Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


, 1962 жылдарда шетелдік қандастардыңҚазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз



бет55/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

64.1955, 1962 жылдарда шетелдік қандастардыңҚазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз
1950 жылдардағы КСРО-ның саяси өміріндегі алғашқы әділетті өзгерістер тұсында шет елдерден бауырларымыздың бір бөлігі ерікті және мәжбүрлі түрде Отанына қайта бастады. 1955 – 1962 жылдары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстардың қайта оралып, олардың негізінен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына тұрақтануы байқалды.
1954 жылы КСРО мен Қытай арасында жасалынған 10 жылдық келісім-шарт “кеңес азаматтарының” КСРО-ға қайтуына жол ашты. Олар заңды түрде 1955 жылы Қазақстанға жаппай өте бастады. Қытайдан келген “кеңес азаматтары ” Қорғас стансасынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор стансалары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды.
Көшіп келген “кеңес азаматтарына” көмек ретінде отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.
Сонымен, 1955 жылы Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның ішіндегі еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшіп келді. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған “кеңес азаматтары ” саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сі еңбекке жарамды, 1261 – еңбекке жарамсыздар мен қарт кісілер, 8 жасқа дейінгі балалар 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар 2515 адам ) болды. Қытайдан келген “кеңес азаматтары ” негізінен, жұмыс қолы жеткіліксіз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жіберілді.
Бірқатар мұрағат құжаттарында 1954-1959 жылдары, Қытайдан келген немесе келетін “кеңес азаматтары” жайлы толық емес деректер кездеседі. Алайда, жалпы саны көрсетілмеген. Барлығы 1955 жылдары Қытайдан 250 мыңнан аса адам келді деп жобалаймыз. 1955 жылы Қазақстан халқының саны 8 млн. 421 мың адам деп есептелді. Сонда 1955 жылы Қытайдан келген “ кеңес азаматтары ” республикадағы халықтың 2,8 %- ын құрады деген сөз. Яғни, Қытайдан келген “кеңес азаматтарының” республика халқының құрамының өзгерістеріне тигізген әсері болды.
1958 – 1962 жылдарғы “ұлы секіріс” кезінде Қытайдан қайтқандар саны көп болды. Тек, 1962-1963 жылдары Қазақстанға 24202 отбасы, яғни 118926 адам көшіп келді. Олардың басым көпшілігі Семей (38993 адам ), Алматы (38604), Оңтүстік Қазақстан (15209), Қарағанды (9842), Жамбыл (7657) облыстарында орналасты. Ондағы “мәдени революция” жылдары (1966–1969 жылдары ) Шыңжаң өлкесінде мешіттер мен ұлттық мектептер қиратылып, мұсылман дегендерді қудалау күшейген кезде де бұл көші-қон тыйылған жоқ.
1956—1962 жылдары Кеңес Одағы тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қыспагынан Қытайға өтіп кеткен қазақтарға Отанына оралуға рұқсат етілді. Сол жылдары келушілердің қолында аты-жөні жазылған және көлемі 4×5 см фотосуреті бар қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 1930 жылы 2 тамыздағы «КСРО азаматтығы туралы » Заңды басшылыққа ала отырып, жаңа төлқұжаттар берілді. Сол заңның 2-бабы бойынша 30-жылдардағы аштық кезінде кеткендерге азаматтық берілді. Ал заңның 3-бабы 1917 жылғы төңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға қатысты қолданылды. Осы 2- және 3-баптары бойынша Қытайдан келген оралмандарға КСРО азаматтығын беру туралы қорытындылар шықты. Бүл қорытындылар бекітіліп, төлқұжат берілетін мекемелерге жөнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына жағдай жасады. 1959—1970 жылдары қазақтар механикалық жолмен 143 мыңға көбейді. Тек қана Алматы облысына 62 мың адам көшіп келді.
ХХ ғасырда көші-қон қазақ ұлтының тағдырында шешуші рөл атқарды : қазақтар ғасыр басында туған жерінен сыртқа үдере көшуге мәжбүр болса, ғасыр соңында тарихи отанына қайта оралу үдерісі орын алды. Сонымен бірге, шетелге кеткен қазақтардың тарихи отанына қайту шараларының ғасыр бойы жалғасқаны белгілі. Жалпы алғанда, ХХ ғасырдағы қазақтардың Қытайдан қайта оралуы төрт дүркін жүзеге асты деп есептейміз : ХХ ғасырда Қытайдан қайтқан қазақтар тарихына орай.
Алғашқы легіне – 1916 ж. көтерілістен соң жазалаудан қашып, Шығыс Қытайға өткен қандастарымыздың 1917-1925 жж. елге қайтып оралуын жатқызамыз. 1917 ж. Уақытша үкіметтің бастамасымен Қытайдағы қазақтарды қайтару шаралары жүргізілді. Орыс билігі Шыңжаң губернаторы Ян Цзэнсиньнен « Қытайда тұрып жатқан 19-31 жас арасындағы дүнген, тараншы, қазақтар мен басқа да бұратаналарды » тез арада қайтаруды талап етті. Қазақ және қырғыз босқындарын қайтарған жағдайда оларды амнистиялау туралы келісімге қол қойылды. М. Тынышпаевтың есебі бойынша 1916 ж. Жетісу облысының 44 болысында тұратын 47759 түтіннің 40250-і, яғни, 201250 адам Қытай жеріне босқыншылықпен барған. Барғандардың 95200-і ашаршылықтан, суықтан және басқа түрлі себептерге байланысты қырғынға ұшыраған. Босқындардың кейін оралғандары 69 мың, ал, Қытай жерінде қалғандары 12 мың адам. Шамамен, 1916 ж. кеткен қазақтар саны 400 мың адамдай (7-8 %). Кеткен қазақтардың қайта оралуында ерекше рөл атқарған сол кездегі Мемлекеттік Думаның мүшелері Мұқамеджан Тынышбайұлы, Уақытша Үкіметтің Түркістандық комитетінің төрағасы Орест Авенирович Шкапский, Мұстафа Шоқай, Санжар Асфендияровтар болды.
Екінші рет қазақтардың Қытайдан оралуы кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси келеңсіздіктердің тұрғылықты халықтың бас сауғалап көрші аймақтар мен елдерге жаппай көшуіне байланысты дейміз. 1930 ж. басы мен 1931 ж. ортасына дейін Қазақстан аумағынан 281230 шаруа шаруашылықтары сыртқа, негізгі бөлігі Қытайға, Иранға және Ауғаныстанға көшіп кетті. Барлығы ашаршылық жылдары республикадан 1130 мың адам кетті, олардың 676 мыңы қайтпай қалды, 454 мыңы кейінірек Қазақстанға қайта оралды. Ірі көтерілістерге қатысқаны үшін 1929-1931 жж. ОГПУ органдары арқылы 5551 адам жазаға тартылды, оның 883-і атылды.
ХХ ғасырдағы ата жұртқа оралудың үшінші, ал кеңестік дәуірдегі екінші ірі толқыны 1950-1960 жылдары жүзеге асты. 1954-1955 жж. «кеңес азаматтары » деп аталатын контингент есебінен Қытайдан қазақтар қайтты. 1950-жж. ортасында КСРО-ның саяси өміріндегі «жылымық» жылдарында шет елдерден бауырларымыздың бір бөлігі Отанына қайтты. Екі ел арасында кеңес азаматтарын қайтару туралы арнайы келісім болған жоқ. Бірақ, 1954 ж. КСРО мен Қытай арасында қарым-қатынас туралы жасалынған 10 жылдық келісім-шарт « кеңес азаматтарының » КСРО-ға қайтуына жол ашты. Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның iшіндегi еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшiп келдi. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған «кеңес азаматтарының» саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сi еңбекке жарамды, 1261-і еңбекке жарамсыздар мен қарт кiсiлер, 8 жасқа дейiнгi балалар – 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар – 2515 адам ) болды. Қытайдан келген «кеңес азаматтары » негiзiнен, жұмыс қолы жеткiлiксiз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жiберiлдi.Тарихи Отанына келген қоныс аударушыларды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету, азаматтық алу мәселелері алаңдатуда. Осы қажетті жағдайларды жүзеге асырудың күрделілігінен қоныс аударушылар қазіргі Қазақстанның тәртібі мен жағдайына қиындықпен көндігуде. Мемлекет тарапынан оралмандарды жұмыспен қамту жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Олардың көпшілігі ауылдық жерлерден шыққандықтан, оларға жер және фермер қожалығын құруға қажетті құрал-сайман бөлінді. Шағын несие беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда оралмандардың бәрі бірдей алғашқы тоқтаған жеріне тұрақтап қалмады, Моңғолиядан келген оралмандар Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарын қолайлы көрсе, Ираннан келгендер — Алматыға, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына орналасуға тілек білдірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет