Тарих история history


Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева
36 
Вестник Карагандинского университета 
саяси-әлеуметтік-мәдени қозғалысына қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар ретінде К.А. 
Бедирхан, И.Ч. Ванли, Дж. Блау, Н.А. Халфин, М.С. Лазарев, М. ван Брюйнессен, А.Р. 
Гассемлоуды мысал ретінде келтіруге болады. Бұл топтағы ғалымдар күрді ұлтының 
болмысын қалыптасқан этнографиялық зерттеу әдістерімен емес, керсінше, «күрді ұлтының 
мәселелері» деген термин астында қарастырды. Бұл сол кезеңдегі күрді ұлтының өзі 
қоныстанған мемлекеттермен саяси-әлеуметтік-мәдени құқықтары жолындағы күресіне 
қатысты мәселелерді жан-жақты қарастыруға бағытталғандығын көрсетеді.
Күрділерге қатысты зерттеу жүргізген үшінші буындағы ғалымдар тобы XX ғасырдың 
80-90 жылдарында жатады. Бұл кезеңдегі ғалымдардың зерттеу еңбектері негізінен ілгерідегі 
зерттеулерден өзінің жаңашыл тәсілдерімен ерекшеленеді. XX ғасырдың 80 жылдары «ұлт 
(этнос)», «ұлт (нация)» ғылыми ұғымдары жаңа конструктивистік және структуралистік, 
функционалистік бағыттағы жаңаша ойлар мен көзқарастар, ғылыми-тәсілдермен 
байытылды. Осыған орай, күрділерге қатысты зерттеулер бағыты да жаңаша көзқарастар мен 
позициялармен байытылды. Енді «күрді» деп Таяу Шығысты мекендейтін жалпы бір ұлт 
қарастырылады ма, әлде «түркиялық күрдтер», «ирандық күрдтер», «ирактық күрдтер» және 
«сириялық күрдтер» деп жеке бөліп қарастырылуы керек па дейтін ғылыми сұрақтар кең 
айналымда болды. Жаңа конструктивтік бағыт бойынша кез-келген ұлттың болмысы уақыт 
пен кеңістіктің дамуына қарай ұлт-аралық үздіксіз өзара қарым-қатынастар негізінде үздіксіз 
жаңара өзгеретіндігін ескерсек, «түркиялық күрдтер», «ирандық күрдтер», «ирактық 
күрдтер» және «сириялық күрдтерге» қатысты жалпылама ұғым беріп сипаттау негізсіз 
екендігін көрсетеді [7]. 
ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап әлеуметтік ғылымдарда жаңа үрдіс пайда болды. 
Бұл әлеуметтік, саяси, мәдени құбылыстарды түсіндіруде, сипаттауда пәнаралық тәсілдің 
(interdisciplinary approach) енгізілуі мен кеңінен қолданылуымен тығыз байланысты болды. 
Күрділер мәселесі де жаңа тәсіл бойынша зерттеле басталды. Түркия, Иран, Ирак, Сирия 
күрдтеріне қатысты «азшыл ұлттар құқығы», «әлеуметтік-саяси теңдік және әділдік», 
«геноцидке қатысты моральдық позиция», «феминистік көзқарас», «дискриминация мен 
ассимилияция» сияқты мәселелер 4 мемлекетті мекендейтін күрді ұлтының жағдаятымен 
ұштастырыла зерттеле басталды. Дж. Хилтерманн, Дж. Мелла, К. Маккиернан, Н. Энтессар, 
Дж. Нериа, Х. Бабакр, С. Рой, М. Чарунтаки сынды бір топ ғалымдардың еңбектері мен 
зерттеулері Түркия, Иран, Ирак, Сирия территорияларын қоныстанған күрділердің әр 
мемлекеттегі әлеуметтік, саяси, мәдени әлеуетіне бағытталды [6]. 
Жоғарыдан қорытындылай келе, сецессионистік қозғалысқа қатысты, соның ішінде 
күрді сецессионистік қозғалысын тікелей зерттеу нысаны ретінде бекітіп, тереңірек, жан-
жақты қарастырып, сараптайтын зерттеу қазіргі таңда жоқтың қасы екені байқалады. Бұл 
«сецессионистік қозғалыс» ұғымының әлеуметтік ғылымдар саласында әлі толық ғылыми 
айналымдағы қалыптаспағандығын көрсетеді. «Сецессионистік қозғалыс» ұғымына қатысты 
қазірге дейінгі қалыптасқан тұжырымдар мен ғылыми анықтамалар негізінде күрді ұлтының, 
соның ішінде ирак күрді ұлтының егеменді мемлекет құру қозғалысын жан-жақты талдап-
түсіндіру бұл зерттеудің ілгерідегі зерттеулерден ерекшелігін көрсетеді.
2.
 
«Сецессия» тұжырымы 
Тарихи кезеңдік тұрғыдан «сецессия», «сецессионизм» құбылысы күні кеше пайда 
болған ұғым емес. «сецессия» ұғымы латынның «secessio – бөліну, шығу» деген сөзінен 
шығады. Сецессияға қатысты толық дерек сонау 1734 жылы Шотландия Шіркеуінің 
Англикандық Шіркеуден бөлінуінен шығады [8]. Ал, саяси-әлеуметтік ғылымдағы 
сецессияның анықтамасы бертінде қалыптасты. Сецессия дегеніміз – ұлтаралық жанжалды 
шешудің радикалды тәсілін білдіреді. Сецессия нәтижесінде белгілі бір халық пен 
территория белгілі бір мемлекеттің аумағынан бөлінеді де тәуелсіз субъектке (саяси субъект) 
айналады [9]. Ал, «сецессионистік қозғалыс» - сецессияны мақсат етіп, осы мақсатты жүзеге 
асыруға бағытталған әрекетті білдіреді. Сецессиялық қозғалысты жүзеге асырушы топ немес 
ұлт – «сецессионистік топ» немесе «сецессионистік ұлт» деп аталады [10]. Қазіргі дейін сәтті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет