Тарих және құқық



бет4/11
Дата10.03.2017
өлшемі1,04 Mb.
#11366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәрістің мазмұны


  1. Қаржы құқығының құқықтық реттеу пәні

  2. Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістері

  3. Қаржы құқығының жүйесі

  4. Қаржы құқығының қайнар көздері.

Қаржы құқығы құқық саласы ретінде мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. ҚР Қаржы құқығы мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін, ҚР қаржылық құрылысын тиімді жұмыс істеуін, сондай-ақ экономиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ететін негізгі қаржылық құрал болып табылады.

Қаржылық-құқықтық реттеу әдістері:


      • мемлекеттің қаржылық қызметінің ауқымындағы тиісті құқықтар мен міндеттердің туындау негіздері және олардың өзара байланысының сипаты;

      • мемлекеттік қаржылық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын қалыптастыру тәсілдері;

      • қаржылық-құқықтық санкциялардың сипаты, оларды қолдану негіздері, тәсілдері және процедурасы сияқты, сондай-ақ т.б. элементтер негізінде қалыптасады.

Қаржы құқығында пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне императивтік және диспозитивтік әдістер қолданылады.

ҚР Қаржы құқығы құқық саласы ретінде Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

ҚР Қаржы құқығының Жалпы Бөлімінің құрамы:


  1. қаржылық құрылыстың құқықтық негіздері

  2. ақша жүйесінің құқықтық негіздері

  3. мемлекеттік қаржы саласында басқару

  4. мемлекеттік қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері

  5. мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері

  6. қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу.

ҚР Қаржы құқығының Ерекше Бөлімінің құрамы:

        1. Бюджеттік құқық – 1.1. Салықтық құқық, 1.2. Инвестициялық құқық

        2. Бюджеттен тыс мемлекеттік ақша қорларының құқықтық негіздері

        3. Мемлекеттік банктер қызметінің қаржылық-құқықтық негіздері

        4. Мемлекеттік сақтандыру қызметінің қаржылық-құқықтық негіздері

        5. Қаржылық-шаруашылық құқығы.

3 дәріс



Тақырып: Ақша жүйесінің құқықтық негіздері

Дәрістің мазмұны


1. Ақша жүйесі: ұғымы, негізгі тарихи типтері, элементтері.

2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

3. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесі

4. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері Жалпы бөлімнің институты ретінде.


Ақша жүйесінің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының ақша жүйесін қалыптастыру, соның ішінде ұлттық валюталық жүйені құру, сондай-ақ олардың қоғам және мемлекет мүдделеріне, елдің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейлеріне сай тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұратын қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.

Ақша бірлігі елдегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, б.а. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесі болып табылады.

Ақшалардың түрлері Қазақстан республикасында заңдық төлем құралы болып табылатын ақшаларды және олардың номиналдарын білдіреді. Ақшалар қағаз ақшалар (банкноттар) және металл монеталар (монеталық ақшалар) түрінде көрініс табады.

Қазақстан Республикасындағы бірден-бір негізгі эмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы әрі басқа да монеталарды мемлекет атынан шығаруды жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкі болып табылады.

Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюталық жүйе жатады. Ұлттық валюталық жүйе, халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке ала отырып Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасымен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны ретінде айқындалады.

Ұлттық валюталық жүйе халықаралық валюталық жүйемен өзара тығыз қарым қатынастар әрі оған интеграциялану ерекшеліктері негізінде жұмыс істейді және елдің экономикасы мен сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы дәрежесіне тәуелді болады.

Тарихи және экономикалық даму кезеңдеріне орай халықаралық валюталық жүйелер:


  1. Париж валюталық жүйесі (1867 ж.);

  2. Генуя валюталық жүйесі (1922 ж.);

  3. Бреттон – Вуд валюталық жүйесі (1944 ж.);

  4. Ямайка валюталық жүйесі (1976-1978 ж.);

  5. Еуропа валюталық жүйесі (1979 ж.) түрлерінде көрініс тапқан.

Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шектеулер валюта айналысының режимі деп аталады.

Негізінде, валюталар толығымен айналыста болатын (еркін жүретін), жартылай айналатын (жартылай еркін жүретін) және нақтылы ауқымда ғана айналыста болатын (тұйықталған) болып бөлінеді. Қазақстанның валютасы – теңге жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады.
4 дәріс

Тақырып: Валюталық реттеу мен валюталық бақылау

Дәрістің мазмұны


  1. Валюталық реттеудің ұғымы, міндеттері және әдістері

  2. Валюта және валюталық құндылықтардың түсінігі.

  3. Валюталық қатынастардың субъектілері. Валюталық бақылау.

  4. Валюталық операциялардың түсінігі мен түрлері. Валюталық операцияларды жүргізу ережелері.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы валюталық құндылықтарға: шетелдік валюта; номиналды шетелдік валютамен көрсетілген төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар; толығымен тазартылған алтын құймасы; резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар; резиденттер мен резидент еместер арасындағы, сондай-ақ резидент еместердің өз арасындағы операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылған ұлттық валюта және номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар; резиденттер мен резидент еместер арасындағы, сондай-ақ резидент еместердің арасындағы операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар жатады.

Мемлекеттің валюталық реттеу объектілері ретінде мынадай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар:


  • шетелдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластик карточкалары;

  • шетелдік банктердің депозиттік сертификаттары;

  • шет мемлекеттердің заемдық облигациялары;

  • шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері;

  • шетелдік акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары;

  • шетелдік заңды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады;

Валюталық реттеудің негізгі әдістері:

  • валюталық операцияларды мониторингтеу (валюталық мониторингті жүзеге асыру) тәртібін белгілеу;

  • резиденттер мен резидент еместер жасайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;

  • барлық резиденттер мен резидент еместердің орындауы үшін міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілеу;

  • Қазақстан аумағындағы лицензиялау, тіркеу және хабардар ету сияқты валюталық реттеу режимдерін айқындау әрі белгілеу;

  • валюталық реттеу объектілерін айқындау;

  • валюталық операциялар жүргізудің нақтылы ережелерін белгілеу;

  • валюталық шоттарды ашу және жүргізу тәртібін белгілеу;

  • резиденттер орындауға міндетті шетелдік және ұлттық валютаны қайтару тәртібін белгілеу;

  • мемлекеттің валюталық монополиясымен қамтылған ауқысдағы объектілерімен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік органдардың құзіретін белгілеу;

  • валюталық операцияларды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау;

  • резиденттердің тысқары жерлерден шетелдік валютамен алатын ссудаларын (борыштарын) және сол жерлерде беретін кредиттерін тіркеу;

  • валюталық құндылықтармен жасалатын операциялара валюталық бақылау жүргізу;

  • белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын тиымдар мен жасалатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге асырылады.

5 дәріс



Тақырып: Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет