«Тарих сабағында әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі»



Дата04.10.2020
өлшемі17,09 Kb.
#63986
түріСабақ

«Тарих сабағында әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігі»

Кішкентай адамның рухани әлемін оқуға ғана жетелеуге болмайды. Егер біз баланың бар күшін сабаққа жұмсауға ұмтылсақ, оның өмірі төзгісіз болады. Ол оқушы ғана емес, ең алдымен сан қырлы, қызығушылығы, сұранысы, ынтасы бар адам болуы керек.

(В. Сухомлинский)

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Дамыта оқыту – мұғалімнің басты міндеті

2. Әдіс тәсілдерді қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

ІІІ. Қорытынды

Тәуіелсізел тірегі –білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны мұғалім, мұғалімдердің басты міндеті өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей білетін тұлға тәрбиелеу.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру»- деп атап көрсетілген.

Тарих- мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Кешегсіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңміз жоқ ененін шәкірттеріміз тарих пәні арқылы жақсы біледі. Тәуелсіз демократиялық мемлекетіміздің болашақ тұтқа ұстар ұрпағының білім дәрежесі қандай деңгейде болуы керек екендігі әрбір ұстаздың көңіліндегі түйткіл ой.

Жаңа педагогикалық технологияның негізгі қағидаттары;


  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау

  • Оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту

  • Әр оқушыны оның қабілеті мен оның мүмкіндігіне орай оқыту

  • Өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту

  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі

  • Жүйелі жұмыс жасау

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп. Мен түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта өзім сабақ беретін 6- 7 сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін пайдаланып жүрген әдіс тәсілдерден мысалдар келтіріп өтуді жөн санадым.Тарих сабағын оқыта отырып, сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту, пікірталас, сынақ, өзіндік жұмыс, сәйкестендіру,тарихи диктант т.б тәсілдерді қолданамын.Сурет – иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек- сызбалар, хронологиялық таблицалар құрастыру, венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелігі, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып, жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады.

Әртүрлі әдіс- тәсілдерді сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау

2. Сенімділікке тәрбиелеу

3. қиялын дамыту «менің ойымша» деген жауап алуға жағдай жасау

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7. Топпен, ұжыммен және өз бетінше жұмыс жасауға жағдай жасау.

Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздеімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалар болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «эссе», «бес жолды» өлең т.б стратегияларды қолданып қорытындылайды. Мен өз сабағымда пайдаланылатын стратегиялар түрі:

1. Топтастыру

2. Галлерияға саяхат

3. Сяхатқа шығу (әлемді шарлау)

4. эссе жазу

5. Ой қозғау

6. Венн диаграммасы

7.Сәйкестендіру

8. Тарихи диктант

9. Авторға сұрақ

10.ДЖИГСО , СТО

Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, бір –бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Мұғалім сабақта тек қана көпірше бола алады, қолдаушы, демеу, бағыт беруші болады.Материалды жеңіл тілмен, көрнекіліктер пайдаланып, ситуациялық ойындар, практикалық мысалдар мен ұштастыра өткізілген сабақ оқушының білім сапасын, олардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін жоғарылататынын байқауға болады.Бастапқы кезде бір тақырыпқа байланысты «эссе» жазуда оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.

Ал қазір оқушылар ой- толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал- мәтел де кірістіріп жазады.

Сабақ үстінде қолданылатын әдіс тәсілдер мен ойындар арқылы оқушылар өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік жасайды. Бұл әдіс- тәсілдердің тиімділігі мынадай нәтежиелерден көрінеді.

1. Оқушыны басқа адамның рөліне енгізіп, оның ойын сезімін, іс –әрекетін, мақсаты мен мәнін түсінуге көмектеседі.

2. Оқушының сабақта алған білімі эмоциялық бояулармен, сезімдік әсерлермен қабылданып,тарихи оқиға туралы өзіндік қорытынды жасауына мүмкіндік береді.

3. Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуді, өзара дұрыс қарым-қатынас және бақылау жасауды үйренеді.

4. Сабақты әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы өткізу мұғалімнің сабақ жоспарын, өтілетін материалдық мазмұнын, жан-жақты ойластыруын, қосымша материалды алдын –ала жинақтауды, тарихи тұлғалар рөлін ойнайтын оқушылардың сабаққа дайындалуына дұрыс жетекшілік жасауды талап етеді.

Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы әр балада өзіндік ой пайымдауы, бір –бірімен қарым-қатынас жасаудағы белсенділігінің артқандығын көруге болады.

СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады.Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді.Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыру алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатындарына кәміл сенемін.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым- білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолйлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек- деп білім саласына да көп көңіл бөлген.

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Ушинский

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қ.Р- ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2012ж 15 желтоқсан

2. А.Ш. Журасова Тарихты оқыту әдістемесі. Орал 2012ж

3. Тәрбие құралы №1 , 2013ж



4. Қазақ тарихы №6 2011

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет