Тарих және география пәнінің мұғалімі 2017 жыл Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында география пәнін оқытудың тиімділігі


жыл Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында



бет2/2
Дата06.07.2018
өлшемі97,77 Kb.
#47920
1   2

2017 жыл

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында

география пәнін оқытудың тиімділігі

Шағын жинақты мектептерде оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсарту – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Шағын жинақты мектептердің жыл санап көбею мәселесі еліміздің барлық өңіріне тән жағдай. Шағын жинақталған мектептерде мұғалімнің негізгі мақсаты: бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу екені белгілі.

Бұл үшін шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үрдісін кіріктіре оқытудың әдістерін тиімді пайдалана отырып өткізу керек.

Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты – баланы қоғам өміріне белсене араласуға қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араласуы, жалпы мәдениеті мен білімге деген ынтасының артуы, сөйлеу дағдысының жетіліп, болашақта үлкен орта жағдайына бейімделу қабілетіне тәрбиелеу болып табылады. Міне, осындай тұлғаны қалыптастыруда мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, біріктірілген сыныпта отырған әртүрлі жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, олардың өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын одан әрі дамыту міндетін жүзеге асырады.

Кіріктірілген сыныптарда әртүрлі екі сыныптың оқушылары қатар оқытылатындықтан сабақ кестесі мен сабақ жоспарын бір-бірімен шебер үйлестіре білу, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарының әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен білім деңгейлеріне сай келуін сәйкестендіру, сабақ уақытын дұрыс пайдалану сыныпта сабақ беретін пән мұғалімінен айтарлықтай педагогикалық үйлестірушілік-шеберлікті талап ететін үрдіс екендігі сөзсіз.
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту жүйесінің дидактикалық жүйесінің негізгі құрылымы: білім беру, оқыту, білім, білік, дағды, мақсат-міндеттер, білім мазмұны, оқыту формасы, оны ұйымдастыру жолдары, әдістері, оқыту тәсілдері және оқытудың нәтижесі сияқты маңызды бөліктер әлі де болса жеке педагогика ғылымының саласы ретінде терең зерттеліп, жүйеленген жоқ. Тек пән мұғалімдері өз пәні бойынша үйлестіру, ұйымдастыру шеберліктерінің арқасында оқыту үрдісін жүзеге асырып келеді десек артық айтқандық емес.
Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді.

Оқушы саны аз сыныптарда сабақ берудің тиімді жақтары да баршылық:

1) оқушы саны аз сыныптағы әрбір оқушы, оның сабақтағы іс-әрекеті мұғалім назарында болады;

2) әр оқушының дара ерекшеліктері, танымдық қызығушылығы есепке алынады;

3) жеке тапсырма беруге, тексеруге уақыт жеткілікті;

4) даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндіктер молаяды;

5) жаңа педагогикалық технологияларды ебін тауып қолдануға болады;

6) әр оқушымен, қабілетті, үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі бар.

7) оқушы тұлға ретінде өзін көрсете алады. Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу кәсібіміздің басты құралы болып саналғандықтан, оны пайдалану мүмкіндігі мол.


Кіріктірілген сыныптарда қолдануға тиімді әдіс-тәсілдер:
Шағын жинақты мектептерге арналған оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтардың аздығы өз кезегінде аталған сыныптарда сабақ беретін педагогтардың жұмысын барынша қиындатып отырғаны белгілі.

Кіріктірілген сыныптағы сабақта мұғалім бір сыныппен жұмысты ұйымдастыру кезінде екінші сыныпқа топтық, өзіндік жұмыстарын ұсына отырып, уақытын ұтымды пайдаланады.


Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде төмендегі негізгі талаптарды басшылыққа алған жөн:
1) өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы тиіс;
2) өзіндік жұмыстың шарттары оқушылар орындай алатындай болуы;
3) өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт бөлу;
4) басты назарды орташа оқитын оқушыларға аудару қажет болған жағдайда қосымша түсіндіру;

5) оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмаларды ұсыну;

6) үлгісі және мазмұны бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлі болуы;

7) өзіндік жұмыстар оқушы үшін интеллектуалдық дамуының алғышарты болуы тиіс, бұл жағдайда ол саналы түрде орындалуы қажет;

8) жақсы оқитын оқушыларға қиындығы жоғары тапсырмалар дайындау;
9) мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыратын көптеген дидактикалық материалдар (әртүрлі кестелер, карточкалар) дайындау;
10) өзіндік жұмыс бағдарлама талаптарына сәйкес келуі керек.

География сабағында географиялық нысандарды кескін картаға белгілеу, кластер құру, әр түрлі тақырыпқа /көл, тау, пайдалы қазба т.б./ семантикалық карта толтыру, эссе жазу /«картаның адам үшін маңызы»/, тестпен жұмыстарды оқушылар өзіндік жұмыс ретінде орындайды.



/өз тәжірибесінен өзіндік жұмысқа мысал келтіру/

Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып оқушыларының білімін бақылау және тексеру мұғалім үшін күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Мұғалім біріктірілген сыныптармен бір уақытта жұмыс істегенде оқушылардың өздігінен орындау жұмыстарын үнемі бақылап отыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті мұғалім оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін оқушылардың өзара бір-бірін тексеру тәсілін пайдаланған дұрыс. Оқушылар бір-бірімен өзара дәптерлерімен алмасып,
өздігінен орындаған жұмыстарын тексереді. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі тексеруі және бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Өзін-өзі бағалау

Тапсырма

Мұғалім берген ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Тапсырма

Мұғалім

Берген

ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Ереже

10



Суретті әңгімелеу


8




1-тапсырма

4

1- тапсырма

4

2-тапсырма

4

2-тапсырма

3

4-тапсырма

3

3-тапсырма

5

6-тапсырма

4

Ереже

10

Бағалау критерийі:

25-30 ұпай – «5»;

15- 20 ұпай – «4»;

5-10 ұпай – «3»



Бағалау критерийі:

25-30 ұпай – «5»;

15- 20 ұпай – «4»;

5-10 ұпай – «3»



Шығармашылық жұмыс тек білімді бекіту кезінде ғана емес, сонымен бірге сабақтың басқа да сатыларында орындалуы тиіс. Оқу үлгерімі нашар оқушыларға ерекше көңіл бөлу керек. Мүмкіндігіне қарай оларға қосымша тапсырмалар беріп түсіндіру, ал озат оқушыларға қосымша күрделі тапсырмалар даярлау қажет. Бұл тапсырмаларды алдын ала тақтаға, плакатқа немесе жекелеген карточкаларға әзірлеуге болады.
Сондықтан дидактикалық материалдарды (әртүрлі кестелер, карточкалар, тапсырмалар) оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей етіп дайындау керек. Оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар ықыласын салып, оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды. Оқушыларға белгілі тақырыпта зерттеу жұмыстары, презентация дайындау, тарихи хронологиялық кесте құру сияқты тапсырмалар беру арқылы танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

ШЖМ география сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыру үшін пайдаланылатын әдіс-тәсілдер:

1. Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклеттерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.

2. Ақпаратты – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.

3. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету, рөлдік ойындар арқылы жүзеге асырылады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.

Оқушыларға сапалы білім беру үшін аталған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқытудың жаңа технологияларын қолданамын.



/өз тәжірибемнен айту/

7 сынып

8 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Еуразия. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:

1.     Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіндіріп оқытамын.

2.     Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,танымдық белсенділігін арттыру.

3.     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.


1.     Қазақстанның пайдалы қазбаларын түсіндіріп, талдау.

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,танымдық белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы: /кіріктірілген бөлімі/

1.Ұйымдастыру сәті.

2. «Ой қозғау» (2 сыныпқа бірдей тапсырма беруге болады.) Пайдалы қазба туралы кластер құру.

3. Мағынаны тану.

Пайдалы қазба туралы видео ролик көрсету.

4.Жаңа тақырыпты меңгеру,/ картамен жұмыс, негізгі ұғымдарды талдау./мұғаліммен ж/
5.Жұмыс дәптерімен, кескін картамен жұмыс (оқулық бойынша)



1.Ұйымдастыру сәті.

2.«Ой қозғау». » (2 сыныпқа бірдей тапсырма беруге болады.) Пайдалы қазба туралы кластер құру.

3. Мағынаны тану.

Пайдалы қазба туралы видео

ролик көрсету.

4.Жаңа тақырыпты меңгеру /оқулықпен жұмыс, кесте толтыру / өздігінен жұмыс/



Жанатын

Рудалы

Рудасыз










5.Жаңа тақырып бойынша аузша талдау, картамен жұмыс. /мұғаліммен/

6. Сабақты бекіту:

Венн диаграммасын толтыру

7-сыныпқа Еуразия пайдалы қазбалары.

8-сыныпқа ҚР пайдалы қазбалары.



7-8 сыныптар ортақ ұқсастықтарын табу.

8.Бағалау: Бағалау парағы бойынша .

9.Үй жұмысын беру


Қорыта айтқанда, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қоғам бізден, яғни мектеп мұғалімдерінен бәсекеге қабілеттілікті, шығармашылықты, құзіреттілікті талап етеді. Сондықтан да, үнемі ізденісте болған мұғалім ғана терең ойлы, интеллектуалдық потенциалы жоғары, бәсекеге қабілетті, Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеп үлкен өмірге сенімділікпен аттандыра алады. Құзыретті ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шәкірт жаңалыққа бейім болып, қазіргі заманның сұранысына сай, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эстетикалық талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын жан-жақты тұлға болып қалыптасары анық.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет