Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі туралы баяндаңыз



бет8/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі туралы баяндаңыз

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өзіндік сана сезімі биік деңгейде көрініс тапты. Ұлт мүддесі жолында қазақтың оқыған, ұлтжанды патриоттары алға шықты. ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы ұлтты азаттыққа бастады. Осы қозғалыстың басты және түпкі мақсаты ұлтты азат жолға апару, қазақтың тапталған намысын қорғау болатын.
Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтардың ұлттық сана-сезімі елеулі түрде өсті. Неғұрлым алыстан болжап, көре білетін қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберетін болды. Олар білім алуды өздерінің тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді. Қазақ жастары елеулі бөлігінің заң факультеттерін таңдауы тіпті де тегін емес болатын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында тек Қазақ қаласының өзінде ғана (императорлық Қазан университетінде, Қазан мал-дәрігерлік институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбул және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М.Шоқай мен А.Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал Ә.Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын, С.Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина факультетін, А.Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж.Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін, М.Ғабдолғазизов Каир университетін, О.Тұрмағамбетов Бомбей университетін, Х.Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді. Басқа да көптеген қазақ студенттері болды.
Қарқаралыда туып-өскен Дінмұхамед Сұлтанғазин өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол Томска университетінің медицина факультетін, Санкт-Петербург университетінің шығыстану және заң факультетін бітіріп шықты. Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім, одан кейін Асфендиярова Мәриям бітірді. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді. Жаңа кезеңде қазақ ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарсы күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында петициялық козғалыс елеулі түрде етек алды. Қазақ зиялылары өз халқының өмірлік маңызы бар шұғыл проблемаларын петициялар жолдау арқылы шешуге тырысып көрді. Ол петицияларда жер, дін, құқық, тіл және халыққа білім беру саласындағы алуан түрлі талаптар қойылды. Ондай петициялар 1902- 1903 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары дін қызметкерлері (Ш.Қосшығұлұлы, Науан Хазрет, т.б.) болды. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түсті. Бірінші орыс революциясы жылдарында петициялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды.
Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернаторларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры ІІ Николайдың атына да жолдады. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрменкесінде қазақ халқының атынан император ІІ Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петицияны жазуға және жіберуге белгілі саяси қайраткерлер Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев, Т.Нұрекенов т.б. белсене атсалысты.
Петицияда маңызды сұрақтарының бірі қазақ халқы өкілдерінің Ресей империясының заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға қазақ депуттарын сайлауға қатыстыру талаптары болды: «Мал шаруашылығымен айналысу қырғыздарды сайлауға қатысу құқығынан неге айыру тиіс? Сауда-саттық, егіншілік, балық аулау сияқты басқа да әр түрлі кәсіп түрлерімен айналысатындар ондай құқығынан айырылып отырған жоқ қой!..». Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік органдарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторы Галкин Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Қырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды» Петицияның бір нұсқасын Темірғали Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын.
Петицияның мазмұны қазақ қоғамының ХХ ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды: сайлауды ұйымдастыру, жер, дін, сот ісін жүргізу, білім, т.б Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау ұсынылды. Бұл қызметіне кірісер алдында олардың бәрі ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қиянат жасамауға уәде етуге тиісті болды. Шаруа бастықтарының орнына бітістіруші судьялар қызметін енгізу талап етілді. Петиция авторларының пікірі бойынша, бұл қызметке жеткілікті дәрежеде сауаты мен білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс. Сайлау науқаны кезінде мүдделі топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбір шаралар ұсынылды. Қазақтар петицияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар барысында енгізілген Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ, қазақтар мешіттер мен медереселер салуына еркіндік берілуін, газеттер пен кітаптар, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын өтініш ретінде ұсынды. Меккеге қажылыққа емін-еркін барып келуді, қазақ ауылдарына христиан дінін таратушы миссионерлердің баруына тыйым салуды талап етті. Жасы кәмілетке жетпеген қазақ жастарының басқа дінді қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды. Петицияда медреселерде араб, парсы, түрік тілдерін оқыту қажеттілігі айтылады. Сондайақ ескі мешіттерді жөндеуден өткізуге және жаңа мешіттер мен медреселер салуға қаржы бөлуді өтініш ретінде ұсынды. Әр болыста діни алым-салықтарды жинайтын арнаулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкірттердің оқуына жұмсау көзделді. Петицияларда мектеп қабырғасында ислам діні негіздерінің міндетті түрде оқытылуы, «орысша сауат ашуды» содан кейін қолға алу талабы қойылды. Петицияда мектептерде христиан дінін оқытуға үзілді-кесілді қарсылық білдірілді. Қазақ халқына «бастық болғысы келгендердің қырғыз (қазақ – авт.) тілін білуі тиіс» екендегі атап көрсетілді. Петицияда қазақ өлкесінде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу талап етілді. Тергеулер мен сот ісі аудармашыларсыз қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту талаптары қойылды. Барлық хатшылар мен күзетшілер жергілікті өңірден тағайындалуы тиіс. Петицияны құрастырушылар бастауыш сыныптарда қазақ балаларын өз ана тілінде оқытуды талап етті. Петиция авторлары дала тұрғындарын сот, тергеусіз әкімшілік жолмен жер аудару ісіне наразылық білдірді. Дала генерал-губернаторы қазақтарды кез келген болмашы мәселе бойынша да жер аударып жіберуге құқықты еді. Неке және отбасы мәселелерін әскери губернатор мен уезд бастықтарының қарауынан алып, бітістіруші сот құзырына беру талап етілді. Кісі өлімі болған жағдайда айыпты адамның жазаға тартылуымен қатар қазақтардың дәстүрлі құқық заңы бойынша күн төлетуге өтініш білдірілді. Округтік соттың жанында міндетті түрде ақылдастар алқасы болуы тиіс деп атап көрсетілді. Сондай-ақ, айыпталушының міндетті түрде қорғаушысы болуы, билер сотының жергілікті отаршылдық билік орындарына емес, Әділет министрлігінің қарамағына өтуі талап етілді. ХХ ғасырдың бас кезінде жер мәселесі одан әрі шиеленісе түсті. Сондықтан да петицияларда бұл мәселеге ерекше зор көңіл бөлінді. Шекара шебіндегі ені он шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл ішінде тартып алынған жерлердің өзінің бұрыңғы заңды иелеріне қайтарып берілуі талап етілді. Ал қазақтардың бұған дейін көшіпқонып жүрген аумақтарындағы басы артық жерлер Кавказ бен Ресейден қоныс аударып келетін мұсылмандарға ғана берілуі ұсынылды. Қыстаулар мен жазғы жайлаулар өздерінің бұрыңғы иелерінің қарауында қала беруі тиіс деп көрсетілді. Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркін пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондай-ақ қазақтарға олардың көші-қон аймағындағы тұзды және балық өсетін көлдерді қайтарып беру жөніндегі өтініштер де айтылды. Жергілікті халықтың атынан сенімді адамдары арқылы көлдерді жалға беру мүмкіндіктері де қарастыруға ұсынылды. Түскен қаржыны халыққа азық-түлік қорын жинақтауға тиіс деп көрсетілді. Сонымен, петициялар беру, соның ішінде Қарқаралы петициясы, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды неғұрлым өткір проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде баяндалды. Патша үкіметі қазақ халқының пікірімен санасуға мәжбүр болды. Петициялардың мәтінін жазғандар батылдық пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Бірақ патша үкіметі петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талаптар Ресей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтін еді. Солай бола тұрса да петициялық қозғалыс жағымды рөлін атқарды – қазақтар Ресейдің І, ІІ Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланды. Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билік орындарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдаудың басы-қасында қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері Ә.Бөкейхан жетекшілігімен ерекше белсенділік көрсетті. Қарқаралы петициясының негізгі тармақтары Алаш партиялық бағдарламасына енгізілді және Алаш Орда үкіметінің қызметінен көрініс тапты. Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905—1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “ Иттифак-эль-муслими” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды. 1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпықазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде. Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т.б. Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу данын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды. Бірақ, бұл талаптар, Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық комитетінің құрамында болуына қарамастан, кадет партиясының басшылығынан қолдау таппады. Құғындау мен тұтқындаулар қазақ патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума мінбесін белсенді түрде қолдана бастады, қазақтың саяси баспасөзі пайда болды. Өнеркәсiптiң дамуына байланысты жұмысшы табы сан жағынан өстi. 1990 жылы Қазақстанда 11 мыңнан астам жұмысшы, оның 60% қазақтар болды. Жұмысшылардың жағдайы ауыр, жалақы аз, жұмыс 14-16 сағатқа созылды, жұмысшылар жер тамда тұрды. Алғашқы жұмысшы қозғалысы арыздану, қашып кету, стачка сияқты формада жүрiлдi. Қазақстанда жұмысшы қозғалысының өрлеуі, социал-демократиялық үйірмелер мен топтардың пайда болуы жер аударылған орыс революционерлерінің көмегімен және инициативасымен болды. Мысалы, Петропавловск қаласында 1903 жылы пайда болған социал-демократиялық топ осында жер аударылған бірнеше социал-демократтар — Омбы теміржол шеберханаларының жұмысшылары — күшімен құрылды. Алғашқы социал-демократиялық үйірмелердің бірі 1902 жылы Орал қаласында “Уралец” газеті баспаханасының жұмысшылары мен қызметкерлері арасында құрылды. Баспахана жұмысшылары бірінші рет бір күндік ереуіл өткізді. Баспаханадағы жұмысшы үйірмесіне басқа, Орал қаласында интеллигенция өкілдерінен тұратын социал-демократиялық үйірме болды, үйірме мүшелері теміржол жұмысшылары, диірмен жұмысшылары, орта оқу орындары оқушылары арасында жұмыс жүргізіп, жалпы-білім және саяси тақырыптарында лекциялар оқыды. Осы жылдарда Ташкент қаласында алғашқы марксистік үйірме пайда болды, кейінірек осы үйірме негізінде социал-демократиялық топ құрылды. Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да — Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты. Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905—1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т.б. жерлерде болды.
1909—1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.
Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 мамыр Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 шілде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет