ОСӨЖ тақырыбы: Жоғарғы сыныптарға сабақ жоспарын әзірлеу:
Мектептік семинары.
Мектептік лекция.
Мақсаты: Студенттерге оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ жоспарын әзірлеу тәсілін меңгерту.
Түрі: Жоспар жасау
Әдістемелік нұсқау: Семинар- оқушылардың диалогтық сөйлеуін дамытуға көмектесіп, түп деректермен дербес жұмыс істей алуын қалыптастырады.
Семинар сабағының жоспарын төмендегі үлгі бойынша орындауға болады.
Үлгі: Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақ жоспары
Сабақтың түрі және типі : Тәжірибелік сабақ-Семинар
Семинар сабақтың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық құрылымының қалыптасу үрдісі, даму ерекшеліктері, таңдау жолы туралы білім беру.
2.Сабақты жабдықтау: ҚР рәміздері, ҚР Конституциясы, Президент портреттері, «Қазақстан 2030», карточкалар.
3.Оқыту әдіс-тәсілдері: Репродуктивті, түсіндірмелі, иллюстративті, пікір талас..
4.Пән аралық байланыс: Саясаттану, Әлеуметану, Мәдениеттану, Құқық негіздері.
Сабақтың дидактикалық кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі,оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың орындаған үй тапсырмалдарын тексеру.
2. Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3. Жоспар бойынша семинар сұрақтарын талдау.
4. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен тәжірибелік жұмыстарды атқаруы.
5. Қорытындылау
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Семинар сұрақтары:
Оқушылардың семинар бойынша танымдық іс-әрекет түрлері:
1.Кестемен жұмыс:
ҚР мемлекеттік биліктің бөліну принциптері
Заң шығарушы орган Атқарушы Сот
Пікір-талас: ҚР көп партиялы жүйе мен бір партиялы жүйенің қажеттігі.
Åëáàñûíûң õàëûººà æîëäàóû-²àçàºñòàí-2030 äàìó ñòðàòåãèÿëûº æîñïàðûн талдау.
Оқушылардың іс-әректтерін бағалау.
Қорытынды.
Дәріс сабақтың жоспарын әзірлеуде төменде келтірілген мәліметті басшылыққа ала отырып, құрастыруға болады:
Дәрісбаян- сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу матреиалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу матреиалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады. Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімене жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын –ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі. Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оның өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады
Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал – тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байлансты анықтайды. Сонымен, лекцияның мазмұны баяндалу формасы, оқытушының шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
ОСӨЖ тақырыбы: Жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздері.
Мақсаты: Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгеріп, сауатты, жан-жақты білгір маман дайындау. Студенттің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да ұстаздық келбетіннің қалыптасуына игі әсерін тигізу, өзін-өзі дамыту, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру
Түрі: сынақ, Сұрақ-жауап
Әдістемелік нұсқау: Жаңа оқыту технологияларының бағыттарын білу.
Жаңа оқыту технологияларын, олардың мәні мен мазмұнын білу, оны оқыту үрдісінде қолдана алуы бойынша төмендегі ЖПТ топтастырылуын білуі қажет: Жаңа педагогикалық технологияларға сипаттама: дамыта оқыту, дербес оқыту, модулдік оқыту, бағдарламап оқыту, тірек белгілері мен конспектілері арқылы, ойын арқылы оқыту технолоогиясы, жобалап оқыту технологиясы, өздігінен даму технологиясы.
Әдебиеттер:
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз. 2003
Баженова И.Н. Педагогикалық ізденіс. Алматы.1990
Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. Усть-каменогорск,1982
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии М., Педагогика, 1990
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии М., 1998
Педагогические технология/Под.ред. Кукушина В.С.
Загрекова Л.В: Николина В.В. Теория и технология обучения. М., 2004
ОСӨЖ тақырыбы: Жаңашыл әдіскерлердің бағалау критерийлері бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын есепке алу, бағалау әдістемесін меңгеру:
Мақсаты: Тарих пәнінен стандарт талаптарының орындалуын бағалаудың жалпы тәсілдерін білу.
Түрі: Мониторинг
Әдістемелік нұсқау: Тарих пәні бойынша оқушылардың тоқсандық оқу үлгерімін мәлімет ретінде алып, мониторинг әзірлеу.
Мониторинг- /ағылш.”monitoring”және латынның “monitor” /бақылау/ деген сөздерінен шыққан./ Қандай да бір жүйе, немесе оның элементтері туралы хабарламалардың жинағы, сақталуы, таратылуы, және ол кез-келген уақытта ол жүйенің жағдайы, оның болашақ дамуына болжам жасап, осы жүйені басқарып отыруға бағытталған.
Мониторингтің мақсаты - өз уақытында қажетті мәліметті беру.
Білім беру Мониторингі- педагогикалық үрдістің жағдайына баға беру, болжау диагностикасы, оның даму барысы, нәтижесі, даму перспективасын қадағалайды.
Оқушылардың үлгерім көрсеткіші 2 бағытта жүргізіледі:
Үлгерім көрсеткіші сандық есеппен алынады.(аттестация сайын 2 айда бір рет, немесе семестр сайын) «Үлгерім картасы»
Бұл картамен жұмыс арнайы жерлерде: мұғалімдер жиналысы, оқушылар жиналысы т.б. талқыланып, іске асыруы тиіс.
Оқушы білімінде кездесетін ақтаңдақтардың себебін анықтау. Бұл зерттеу пед. консилиум, ата-аналар жиналысы, оқушымен жеке жұмыста көп мәлімет жинақтауға да көмектеседі. Бұнда сауалнама жүргізіледі.
Оқушының шешуші компентенциясының сапасы мен деңгейін анықтау мониторингінің әдістемесі.
/ЕС “СОЕ-Европадағы орта білім/ бағдарламасы бойынша П.И.Третьяков құрастырған./
Мақсаты: Түрлі пәндер бойынша оқушылардың шешуші компентенциясының қалыптасу үрдісін бақылау.
Пән ---------------------- Топ --------------
Оқытушы -------------------------------------------------------------------
Шешуші компентенция атаулары
|
Құрамдас компоненттері |
Баға /0-1-2-3 балл/
|
1.Оқу.
|
Тәжірибеден пайдасын ала білу дағдысы
Алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра және көрсете білу дағдысы
Өзіндік оқыту тәсілдерін ұйымдастыра білу дағдысы
Мәселені шеше білу дағдысы
Өз бетімен оқу дағдысы
|
|
|
Барлық баллдар:
|
|
2.Ізденуі.
|
Ақпаратты ала білу дағдысы
Кеңес ала білу дағдысы
Қоршаған адамдардан сұрай білу дағдысы
Құжаттармен жұмыс жасай білу дағдысы
Интернетпен жұмыс жасай білу дағдысы
|
|
|
Барлық баллдар:
|
|
3.Ойлану.
|
Түрлі аспектіге сын тұрғысынан қарай білу дағдысы
Өткен оқиға мен қазіргі оқиғаларды байланыстыра білу дағдысы
Қиындықтар мен сенімсіздіктерге қарсы тұра білу дағдысы
Әлеуметтік құбылысты бағалай білу дағдысы
|
|
|
Барлық баллдар:
|
|
4.Ынтымақтастығы
|
Топта, жұппен жұмыста ынтымақтаса білу дағдысы
Шешім қабылдай білу дағдысы
Қақтығыстар мен келеңсіздіктерді шеше білу дағдысы
Келісімді орындай білу дағдысы
|
|
|
Барлық баллдар:
|
|
5.Істі қолына ала білу дағдысы
|
Жобаға, іске кірісе алу дағдысы
Жауапкершілікті мойнына ала білу дағдысы
Топқа өз үлесін қоса білу дағдысы
Жұмысты ұйымдастыра білу дағдысы
Көмекші техника, аппаратураны қолдана білу дағдысы
|
|
|
Барлық баллдар:
|
|
6.Бейімделуі.
|
Жаңа шешімді таба білу дағдысы
Қиыншылықтарда тұрақтылық таныта білу дағдысы
Жылдам өзгеретіндердің алдында жұмсақтық таныта білу дағдысы
Прогрессивті технологияларды қолдана білу дағдысы
|
|
|
Барлық баллдар:
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |