікті тарихта» көрініс берді. Отбасы тарихын кешенді түрде зерттеу жұмыстары оң нәтиже берді. Олар өздерінің табиғи субстрат ортасын- да барлық қоғамдық байланыстар мен процестерді бақылауға мүмкіндік беретін жеке әлеуметтік талдаулар аясында жүзеге асырылды. хх ғасырдың 70–80-жыл- дары белгілі бір жергілікті қауымдастықты дамушы әлеуметтік ағза ретінде жан- жақты зерттеуге, оның толыққанды ұжымдық өмірбаянын жасауға бағытталған жергілікті-тарихи жұмыстар жүргізіле бастады. Жергілікті қауымдастықтың ұжымдық өмірбаяны әлеуметтік тарихтың түрлі қосалқы пәндерін біріктірген
«төменнен жазылған тарихтың» негізгі әдісіне айналды. Оның жүзеге асыры- луы мәдени-әлеуметтік аспектіні қоса отырып, демографиялық әрі жергілікті талдауды біріктіруді білдірді. Жергілікті тарих саласындағы көптеген зерттеу- лерде, әсіресе орта ғасырлардағы және жаңа заманның алғашқы жылдарында жекелеген елді мекендер мен әкімшілік аймақтардың тарихында тек негізгі де- мографиялық сипаттамалар, отбасы мен үй шаруашылығының құрылымдары, меншікті мұра етудің тәртібі мен ережелері, туыстық әрі көршілік байланыстар- дың жүйесі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және географиялық мобильдік, адамдардың әлеуметтік функциялары, жергілікті саяси құрылымдар мен әлеу- меттік-мәдени түсініктер талданды.
Жүргізілген зерттеулер адамзат қауымдастығын зерделеуге қатысты «жаңа жергілікті тарихта» қалыптасқан негізгі екі тәсілдің бар екенін көрсетті. Олар- дың біріншісі қауымды құрайтын жеке тұлғалардың тарапынан мәселені ше- шуге оңтайлы болды және оның зерттеу нысаны әлеуметтік рөлдері мен мі- нез-құлықтарының стереотиптерінің ауысуы арқылы сипатталатын әрі оның әлеуметтік өмір кеңістігінің аясында, яғни адамның дүниеге келгеннен бастап қайтыс болғанға дейінгі өмір жолы негізінде қарастырылды. Екінші тәсіл әлеу- меттік ортаның ішкі ұйымы мен қызметін анықтауға негізделеді: жергілікті әлемнің физикалық шындығын бейнелейтін тарихи ландшафтыны, адамның әлеуметтік экологиясын, қауымдастықтың микрокосмосын, адам қауымдасты- ғының әртүрлілігін, формалды және формалды емес топтарды, түрлі қауымдас- тықтар мен корпорацияларды қоса алғанда, олардың бір-бірімен арақатынасын, сондай-ақ әлеуметтік страталардың, сословиелік топтар мен таптардың өзара байланыстарын анықтайды. Бұл жерде индивидтердің қызметінің әртүрлі ас- пектілерін белгілейтін жергілікті деректер қолданылады.
Сайып келгенде, сөз адамдардың жеке, табиғи байланыстары ретінде қызмет ететін жергілікті қауымдастықтағы өмірді ұйымдастыру мен әлеуметтік қарым- қатынастардың заттай сипатын анықтайтын әлеуметтік-таптық құрылымның арасындағы байланыстар жайында болып отыр. Бұл үлгідегі жергілікті-тарихи зерттеулер кешенді тәсілдің мүмкіндіктерін анағұрлым кеңейтті. Оның жақ- таушылары адам қарым-қатынасының шынайылығы тек олардың субстратты ортасында, жеке тұлғаға жақын әлеуметтік өмір шеңберінде, жеке әрі топтық
198 СЕгіЗінШі ТАРАу

жағдайлардың қайталанатыны мен өзгеретінін тікелей белгілейтін деңгейде ғана түсінікті болатынын негіздеді. Бірақ бұл жағдайда зерттелетін объектіні оны қоршаған әлеуметтен ажыратудың барлық шарттарын жақсы түсінді.


Кейде микрокосмостық деп дұрыс аталатын жергілікті зерттеулерді социота- рихтың жобаларында алғашқы блоктардың орнына қолданды. 1980 жылдардың басында-ақ тарихтың жекелеген кезеңдеріне арналған көптеген жергілікті зерт- теулер ұлттық деңгейде жалпылау үшін жаңартылған, анағұрлым жетілдірілген базаны әзірледі. Жаңа синтездің ең табысты талпыныстарының бірі британдық әйгілі тарихшы Кит Райтсонның «Ағылшын қоғамы: 1580–1680 жылдар» (1982) атты еңбегінде жүзеге асырылды. Оның отбасы, жергілікті қауымдастық және ұлттық деңгейдегі әлеуметтік дифференциация жүйесі тәрізді үш элементті қамтыған теориялық кқұрылымындағы басты орынды жергілікті қауым иелен- ді; «күш контурына» отбасылық, әлеуметтік-таптық құрылымның элементтерін, әлеуметтік тұтастық пен қоғамдық қатынастардың кеңістіктегі сәйкестенді- ру белгісін көрсететін басқа да үзінділері кірді. Райтсон ұсынған Британияның
«жаңа әлеуметтік тарихының» интегралдық моделі бастапқыда дамудың орта немесе әдеттегі жолын анықтауға емес, олардың ұлттық тұтастықпен ерекше байланысы бар жергілікті өзгерістерді барынша есепке алуға бағытталғанын көрсетті.
Британдық көрнекті әлеуметтік тарихшы Чарльз Фитьян-Адамстың бұл тә- сілді одан әрі жетілдіре түсуі интеграцияның түрлі деңгейі мен әртүрлі дәре- жесінің әлеуметтік-кеңістіктік құрылымдарын – қауымдастықтың өзегін, тұтас қауымды (ауылдық немесе қалалық), көршілес қауымдардың топтарын, жалпы мәдени-әлеуметтік сипаттамасы бар анағұрлым ауқымды саласын, графтық- ты, аймақты есепке алған жаңа теориялық моделін жасауға түрткі болды. Шек- теулі және өзара сабақтас әлеуметтік байланыстар салаларын қамтитын әлеу- меттік кеңістік концепциясы бұл модельге негіз ретінде алынды. Осылайша аралық әлеуметтік-кеңістіктік құрылымдардағы әлеуметтік макро және мик- ротарихтардың әдіснамалық жағынан өзара тоғысу перспективасы белгіленді. Микро тәсілдер зерттелетін нысандарды барынша нақтылауға және даралауға негізделген жергілікті тарихтың жаңа түрінің шеңберінде ғана таралып, жүйелі түрде дамыды.
Макротарихи қорытындылардың толық еместігі және сәйкессіздігі, орташа статистикалық көрсеткіштердің күмәнді болуы, үстемдік етуші парадигманың тарихи өткеннің ауқымды панорамасын жетекші тенденциялардың тар арнасы- на енгізуге бағытталуы, тарихи динамиканың көптеген нұсқаларының жалған нормативтік үлгілерге айналдырылу әрекеті анықталғаннан кейін микротәсіл- дер одан сайын тартымды бола түсті. Әлеуметтік тарихтың антропологиялық нұсқасы аясында микродеңгейге өтуі бастапқыда жаңа негіз арқылы (микро және макроталдау құралдарының кезекті комбинацияларына бағыт беретін) жалпылыққа қайта оралуды білдіреді, дегенмен алдағы уақытта осы жолда әр- түрлі қиындықтар мен кедергілердің кездесетіні де назардан тыс қалмады.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет