Тарих және құқық факультеті Құқықтану пәндері кафедрасы



бет4/7
Дата17.04.2017
өлшемі1,42 Mb.
#14052
1   2   3   4   5   6   7

«Федерация» -термині латынның «федераре» деген сөзінен шыққан. Ол біріктіру деген мағынаны білдіреді. Бұл күрделі мемлекет болып табылады. Федерация-унитарлы мемлекеттке қарағанда негізінде түгелімен әкімшілік аумақтық бірліктен тұрады. Қазіргі кезде шетел мемлекеттерінің арасында 23 федеративті мемлекет бар. Европада (Австрия, Бельгия, Германия, Швейцария, Югославия, сондай-ақ 1995 жылы құрылған Босния). Азияда (Үндістан, Малайзия, Пакистан), Америкада (Аргентина, Венесуэла, Канада, Мексика т.б.) т.б. Көптеген федерациялар –ірі және орташа мемлекетер. Олардың ішінде экономикалық жағынан қуатты елдер (Германия, АҚШ), дамуының жоғарғы деңгейі бар кішкене мемлекеттер (Австрия, Бельгия), мүлдем өнеркәсібі жоқ мемлекеттер (Комор аралдары) бар.


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

Шетелдердегі басқару нысандары. Шетелдердегі мемлекеттік құрылым нысандары. Саяси режимдер. Билік нысанынының негізгі түрлері. Мемлекеттік құрылым нысаны және оның негізгі түрлері. Саяси режим мәні. Саяси режимнің басты нысандары. Монархия. Республика. Унитарлық және Федеративтік. Автономия. Саяси режимдердің түрлері.



Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 1999. С.78-114.

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. С.161-238

  3. Конституционне право зарубежных стран. М., «Бек», 1996 \

  4. Абельдинов А., Қопабаев О. Президент Республики –символ и гарант незыблемости Конституции. «Мысль», 1996, №8, 2-8 беттер

  5. Абельдинов А., Қопабаев О. Конституционное право зарубежных стран. Алматы, «Жеті жарғы»

  6. Конституционне право зарубежных стран. М., «Бек», 1996

  7. В.Е.Чиркин «Конституционне право зарубежных стран» Москва Юристь, 1997


5- тақырып: Шет елдердегі саяси партиялар және партиялық жүйелер.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Саяси партиялардың түсінігі, олардың негізі, ұйымдастырылуы және қызметі.

  2. Шетелдердегі саяси партиялардың түрлері.

  3. Партиялық жүйелер.

  4. Саяси партиялардың құқықтық жағдайы.

Дәрістің мақсаты: Саяси партиялардың түсінігі, олардың негізі, ұйымдастырылуы және қызметін анықтап ашу. Шетелдердегі саяси партиялардың түрлерімен таныстыру. Партиялық жүйелер мен саяси партиялардың басқа қоғамдық бірлестіктерден айырмашылығын түсіндіру.

Дәрістің мамұны: Қазіргі кезде әлемдегі барлық елдерде екі мыңнан астам саяси партиялар бар. Мыс: Францияда- 15, Қытайда-12, Данияда-14, Италия мен Норвегияда -7, Литвада-30 дай, Ресейде-50 ден астам асями мақсат-мүддені көздейтін партиялар мен басқада азаматтық бірлестіктер бар. Саяси партия- азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ерекше түрі саналады әрі өздерінің құрылуының және қызметінің басты мақсаты етіп мемлекеттік билікті жүзеге асыруды көздейді. Өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру жолында саяси партиялар өздерінің билікке келуіне дауыс беру мен сайлауда көмектесетін сайлаушыларының, яғни өз тараптастарының мақсат –мүдделерін жүзеге асыруға бар көңілдерін бөледі. Сонымен бірге , соңғы жылдардағы тәжірбилер көрсетіп отырғандай, көптеген асяси партиялар мен ұйымдардың, қоғам ішінде әлеуметтік шиеленімтер мен қарама –қайшылықтарды болдырмау жолында, басқа әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің мүддесімен санасуларына тура келуде.

Саяси партиялардың құрылысын ұйымдастыруға көптеген фактілер әсер етеді, алдымен сол партияның өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ тарихи, ұлттық ерекшеліктері әсер етеді. Саяси партияларды құруда екі негізгі әдіс орын алған. Оның бірі-ұйымдастыру құрылысына қарай –ұйымдаса дайындалған, ал екіншісі –ұйымдаса дайындалмаған.



Ұйымдаса дайындалған партиялар - өзінің нақты ұйымдасуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұларда әрбір партия мүшесі партиялық құжаттарын алады, мүшелік жарналарын уақытылы төлейді, Жарғыда қаралған партия талаптарына қатаң бағынады. Партия көсемі басқарған орталық басқарма барлық партиялық істерде шешуші роль атқарады.

Ұйымдаса дайындалмаған партиялар – ең алдымен көзге түсетін сипаттарының бірі – ресми мүшеліктерінің жоқтығы. Өздерін осындай партияның мүшесімен деп санайтындар ұйымдасқан түрде олармен байланыса алмайды:олар партиялық құжаттарын алмаған, сондықтан да партияға алу жарнасын, мүшелік жарналарын төлемеген, партиялық тәртіп оларға таралмаған болады. Партияның мұндай мүшелері көбінесе, сайлауда сол партия үшін дауыс беретін сайлаушылар болып саналады. Республикалық және Демократиялық партиялардың ұйымдастыру құрылысының аппараты өте күрделі де ретсіз келеді. Дегенмен де ол сайлау өткізу, сайлау алдындағы күресті жүргізу істеріне машықтанбаған.

Партиялық жүйелер-Шетелдердің партиялық жүйелері өздерінің шектен тыс әр түрлігімен ерекшеленеді. Партияларды жіктегенде олардың әлеуметтік –саяси белгілеріне, қандай әлеуметтік мүддені білдіретініне, өздерінің және қоғам алдына қандай мақсаттар қойып, оған қандай саяси жолдармен жететіндеріне баса көңіл қояды.

Партиялық жүйелер: көп картиялық, екі партиялық, бір партиялық болып бөлінеді.:

  1. Монополиялы биліксіз партиялардың көп партиялық жүйесі.

Мұндай жағдайда бірде-бір партия жеке дара парлмаентте көпшілікке ие бола алмайды. Сондықтан, әр түрлі саяси одақтар құруға мәжбүр болып, коалициялық өкімет орнатуды көздейді. Италияның партиялық жүйесі дәлме-дәл үлгі болады. Мұндай жүйелер Бельгия, Дания, Нидерланд елдерінде және басқа да елдерде бар.

  1. Монополиялық билікті көппартиялық жүйесі.

Жүйенің бұл түрінде парламенттік көпшілік бір партияға ғана тән болып, ол бір партиялық үкімет түзеді. Мұндай партиялық жүйе, мыс: Жапонияда қалыптасқан. Онда екі палатада да буржуазиялық либеральды-демократиялық партия үстемдік дәрежеге ие.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Саяси партиялардың түсінігі, олардың негізі, ұйымдастырылуы және қызметі. Шетелдердегі саяси партиялардың түрлері. Партиялық жүйелер. Саяси партиялардың басқа қоғамдық бірлестіктерден айырмашылығы. Партия қызметінің тәртібі және құқықтық статусы. Саяси партияларды заңды институттандырудың негізгі тәсілдері. Саяся партияларды құрудың негізгі әдістері. Партиялық жүйелер, олардың алуан түрінің негізгілері. Партия және ішкі саяси механизімі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 1999. С.187-203

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. С.349-390

  3. Абельдинов А., Қопабаев О. Президент Республики –символ и гарант незыблемости Конституции. «Мысль», 1996, №8, 2-8 беттер

  4. Абельдинов А., Қопабаев О. Конституционное право зарубежных стран. Алматы, «Жеті жарғы»

  5. Алексеев С.С. Теория право. М., «Юридическая литература», 1993.


6- тақырып: Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сайлау құқығының түсінігі және негізі.

  2. Сайлаудың негізгі принциптері.

  3. Сайлауды өткізудің тәртібі және ұйымдастырылуы.

  4. Шетелдерде сайлауды өткізудің құқықтық негіздері.

  5. Дауыс беру тәртібі мен сайлауды қорытындылау. Референдум.


Дәрістің мақсаты: Сайлау құқығының түсінігі және негізін ашу. Сайлаудың негізгі принциптері баяндау. Сайлауды өткізудің тәртібі және ұйымдастырылуын толық анықтап мәліметтеу. Шетелдерде сайлауды өткізудің құқықтық негіздерін көрсету.

Дәрістің мазмұны: Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі – оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін -өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысуы болып табылады. Сайлаудың төте және төте емес түрлері болады.

Төте сайлауда сайлаушылар кандидаттар үшін тең құқықта, тікелей дауыс беруге қатысады.

Төте емес сайлауда сайлаушылар белгілі бір кандидаттарға дауыс бермейді, тек оны іріктеушілерге дауыс береді, мыс: АҚШ президенттіне, Финляндия президентіне, Эстония президентіне.

Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған. Мыс: Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша Ресей Федерациясының азаматтары мемлекеттік басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқықықты. Бұл елде мемлекет басшысы оның өз азаматтарының жалпыға бірдей және тікелей сайлау құқығы негізінде дауыс беруі арқылы сайланады.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматарының сайлауға қатысуын айтады.

Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде қатысады.

Төте дауыс беру. Кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды.

Жасырын дауыс беру. Сайлаушылардың өз еркімен көңіл білдірулерін бақылауға алуға тыйым салынады.

Сайлау еркіндігі. Сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді.

Сайлау құқығы белсенді сайлау құқығына және белсенді емес сайлау құқығына бөлінеді. Біріншісінде сайлаушылар дауыс берсе, екіншісінде сайланып қойылатын лауазымға үміткерлік құқығы беріледі.

Сайлауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі және сайлау жүйелері

Қашан да, қай елде де сайлау заңмен белгіленіп көсетілген мерзімде өткізіледі. Мыс: Президенттік республикаларда парламент сайлауы белгілі бір уақыт кесімінде, қатаң белгіленген мерзімде өткізіледі. Мыс: АҚШ -та жұп жылдарының қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбісінде палатасының түгел құрамы және сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайлаудан өтеді.

Ал, парламенттік республикалар мен парламенттік монархияларда сайлаулар, әдетте, жалпы ұлттық өкілетті органдардың өкілетті мерзімі аяқталғаннан кейін ғана өткізіледі. Сайлаулар өткізуді басқару көптеген елдерде арнайы осы мақсатта құрылатын органдар арқылы жүзеге асырылады. Мыс: Ресейде, Пакистанда, Түркияда,ФРГ-да, Испанияда, Молдава Республикасында. Сайлаулар сайлау округтері бойынша өткізіледі. Округтер бір мандатты (яғни, бір депутат сайланады), көпмандатты (яғни, округтан бірнене депутаттар сайланады).

Сайлау жүйесі деп-сайлауға қатысқан сайлаушылардың дауыс беруін есептейтін заң тарапынан белгіленген есептеу тетігін айтады. Дүние жүзінде сайлау жүйесінің негізігі үш түрі бар. Олар: мажоритарлық, тепе-теңдік және аралас деп аталады.

Мажжоритарлық деп- дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.

Тепе-теңдік сайлау жүйесінің мажоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципімен емес, қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттардың тепе –теңдік принципіне сүйене жасалады. Тепе-теңдік жүйе толық (сайлау округі болып бүкіл ел саналса) және шектеулі (елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса). Тепе –теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т.б. елдер сайлау өткізеді.

Аралас жүйепарламенттің бір бөлігін мажоритарлық жүйе мен, бір бөлігін партиялық тізіммен жүзеге асыруды айтады. Аралас жүйе, мыс: Герман Бундестагына сайлауда ФРГ –де қолданылды.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Сайлау құқығының түсінігі және негізі. Сайлаудың негізгі принциптері. Сайлауды өткізудің тәртібі және ұйымдастырылуы. Шетелдерде сайлауды өткізудің құқықтық негіздері. Дауыс беру тәртібі мен сайлауды қорытындылау. Азаматтардың сайлау құқығы. Белсенді, бәсең сайлау құқығы. Төте және жанама сайлау құқығы. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі. Референдум мен сайлаудың өзара айырмашылығы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 1999. С.187-203

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. С.349-390

  3. Абельдинов А., Қопабаев О. Президент Республики –символ и гарант незыблемости Конституции. «Мысль», 1996, №8, 2-8 беттер

  4. Абельдинов А., Қопабаев О. Конституционное право зарубежных стран. Алматы, «Жеті жарғы»

  5. Алексеев С.С. Теория право. М., «Юридическая литература», 1993.


7-тақырып: Шет елдердегі мемлекет басшысының Конституциялық –құқықтық мәртебесі.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Шетелдердердің мемлекеттік механизіміндегі мемлекет басшысының ролі және орны.

  2. Мемлекет басшысының міндеттері

  3. Мемлекет басшысының өкілеттігі.

  4. Мемлекет басшысының құқықтары.

Дәрістің мақсаты: Шетелдердердің мемлекеттік механизіміндегі мемлекет басшысының ролі және орнын түсіндіру. Мемлекет басшысының міндеттерін анықтау. Мемлекет басшысының өкілеттігіне сипаттама беру. Мемлекет басшысы институтын талдау.

Дәріс мазмұны: Көптеген шетелдердің Конституциясында мемлекет басшысы институты бекітілген. Мемлекет басшысы деп, басќарудыњ ешбір нысанына ќарамастан, белгілі бір елдіњ мемлекеттік билік жүйесіндегі заңды түрдегі жоѓары лауазымды тұлғаны айтады. Монархия нысанында басќарылатын елдіњ мемлекет басында монарх (император, король, т.б.) болады. Басќарудыњ республикалыќ нысаны елдерінде мемлекет басшысы президент болып табылады. Оны әдетте әрдайым сайлайды. Әлемдік тәжірибеде президетті сайлаудың үш жүйесі бар:

1) Президентті тікелей сайлау президенттік республикаларда жүргізіледі. Президенттік республикада мемлекет басшысы бұл орынѓа парламент ќатысуынсыз отырады (мысалы, Ресей, Мексика, Бразилия, Өзбекстан, Венесуэла Республикасы, Молдава Республикасы, Панама, Парагвай Республикасы жєне т.б.). Президенттік сайлауѓа зањ бойынша дауыс беруге арналѓан тізімге енгізілген барлыќ сайлаушылар ќатысады; дауыс беру нєтижесі мажоритарлыќ сайлау жүйесі бойынша аныќталады. 2)Президентті жанама сайлау да президенттік республикаларда жүргізіледі. Бұл сайлау түрінде сайлаушылар әдетте, дауыс берушілер коллегиясын сайлайды, олар кейін президентті сайлайды. Мысалы, АҚШ президенті дауыс берушілер коллегиясы арқылы сайланады. 3)Көпдәрежелі сайлаулар. Президентті сайлаудың мұндай жүйесі парламенттік республикаларда (тек Австрия Республикасы,Исландия Республикасында) қолданылады. Мұндай сайлаулар үш түрлі болады:

- Президентті тек парламент сайлайды (Израиль, Туркия, Ливан Республикасы);

- Президентті сайлау үшін сайлаушы коллегиясы құрылады;

- Кейбір федеративтік мемлекеттерде президен коллегия арқылы сайланады.

Мемлекет басшысына заң шығару ынтасы құқығы берілген. Ол көбінесе жолдау түрінде (монархта – тақ сөзі) жүзеге асырылады. Конституцияның заңды тұжырымы заң жобасын тек қана мемлекет басшысы санкциялағанда ғана (бекіткенде ғана) өз күшіне ие болады. Ал, санкция бермеу (бекітпеу) жағдайында (вето) көптеген ауыр құқықтық салдарлар туындайды. Щетелдердің конституциялық құқығы ветоны үш түрге бөледі:



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Шетелдердердің мемлекеттік механизіміндегі мемлекет басшысының ролі және орны. Мемлекет басшысының міндеттері. Мемлекет басшысының өкілеттігі. Мемлекет басшысы институтын талдау. Монархтың заңды және шын мәртебесі. Президент сайлау реттерінің негізгі түрлері. Импичменттің жүргізілу тәртібі.



Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 1999. С.187-203

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. С.349-390

  3. Абельдинов А., Қопабаев О. Президент Республики –символ и гарант незыблемости Конституции. «Мысль», 1996, №8, 2-8 беттер

  4. Абельдинов А., Қопабаев О. Конституционное право зарубежных стран. Алматы, «Жеті жарғы»

  5. Алексеев С.С. Теория право. М., «Юридическая литература», 1993.


8- тақырып: Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесіндегі Парламенттің орны.

  2. Парламенттердің құрылымы.

  3. Парламент депутаттарының құқықтық жағдайы.

  4. Парламент өкілеттігі. Заң шығару процессі.

  5. Парламенттің жұмыс істеу тәртібі.

  6. Парламенттің құқықтық жағдайы.

  7. Әлеуметтік парламенттік процедуралар.

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесіндегі Парламенттің орнын түсіндіру. Парламенттердің құрылымы мен Парламент депутаттарының құқықтық жағдайын ашып көрсету.

Дәріс мазмұны: Парламент – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің жоғарғы органы. Ең алдымен бір палаталы, екі палаталы (бикамералық), кейде ерекше жағдайларда үш палаталы парламенттер бар екенін де ескеруге тура келеді. Жоғарғы палаталардың құрылу тәртібінің біраз ерекшеліктері бар әрі оның төменгі палаталардың құрылу тәсілдерінен өз айырмашылығы бар:

1. Көптеген елдерде парламенттің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы құрылмайды.

2. Парламенттердің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы сайланады. Бірақ төменгі палаталардың құрылу барысында қолданатын реттерден белгілі бір айырмашылықтары болады.

3. Тікелей сайлау арқылы жоғарғы палаталардың құрылуы.

4. Кейбір елдерде парламенттің жоғарғы палаталары аралас жолдармен құрылады.

5. Парламенттің төменгі палатасы санына қарағанда жоғарғы палата санының аз болуы.

6. Әдетте, Жоғарғы палата мүшелерінің өкілеттік мерзімі ұзағырақ болады.

7. Парламенттердің жоғарғы палаталары құрылымына ішінара жаңарту тәртібін енгізу.

8. Кейбір елдерде жоғарғы және төменгі палаталарға сайлаулар бір мезетте өткізілмейді.

Депутаттардың құқықтық жағдайы конституция, конституциялық және басқа да заңдар, регламент пен әдет-ғұрып арқылы анықталады. Парламент депутаты, әдетте тұрақты негізде жұмыс істейді, яғни, ол кәсіби парламентарий болып есептеледі. Халық өкілі өзінің өкілеттігін тегін, яғни, өнеркәсіптегі органынан, қызметінен немесе қоғамдық қызметінен қол үзбей атқарады. Депутаттық қызмет ешқандай мемлекеттік немесе басқадай қызметпен сыйыспайтын, тек бір ғана заңды депутаттық жұмысымен айналысуды талап етеді. Депутаттық мандатқа екі негізгі құрам индемнитет және иммунитет кіреді. Индемнитетке келсек, депутат парламенттік қызметі үшін, оған кететін қаржылық шығындарды қоса есептегенде, лайықты сыйлық алады. Парламент депутаттарына нақты бір мемлекеттерде берілген иммунитетке сәйкес, олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар құқықтар мен артықшылықтар беріледі. Депутаттық мандаттың әрекет ету мерзімінің тоқтатылуы: прламентік өкілдік мерзімі аяқталғанда, депутатқа сайланған мерзімі өткенде, депутаттың өлуі нәтижесінде, депутатты мандатынан айырған жағдайда, сайлауды заңсыз деп тапқан жағдайда. Парламенттің ең басты қызметі – заңдар қабылдау болып табылады. Парламенттің маңызды қызметтерінің қатарына Үкімет пен оның мекемелері жұмысын бақылауды жүзеге асыру үшін жатқызуға болады. Өзінің басқару нысанына қарамастан дүние жүзі елдерінің бәрінде де парламент іс жүзінде өздерінің комитеттері мен тексеру комиссияларын құрады. Мұндай комитеттер мен комиссиялардың рөлі мен саяси құқықтық маңызы ең алдымен олардың жариялы түрде жұмыс істеуі әрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалың жұртшылыққа насихаталып, қоғамға ашық жетуінде. Омдусмен деп аталатын институт парламент тарапынан өкімет қызметі мен лауазымды адамдарды үздіксіз қадағалауды қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Сенім жайлы мәселенің қойылуы өз қызметі жайлы үкімет парламент алдында жауап беретін тек парламентарлық елдерде қолданылады. Ұялту резолюциясы үкімет ынтасынан емес, парламент ұсынысымен енгізіледі Интерпелляция (үкіметке, парламентке жазбаша түрде қойылатын сұрау, тілек) - үкіметтің қызметіне байланысты белгілі де нақты сұраққа түсінік беруді міндеттейтін үкіметке арналған үндеу. Шетелдерде заң шығару процесі төмендегі негізгі сатылардан тұрады:

- заң шығару ынтасын жүзеге асыру;

- заң жобаларын парламент комитеттерінде қарау;

- заң жобаларын палатада қабылдау;

- заң шығару процесін қорытынды сатысына парламент қабылдаған заңдарды санкциялау мен промульгациялау жатады.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесіндегі Парламенттің орны. Парламенттердің құрылымы. Парламент депутаттарының құқықтық жағдайы. Парламент өкілеттігі. Заң шығару процесі. Парламент жайлы түсінік. Парламенттердің жіктелуі. Парламенттердің басты қызметі. Парламент депутатының «индемнитет» пен «иммунитет» түсінігінің мәні. Депутаттың құқықтық жағдайы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 1999. С.187-203

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. С.349-390

  3. Абельдинов А., Қопабаев О. Президент Республики –символ и гарант незыблемости Конституции. «Мысль», 1996, №8, 2-8 беттер

  4. Абельдинов А., Қопабаев О. Конституционное право зарубежных стран. Алматы, «Жеті жарғы»

  5. Алексеев С.С. Теория право. М., «Юридическая литература», 1993.


9- тақырып: Тақырып: Шет елдердегі Үкіметтің Конституциялық –құқықтық мәртебесі.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мемлекеттің жоғарғы органдар жүйесіндегі Үкіметтің орны.

  2. Шет елдердегі Үкіметтің құрылымы және құрамы.

  3. Шет елдердегі Үкіметтің өкілеттігі.

  4. Үкімет міндеттері.

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің жоғарғы органдар жүйесіндегі Үкіметтің орны мен Шетелдердегі Үкіметтің құрылымы және құрамын түсіндіру.

Дәріс мазмұны- Үкімет нақты бір мемлекеттің атқарушы билігі жүйесіндегі жоғарғы алқалы орган болып табылады. Президенттік республикаларда үкімет парламентсіз жолмен құрылады. АҚШ президенті үкіметті өзі түзеді, ал конгресс үкімет қызметіне вотум шығарып, сенімсіздік шығаруға хақы жоқ. Парламенттік елдерде мемлекет басшысы өз міндетін тек үкімет арқылы не болмаса оның санкциясы арқылы ғана жүзеге асырады. Парламентарлық елдерде үкімет мемлекеттік билікті нақты жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады. Мысалы, Италия, ФРГ, Индия т.б. парламентарлық елдерде барлық атқарушы билік үкімет басшысының қолына топталған. Коалициялық Үкіметте парламенттің көпшілігін құраса да бірпартиялық үкімет қуаттылығындай саяси партияларды басқару мүмкіндігіне ие бола алмайды. Монархиялық басқару түріндегі елдердің мемлекеттік жүйесіндегі үкіметтің рөлі мен орнын қарастырып өтейік. Морокко корольдігі Конституциясы бойынша үкіметті король тағайындайды, король премьер-министрді де, министрлердіде өзі қойып, олардың міндеттерін орындауларын да тоқтатады. Үкімет король алдында және өкілдер палатасы алдында жауап береді.

Шетелдердегі мемлекеттердің үкіметтерін құру тәртібі қашан да сол елдің басқару билік түріне байланысты болады. Бізге үкіметтің құрылуының екі тәслі белгілі. Олар: парламенттен тыс үкімет құру тәсілі және үкіметті құрудың парламенттік тәсілі.



Парламенттен тыс үкімет құру тәсілі негізінен президенттік республикаларда қолданылады. Бұл елдерде үкіметті президент құрады. АҚШ – та атқарушы департаменттердің басшыларын тағайындау президент ұсынысымен әрі сенаттың келісімімен жүзеге асырылады. Парламенттен тыс үкімет құру тәсілі басқару түрі аралас елдерде (мысалы, Франция, Португалия) қолданылады.

Үкіметті құрудың парламенттік тәсілі парламентарлық басқару жолындағы барлық елдерде қолданылады. Үкіметті құру өкілеттілігін сайлауда жеңіске, парламентте көпшілік орын алған саяси партия мен партиялық коалиция алады. Мысалы, ФРГ – да үкімет басшысын (федералдық канцлер) федералдық президент Бундестаг депутаттарына сайлауда жеңіске жеткен саяси партиялар фракциялары пікірлерімен санаса отырып, ұсынады. Егер де, федералдық президент ұсынған кандидат Бундестагқа екі тур бойы қатарынан сайланбаса онда федералдық президт канцлердің ұсынысымен парламенттің осы палатасын мерзімінен бұрын таратып жіберуге құқылы.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Мемлекеттің жоғарғы органдар жүйесіндегі Үкіметтің орны. Шетелдердегі Үкіметтің құрылымы және құрамы. Шетелдердегі Үкіметтің өкілеттігі. Үкімет міндеттері. Мемлекеттік басқарудағы Үкіметтің орны мен ролі. Үкіметтің құрылуының негізгі тәсілдері. Үкімет құрылысы Үкімет міндеттері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 2006

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.


10- тақырып: Тақырып: Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы сипаттамасы және негізгі принциптері.

  2. Жергілікті өзін-өзін басқарудың жүйесі.

  3. Жергілікті басқару органдарының құрылу тәртібі, құрылымы мен қызметінің ұйымдастырылуы.

  4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігі.

Дәрістің мақсаты: Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы сипаттамасы және негізгі принциптерін және жергілікті өзін-өзін басқарудың жүйесін түсіндіру.

Дәріс мазмұны: Жергілікті басқару әр алуан субъектілер (мысалы, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың заңды құрылымдары, сол секілді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдары) тарапынан жүзеге асырылады.

  • Өкілетті мемлекетік органдар арқылы жергілікті маңызға ие істерді басқару деп біз белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындарды жергілікті мемлекеттік басқаруды айтамыз

  • Жергілікті өзін - өзі басқару деп, өздеріне тән аумақта мемлекеттік өкімет міндетіне кірмейтін, жергілікті маңызға ие мәселерді заңда көрсетілгендей сайлау тәртібімен өз өкілдіктерін пайдалана отырып жүзеге асырушы органды айтады.

Жергілікті басқару институттары белсенді жұмыс істеулері үшін төмендегі ең қажетті өкілеттіктерге ие болулары керек:

    • Ресми түрде тұрғындардың нақты әкімшілік-аумақтық бірлігі болуы;

    • Жергілікті ммаңыздағы істерді белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде өзі басқаруы;

    • өзінің жеке атқарушы аппараты болуы;

    • өзінің жеке материалдық базасы (соның ішінде муниципалдық меншік түрінде) болуы;

    • жерглікті салықтарды белгілеп әрі оны жинауы сондай-ақ белгіленген тәртіпте нормативтік актілер шығаруы. Шетелдердегі жергілікті басқару жергілікті маңызға ие істерді басқаруды сайлау жолымен не болмаса заңда бекітілген басқадай тәртіппен құрылған органдар арқылы басқару болып табылады.

Унитарлық мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері, тек белгілі бір елдің жоғарғы мемлекеттік органдары құзырында болса, ал федеративтік елдерде – олардың субъектілері құзырында болады. Мысалы, Франция аумағы 95 департаментке бөлінеді, Италия – 20 облыстан, Жапония – 47 префектурадан тұрады. Армения республикасында әкімшілік-аумақтық бірліктер болып облыстар және қауымдастықтар табылады. Шетелдердегі жергілікті басқару органдарының міндеттері заң тәртібімен (мысалы, АҚШ,Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Молдава Республикасы, Литва, Туркия, Түркіменстан және т.б. бірқатар мемлекеттер) шешіледі. Сондықтан көптеген бірқатар шетел мемлекеттері заңдары жергілікті басқару органдары өкілеттігін міндетті және міндетті емес деп те бөлінеді. Мұндағы бірінші топқа жататын мәселелер көбіне жалпы мемлекеттік маңызға ие болады, ал міндетті емес топқа жергілікті басқару оргндарының өз қараулары бойынша жүзеге асырылатын мәселелерге өкілеттіліктері айтылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы сипаттамасы және негізгі принциптері. Жергілікті өзін-өзін басқарудың жүйесі. Жергілікті басқару органдарының құрылу тәттібі, құрылымы мен қызметінің ұйымдастырылуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 2008.

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.


11- тақырып: Тақырып: Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігі.

  2. Сотты ұйымдастырудың Конституциялық негіздері.

  3. Әділсоттың конституциялық принциптері.

  4. Судиялардың Конституциялық статусы.

  5. Сот билігін жүзеге асыру.

Дәрістің мақсаты: Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің орнын түсіндіру. Сотты ұйымдастырудың Конституциялық негіздерін толықтай баяндау.

Дәріс мазмұны: Сот билігінің ерекше белгілері. Сот жүйелерін ұйымдастыру мен қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. Сот жүйесі мен өндірісінің түрлері. Конституциялық бақылау мен конституциялық әділет.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар. Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігі. Сотты ұйымдастырудың Конституциялық негіздері. Правосудиядағы конституциялық принциптер. Судиялардың Конституциялық статусы. Судиялардың құқықтары мен міндеттері. Конституциялық әділсот. Сот ұйымының Конституциялық негізі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 2008.

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.


12-тақырып: Тақырып: Америка Құрама Штаттарының Конституциялық құрылымы

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Конституциясының түсінігі.

  2. Сайлау жүйесі.

  3. Конгрес.

  4. Президенттік билік.

  5. Сот билігі.

  6. Мемлекеттік құрылысы.

  7. Америкалық федерализм. Жергілікті өзін -өзі басқару және басқару.

Дәрістің мақсаты: АҚШ Конституциясы туралы толық мәліметті студенттерге түсіндіру.

Дәріс мазмұны: АҚШ Конституциясы, оның сипаттамасы, АҚШ-тың мемлекеттік билік органдар жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі. Тұлғаның құқытық мәртебесі, АҚШ сот жүйесі. АҚШ Конституциясының түсінігі. Сайлау жүйесі. Конгрес. Президенттік билік. Сот билігі. Мемлекеттік құрылысы. Конституциясының түсінігі. Жергілікті атқарушы және өзін -өзі басқару органдары. Саяси партияларының құрылысы. Демократиялық басқару.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Конституциясының түсінігі, Сайлау жүйесі. Конгрес. Президенттік билік. Сот билігі. Мемлекеттік құрылысы. Америкалық федерализм. Жергілікті өзін -өзі басқару және басқару.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 2008.

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.


13- тақырып: Франция мемлекетінің Конституциялық құқығының негіздері.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Конституциясы және Конституциялық дамуы.

  2. Конституциялық құқықтары және бостандықтары.

  3. Саяси партиялары және партиялық жүйелері.

  4. Сайлау құқығы және сайлау жүйесі.

  5. Францияның мемлекеттік органдарының жүйесі.

  6. Әкімшілік территориялық бөлініс және жергілікті өзін-өзі басқару

Дәрістің мақсаты: Франция мемлекетінің Конституциялық құқығының негіздері туралы студенттерге толық ақпарат беру.

Дәріс мазмұны: Конституциясы және Конституциялық дамуы. Конституциялық құқықтары және бостандықтары. Саяси партиялары және партиялық жүйелері. Сайлау құқығы және сайлау жүйесі. Францияның мемлекеттік органдарының жүйесі. Әкімшілік территориялық бөлініс және жергілікті өзін-өзі басқару. Франциядағы сот билігінің өкілеттігі. Өзін -өзі басқару органдарының құқықтары мен міндеттері.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Конституциясы және Конституциялық дамуы. Конституциялық құқықтары және бостандықтары. Саяси партиялары және партиялық жүйелері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 2008.

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.


14- тақырып: Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ұлыбритания Конституциясына жалпы сипаттама

  2. Жеке тұлғаның конституциялық құқықтары

  3. Саяси партиялары және париялық жүйелері

  4. Ұлыбританияның мемлекеттік органдар жүйесі

  5. Саяси-территориялдық құрылымы

Дәрістің мақсаты: Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздерін студенттерге толық түсіндіру.

Дәріс мазмұны: Ұлыбритания Конституциясына жалпы сипаттама. Жеке тұлғаның конституциялық құқықтары. Саяси партиялары және париялық жүйелері. Ұлыбританияның мемлекеттік органдар жүйесі. Саяси-территориялдық құрылымы.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Конституция және Конституцияның дамуы. Конституцияны қорғау. Негізгі құқықтары. Саяси партияларының құрылысы. Мемлекеттік органдары. Жергілікті өзін -өзі басқару органдары. Заң шығарушы органдарының құқықтары мен міндеттері.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 2008.

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.


15- тақырып: Италия Конститциялық құқығының негіздері.

Қарастырылатын сұрақтар:.

  1. Италия Конституциясы.

  2. Адамның және азаматтардың құқықтық статусының Конституциялық негіздері.

  3. Қоғамдық құрылысының және қоғамдық жүйесінің Конституциялық негіздері.

  4. Сайлау және референдум

  5. Мемлекеттік органдары

  6. Саяси-территориалдық құрылысы

Дәрістің мақсаты: Италия Конститциялық құқығының негіздерін түсіндіру.

Дәріс мазмұны: Италия Конституциясы. Адамның және азаматтардың құқықтық статусының Конституциялық негіздері. Қоғамдық құрылысының және қоғамдық жүйесінің Конституциялық негіздері. Мемлекеттік органдары. Жергілікті өзін -өзі басқару органдары. Заң шығарушы органдарының құқықтары мен міндеттері.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Италия Конституциясы.Адамның және азаматтардың құқықтық статусының Конституциялық негіздері. Қоғамдық құрылысының және қоғамдық жүйесінің Конституциялық негіздері. Сайлау және референдум. Мемлекеттік органдары. Саяси-территориалдық құрылысы

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Конституционное право зарубежных стран. Учебник для вузов. Под общ. ред. члена-корр. РАН, проф. М.В. Баглая, д.ю.н., проф. Ю.И. Лейбо и д.ю.н., проф. Л.М. Энтина. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА · М, 2008.

  2. Андреева Г.Н. Конституционное право зарубежных стран: Учебник. – М.: Изд-во Эксмо, 2005.



6. CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1.

Шет елдердің Конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.


1. Шет елдердің Конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде.

2. Шетелдердің

Конституциялық құқығының қайнар көздері.

3. Шетелдердің

Конституциялық құқығының жүйесі.

4. Шетелдердің

Конституциясының құқықтық нормалары мен қатынастары.



кесте негізінде

(11)-10-11, 12-14





2.

Шетелдердің Конституциясы


1. Конституцияның сақталуы мен оның нормаларын жүзеге асыру кепілдігі.

2. Конституцияның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.

3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің құқықтық негіздері.

4. Конституцияны жіктеу тәсілдері.

5. Констиуциялық қадағалау. 6. Конституцияны қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі.

7. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары.




кесте негізінде

(11)-14-16


3.

Шет елдердегі адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздері


1. Адам мен азаматтардың құқығы, бостандығы және міндеттерін ашып қарау.

2. Азаматтық түсінігі. Азаматтықты алу және оның тоқтатылуы .

3. Азаматтығы жоқтық және көп азаматылық.

4. Шетелдердің құқықтық жағдайының қорғалуы.

5. Шет елдердегі тұлға қоғам және мемлекет.

6. Азаматтылық мен бодандық, оны алу және тоқтату тәртіптері.

7. Азаматтардың міндеттері. 8. Шет елдердегі құқықтар мен бостандықтарды қорғауды қамтамасыз ету тәртібі.


кесте негізінде

(11)-17-19


4.

Шетелдердегі басқару нысандары.

1. Шет елдердегі мемлекеттердің нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері.

2. Басқару нысандары. Монархия түсінігі және мәні. Негізгі белгілері.

3. Парламенттік монархия оның белгілері.

4. Мемлекеттік құрылым нысандары, олардың жіктелуі.

5. Мемлекеттік құрылым және ұлттық белгі.

6. Унитарлық мемлекет түсінігі және белгілері.

7. Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері.


кесте негізінде

(11)-17-20


5.

Шет елдердегі саяси партиялар және партиялық жүйелер.


1. Шет елдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функяилары.

2. Партия және мемлекеттік аппарат.

3. Көппартиялық және оның себептері.

4. Саяси партиялардың басқа қоғамдық бірлестіктерден айырмашылығы.

5. Партия қызметінің тәртібі және құқықтық статусы.

6. Саяси партияларды заңды институттандырудың негізгі тәсілдері.

7. Саяси партияларды құрудың негізгі әдістері.

8. Партиялық жүйелер, олардың алуан түрінің негізгілері. Партия және ішкі саяси механизімі.




кесте негізінде

(11)-16-20


6.

Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.

1. Азаматтардың сайлау құқығы.

2. Белсенді, бәсең сайлау құқығы. Төте және жанама сайлау құқығы.

3. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

4. Референдум мен сайлаудың өзара айырмашылығы.




кесте негізінде

(11)-28-29, 31-35, 33


7.

Шет елдердегі мемлекет басшысының Конституциялық –құқықтық мәртебесі.


1. Мемлекет басшысы институтын талдау.

2. Монархтың заңды және шын мәртебесі.

3. Президент. Президенттің құқықтық тәртібі.

4. Президентті сайлау тәртіті:төте, жанма, көп сатылы сайлаулар.

5. Импичменттің жүргізілу тәртібі.


кесте негізінде

(11)35-37,39-40, 41-44


8.

Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.


1. Парламент –шет елдердегі жоғарғы өкілді орган. Оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.

2. Шет елдердегі парламенттердің нысандарының сан түрлілігі.

3. Парламенттердің қалыптасу тәртібі, оның құрылымы. Парламенттің өкілеттіктері.

4. Парламенттердің жіктелуі.

Парламенттердің басты қызметі.

5. Парламент депутатының «индемнитет» пен «иммунитет» түсінігінің мәні.

6. Депутаттың құқықтық жағдайы.


кесте негізінде

(11)35-37,39-40


9.

Шет елдердегі Үкіметтің Конституциялық –құқықтық мәртебесі.

1. Мемлекеттік басқарудағы Үкіметтің орны мен ролі.

2. Үкіметтің құрылуының негізгі тәсілдері.

3. Үкімет құрылысы. Үкімет міндеттері.

4. Үкіметтің құзіреті мен оның функциялары.




кесте негізінде

(11)-44-48


10.

Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары.

1. Жергілікті басқару ұғымы және оның мәні.

2. Жергілікті басқару органдарын құру, құрылысы мен қызметін ұйымдастыру тәртібі.

3. Жергілікті басқару органдарының міндеттері мен қаржылық негіздері.

4. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру.

5. Маслихаттардың құрылу тәртібі, олардың өкілеттігі.

6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті.




кесте негізінде

(11)-28-32


11.

Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері.

1. Судиялардың құқықтары мен міндеттері.

2. Конституциялық әділсот.

3. Сот ұйымының Конститциялық негізі.


кесте негізінде

(11)-58-59


12.

Америка Құрама Штаттарының Конституциялық құрылымы

1. АҚШ Конституциясы, оның сипаттамасы.

2. АҚШ-тың мемлекеттік органдар жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі

3. Тұлғаның құқықтық мәртебесі

4. АҚШ сот жүйесі





кесте негізінде

(11)-58-59, 62, 63


13.

Франция мемлекетінің Конституциялық құқығының негіздері.

1. Францияның

Конституциясы, оның толық сипаттамасы.

2. Францияның мемлекеттік билік органдары жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі.

3. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.

4. Франциядағы сот жүйесі.

5. Франция конституциясының құрылымы




кесте негізінде

(11)-48-49, 50-51.


14.

Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері


1. Ұлыбританияның конституциялық актілерінің ерекшеліктері

2. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері

3. Мемлекеттік билік органдарының жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі.

4. Ұлыбританияның сот билігі.




кесте негізінде

(11)-51-53,


15.

Италия Конститциялық құқығының негіздері.

1. Италия Конституциясы.

2. Адамның және азаматтардың құқықтық статусының Конституциялық негіздері.

3. Қоғамдық құрылысының және қоғамдық жүйесінің

4. Конституциялық негіздері. 5. Италиядағы сот жүйесі

6. Мемлекеттік органдары.

7. Облыстық автономия және жергілікті өзін -өзі басқару.




кесте негізінде

(11)-52-53, 55.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет