Қазіргі таңдағы қоғамтану және гуманитаристикада орын алған түрлі пәндер мен қосалқы пәндердің мамандануының, ішкі жіктемесінің, бірлесуі мен бөл- шектенуінің күрделі әрі қайшылықты процестері кәсіби сана алдында жаңа мә- селелер қояды. Қандай да бір пәннің тарихы туралы ой-пайымдар әдетте шие- леніске толы дағдарыс кезінде белсенді бола түседі. Ол ғылыми танымның жаңа мәселелеріне ғана емес, сонымен бірге ғылымның өткеніне де қызығушылық тудырады. Сондықтан тарихтың академиялық пән ретінде өзін түсінуге деген ұмтылысы – заңды құбылыс.
Тарих – ең алдымен, қоғамның өзін-өзі тану мен бірегейлендіру тәсілі. Миф, эпос, қасиетті хикая тәрізді әртүрлі формаларға бейімделсе де, тарих әрдайым болды. Тарих тек модерн дәуірінің қоғамдарында ғана ақиқатты іздеуге бағыт- талған және тарихи сын мен жалпы қабылданған шынайылық критерийлеріне сүйенген рационал ғылыми білім ретінде мойындала бастады. Бірақ тарих қо- ғамның қажеттілігіне жауап беретіндіктен, ол үнемі қайта жазылып отырды. Бү- гінгі күні тарихтың ғылым ретінде дәрменсіз күйге ұшырағанын жиі тілге тиек ететіндер оның ерекшеліктерін түсінбейді, одан өзгермейтін ақиқатты анықтау- ды, қоғамдық дамудың әмбебап заңдары мен оның болжамдарын күтеді.
Қазіргі кәсіби тарихнаманы және тарихи мәдениетті жаңарту мәселесі жа- ңаеуропалық рационализмнің дағдарысынан, классикалық детерминизмнен, әлемді жалпыға ортақ заңдылықтар призмасы арқылы көруден бас тарту талпы- нысынан туындады. хх ғасырдың барысында әлем бұрын-соңды болмаған қар- қынмен өзгеріп отырды, осындай түбегейлі ауыс-түйістерде ғылыми прогресс айрықша рөл атқарды. Бірақ бұл өзгерістер ғылымның мәртебесіне де ықпал етті: алдымен оны қоғамдық құндылықтар жүйесінде жоғарғы орынға шығара отырып, ғасыр соңына қарай оның негізгі бағдарларына күмәнмен қарады. Бұл процестің ішкі себептері де бар. Бүгінгі таңда адамзат қызметінің ғылым деп аталатын түрінің критерийлері қайта зерделенуде. Барлық ғылымда, жараты- лыстануды қоса алғанда, заңдылықтар мен тұрақтылықты талдаудың орнына жекені, бірегейлікті, кездейсоқтықты зерттеу мәселесіне ерекше назар аудары- лады. дағдарыс жағдайы ғылымның философиясында да, сондай-ақ тарихқа қа- тысты көзқараста да орын алды. Ғылыми, діни, эстетикалық тәрізді білімнің әр алуан түрлерінің арасалмағы да өзгеріске ұшырады.
дегенмен постмодернистік бағдарламаның қиратушы қызметі танымның жаңа жолдарын көрсетіп берді. Біртіндеп әлемнің жаңа моделі қалыптаса бастады, қа- зіргі әлеуметтік-гуманитарлық білім аясында ізденістер жүріп жатыр. Келмеске кеткен ескінің орнына келген тарихтың жаңа парадигмасын жасау процесі өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы болса да, мәдениет категориясын басты орынға қойған бағыттардың жемісті даму мүмкіндіктерінің бар екені анық. Бұл алдымен міндеттерді жаңаша түсінуге, одан кейін тарихи зерттеулердің нысан- дық алаңындағы, концептуалдық аппаратындағы және әдіснамалық базасындағы сапалы өзгерістерге алып келеді. Осылайша барлық критерийлер бойынша жаңа- ру немесе жаңа ғылымның қалыптасуы жүріп жатыр. Оның трансформациялық процесі ұзаққа созылып кеткен дағдарыс ретінде қабылданатыны түсінікті.
ҚОРЫТЫндЫ 225 Постмодернистік интеллектуалдық бағдарлама өткен кезең туралы түсінік- тердің өзгеріске ұшырауы арқылы болашақтың табиғатын анықтайды. Тарихта жаңа жолдарды үнемі іздестірудің негізі – қазіргі кезеңнің өткені туралы сұрай- тын сауалдардың тұрақты өзгеруіне орай өткеннің және бізге жеткен кез келген ескерткіштердің сарқылмауында. Тарихи ескерткіштерде таңбаланған өткеннің белгілерін түсіндіруге бағытталған тарихшының ойы қазіргі таңдағы алғышарт- тардан туындайды: тарихтың концепциясы хаостық фрагменттік материалды ұйымдастыратын күш алаңы ретінде әрекет етеді. Тарихшы мен тарихи дерек арасында үнемі әртүрлі біржақтылықтардың, жалған сенімдердің, тілдік және мәтіндік құрылымдардың тұтас қабаты бар. Тарихтың функциялары шартты түрде танымдық-аналитикалық, әлеуметтік және эстетикалық болып бөлінеді. Соңғы екеуі, шын мәнінде, тарихты жазудың әлдебір жаңа субъективті шын- дықты құру қабілетіне негізделген. Әртүрлі кезеңдерде аталған функциялардың біріне басымдық беріліп отырды. «Төменнен жазылған тарихтың» жақтастары тарихтың әлеуметтік функциясын күшейтті, олар тарих түрлі мақсаттары мен формалары бар белгілі бір әлеуметтік контекстің ішінде жазылады және пайда- ланылады, ал оның жазылуы мен қолданылуы саяси бәсекелестіктің элементтері болып саналатынын атап өтті. Бірақ тарихты әдебиет және өнермен теңестіретін постмодернистік парадигманың жақтастарының тарихтың эстетикалық функ- циясына ерекше назар аударуы да айтарлықтай маңызды.
Ғылымның ішкі логикасының дамуы мен қоғамдық өзгерістері оны алаң- датпай қоймайды: жаңа деректермен толығады, ескілері қайта зерделенеді, ға- лымдардың буыны ауысады, зерттеудің жаңа әдістері мен бағалау критерийлері пайда болады. Бірақ бұрынғы бағыттар мен жинақталған тәжірибе із-түссіз жо- ғалып кетпейді, дамудың жаңа серпіні тарихнаманың дәстүрлі мектептерінен бастау алады.
Қазіргі таңда тарих ғылым ретінде нысанын, әдістерін және мазмұнын қайта анықтаудың ең қиын әрі күрделі кезеңдерін басынан өткеруде. Бұл жаңашыл- дық бір жарым ғасыр бұрын қазіргі тарих ғылымының негізі қаланған кезеңнен басталған әдіснамалық серпіліс ретінде сипатталады. Зерттеу тақырыбының шексіз және үздіксіз кеңеюі тарих ғылымының өзіндік жеке пәнінің жоғалуына алып келуі мүмкін деген пікірлер айтыла бастады. Бірақ тарих барлық әлеумет- тік-гуманитарлық пәндер арасындағы ең бір синтездік пән болып қала береді: олардың әрқайсысы тек қазіргі шындықтың бір ғана саласын зерделесе, тарихты өткеннің барлық аспектілері қызықтырады. Міне, сол себептен бүгінгі адам мен қоғам туралы білімнің дамуы тарихи танымның нысаны туралы біздің түсінігі- мізді тереңдетеді және қазіргі тарихи білімнің мазмұнын байыта түседі.
интеллектуалдық тарихтың ең қызықты саласының бірі – тарихи сананың тарихы. Тарихты әдебиетпен біріктіру тарихи ақпаратты шығару, сақтау, және тарату тәсілдеріне және онымен айла-шарғы жасауға деген қызығушылықты арттырды. Тарихи сана ахуалының қарқыны оның кәсіби-элиталық және қара- пайым-бұқаралық секілді екі деңгейінде де көрініс табады. Ғылыми дәйекте- ме мен әдеби репрезентация полюстері арасындағы тарихнама қозғалысының траекториясымен оның күрделі тарихының бір нұсқасы жазылуы мүмкін.
Түрлі мәдениеттер мен дәуірлер адамдарының өткені туралы түсініктерді зерде- леуде тарихи қиял мәселесіне, сондай-ақ индивидтің алғашқы қауымдастықтарда
226 ҚОРЫТЫндЫ және ұлттық мектептегі білім жүйелеріндегі әлеуметтену процесі барысында қа- лыптасатын тарихи сананың базалық деңгейінің концепциясына айрықша назар аудару қажет. Өйткені өткен кезең адамдарының өмірлері туралы ойдан шыға- рылған әдеби әңгімелерден айырмашылығы – тарих сабағындағы әңгімелер әр- қашан шындыққа негізделіп құрыстырылады. Оқушы тарих сабағында ақпаратты жүйелеуді, жазуды, қолдануды үйрене отырып, «жауапты тұлғалар» растаған және
«бұл шын мәнінде болды» деген нақты мәліметке көз жеткізеді, осылайша оның санасына сіңірілген ақпараттық топтамалардың нәтижесінде уақыт өте келе өт- кеннің әлеуметтік-сараланған және саясиландырылған түсіндірмесі жасалады.
Тарихи мәдениет тарихы саласындағы зерттеулердің аталған бағыттарымен қатар, жоғарыда тілге тиек етілген «орталық позиция» тұрғысынан тарих ғы- лымының тарихына жаңа көзқарасты білдіру мәселесі нәтижелі болып көріне- ді. Бұл жерде әңгіме дәстүрлі тарихнамалық тәсілден барған сайын алшақтай түскен және тарихи идеяларды, бағыттар мен мектептерді сипаттау мен «тү- гендеуден» мәдени-тарихи антропологияның немесе жаңа мәдени тарихтың принциптеріне негізделген олардың анағұрлым нәзік талдауларына көшуге ұм- тылған ғылыми тарихи сын жөнінде болып отыр. Осы талдаудың басты нысаны ретінде тарихшылардың зерттеу санасы саласындағы сапалы өзгерістерді атауға болады. Мұның өзінде тарихи сын тек «соңғы өнімдерге», яғни кәсіби қызметтің нәтижелеріне ғана емес, барлық шығармашылық зертханаларға, зерттеу психо- логиясы мен тәжірибесіне және, жалпы алғанда, тарихшының шығармашылық мәдениетіне ерекше назар аударады.
Тарихшы тек өзінің қазіргі жалпы мәдени ортасына ғана емес, сондай-ақ
«жаңа» сөзі басты болып саналатын құрылымдар мен бағыттарды анықтау та- рихнамасындағы үнемі қайталанып тұратын жаңашылдық терминологиясына қарамастан, өзіндік дәстүрі бар жергілікті кәсіби мәдениетке «толығымен бой- лай енеді». дәл осы жағдайларға байланысты жаңа сапаны қалыптастыратын шарттардың бүкіл кешенін жан-жақты талдау мен анықтау қажеттігі туындай- ды. Бұл, сөзсіз, тарихи танымның міндеттері мен әдістеріне ғана емес, тарихты жазу тәсіліне де қатысты.
Күрделі тарихи құбылысты зерттеудің мұндай біртұтас тәсілі уақыт өте келе міндетті түрде болатын өзгерісті бастан кешірген белгілі бір интеллектуалдық жүйе, әлеуметтік-гуманитарлық білім ретіндегі тарихтың нақты формаларын дәйекті және жүйелі түрде талдауға бағытталуы мүмкін. Бұған «жаңа тарих ғы- лымының» тарихты проблематизациялау, дерекпен жұмыс істеудегі тарихшы- ның белсенді рөлін мойындау, біржақты факторлық талдаудан бас тарту сияқты негізгі ұстанымдарының бірін құрайтын пәнаралық ұғымы өзгеріске ұшыраған метоморфоз фактісін мысал ретінде келтіруге болады.
интеллектуалдық саладағы жалпы процестің құрамдас бөлігі болып сана- латын тарихнамалық революция тарих ғылымының тарихындағы алғашқы әрі соңғы өзгеріс емес. Мұндай сәттерде тек ағымдағы жағдайды және ашылып отырған көкжиекті түсіну қажеттігі ғана туындамайды, сонымен қатар өткенді қайта пайымдау мен бағалауға мүмкіндік беріледі, әрине, біріншісі екіншісін- сіз жүзеге аспайды. Кез келген қоғамда және саяси құрылымда тарихшылардың қазіргі дәуір мен оның қысылтаяң жағдайларына толықтай тәуелділігі, олардың шындыққа тереңдеп еніп кеткені анық байқалады. Сыртқы күштердің әсерінен
ҚОРЫТЫндЫ 227 және қазіргі уақыттың қарқынды оқиғаларын, күрделі мәселелері мен сабақта- рын зерделеу нәтижесінде оларға өздерін жетілдірген тарихнамалық дәстүрді, тарихшылардың қаншама буындары жинақтаған тәжірибе мен білімді қайта па- йымдауға, өткен кезең туралы өзінің көзқарасын өзгертуге, оны танудың жаңа жолдарын іздеуге тура келеді.
Сондықтан тарихи зерттеу мәселелеріндегі өзгерістерді, жеке түсініктер мен әлеуметтік процестер контексіндегі ғылыми тұжырымдамалардың, тәсілдердің дамуы мен өзгеруін әлеуметтік-саяси және идеологиялық қайшылықтар, сон- дай-ақ дәуірдің интеллектуалдық қарсылықтары ретінде жеке әрі кәсіби қа- былдау призмасы арқылы қарастыру қажет. Осыған орай, тарихи ой мен тарихи білімнің тарихындағы бағалау критерийлерінің мәселесімен тығыз байланысты ғылыми объективтілік пен идеологиялық біржақтылықтың тарихнамадағы ара- қатынасы туралы мәңгілік әрі өзекті мәселе туындайды.
Ғылымның егемендігі қай жерде аяқталатынын және саясат пен идеология үстемдігінің қай уақытта басталатынын анықтау – күрделі міндеттің бірі. Қазір- гі таңда ғылыми немесе объективті тарихтың қарсыластарының пікірлерін жиі естуге болады. Бұл сыншылардың пікірінше, тарихшылар шындығына келгенде, өткенді сипаттаумен айналысудың орнына әрқашан өз уақытының тарихын не- месе өмірбаянын ғана жазады.
Бұл белгілі бір дәрежеде шындық, өйткені тарихшылардың әрбір буынының өткен кезеңді зерделеу барысында көтеретін жаңа мәселелері міндетті түрде осы ұрпақтың мүдделері мен қорқынышын бейнелейді. Сонымен қатар опти- мистер скептиктерді жоққа шығармай-ақ, зерттеуші жаңа сұрақтардың жауабын бүгінгі күннен емес өткеннен іздегенге дейін, оның өз жағдайына, қоғам мен мә- дениетіне деген тәуелділігін тарихи таным үшін еңсерілмейтін кедергі ретінде көрмейді.
Әрине, абсолютті объективтілік қолжетімсіз: тарихнамада қандай да бір сая- си бағдар, әлеуметтік позиция, құндылықтар иерархиясы әрдайым көрініс таба- ды. Алайда жаңа миф жасаушылыққа қарсы дәстүрлі және қазіргі тарихнаманың сыни аппаратын пайдалана отырып, шындықтың дәнін арамшөптен тазалап, жалған нәрсені анықтауға мүмкіндік беретін «ар-намыс кодексі», кәсіби норма- лар мен критерийлер бар.
Тарихшы қазіргі кезең мен өткен дәуірдің арасындағы бітпейтін диалогтың белсенді делдалы бола отырып, тарихнамалық дәстүрде өзінің қолтаңбасын қал- дырады. Қазіргі зерттеуші «орналасқан» әлем тоқтаусыз жылдам өзгеріп отыра- ды, өз кезегінде, осы диалогтың шарттары мен мазмұнын өзгертеді. Күрделене түскен әрі кейбір тұстарда үзіліп кеткен өрнектердің түйінін шешу үшін жалпы заңдылықтарда емес, бірсәттік жағдайдың бірегейлігі (жағдайлардың барлық жиынтығын ескере отырып) мен мифтерді әшкерелеп, тарихи санадағы (әдетте- гі және кәсіби) көнерген таптаурындарды еңсерген ғалымның шығармашылық даралығында жатқан дәнекер буынды табу қажет.
Постмодернистік қарсылықтан сабақ алған қазіргі тарихнаманың жаңа ба- ғыттары бізге тарихи білім мен тарих ғылымының дамуын анықтаған процес- терді тереңірек түсінуге, олардың кең ауқымдағы интеллектуалдық және мәде- ни контексіндегі жаңа өзгерістерді анықтауға нақты мүмкіндік бере отырып, өзінің құндылығын дәлелдей алады.