Тарихи жадының сақталуы тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде. «Мәдени мұра»



бет2/3
Дата22.12.2021
өлшемі37,82 Kb.
#127458
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
тарих12

Жүсіп Баласағұн 1020 жылы Баласағын (Баласағұн) қаласы, Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ өңірінде дүниеге келген. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды.

Ғасырдан ғасырға жалғасқан түркі халқы мәдениетінің классикалық әдеби жәдігерлерінің қатарынан орын алған Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны халқымыздың тарихы, діні мен ділі үшін үлкен мәнге ие теңдесіз туынды болып табылады. Орта ғасырлық Қарахан әулетінің билігі тұсында жазылған «Құтты білік» шығармасы отбасылық тәртіптен бастап мемлекет құрумен қатар оның алып істерін жүргізуге дейінгі аралықты қамтыған қанатты сөздермен берілген ойлардан тұрады.

Жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар, соның ішінде имандылық қасиеттерді жетілдіру, яғни рухани кемелділік Ж.Баласағұни философиялық поэмасының негізгі өзегі. Өйткені ол білікті, білімге ие адамдардан құралған қоғамның тұрақтылығы берік болатынына сенеді. Осы мақсатта ақын қоғамның әр топ өкілін мінез-құлыққа, қатынас әдебіне үйретіп, білім жинауға талпындырады. Шығарманың қазіргі таңдағы қоғам үшін де өзектілігі осында.

«Құтты білік» басынан соңына дейін білімді ұлықтайтын шығарма десек қателеспейміз. Жүсіп Баласағұн исламның гүлденген дәуірін көрген ғұлама. Ол Құранның «оқы» деген басты қағидасы мен исламда білім жинап, ғылым игерген мұсылманның дәрежесінің жоғары екендігін ұғына білді.

Шығармада кездесетін «Пайдасы көп, аз ақылды аз деме, Қадірі көп аз білімді аз деме!», «Ақыл, білім бейне кісен кісіге, Кісенді көп бармас қылмыс ісіне», «Ақыл – сенің анттасқан нақ жолдасың, Білім – сенген мейірімді қандасың», «Ақыл керек білім таңдап аларға, Білім керек іске жақсы қарарға», т.б. шумақтары қазіргі жастардың жадында сақталар қағидаларға лайық жолдар.

Ақыл, білім адам бойындағы өнегелік қасиеттерді қалыптастыратын, әдепті сақтайтын ұғым. Әдеп, қатынас этикасы ақынның кемел қоғам жолындағы басты ұғымы. Бұл жерде шығарма жазылған дәуірдегі ислами қатынастың озық үлгісін байқаймыз. Бұл мұсылман адамның ислам шарттарын сақтай отырып сыртқы ортамен қатынасы, діни терминде – «ахлағы». Ислам әдебіне негізделген қатынас қағидалары жеңіл тілмен, түсінікті етіп беріледі, шығармада ғалым-білгірлерден бастап, оташы, ақын, балгер, жұлдызшы, сатушы, малшы, пақыр-міскіндерге дейін олармен қатынас жасау ережесі үйретіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет