Тарихи жадының сақталуы тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде



бет2/2
Дата22.12.2021
өлшемі30,07 Kb.
#127436
1   2
Байланысты:
Тарихи жадыны са талуы т л аны сана-сезіміні негізі мен аза

Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.

Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.



Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы.

«Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Нұрмақұлы Қалиев «Ұлт Көшбасшысы және тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты (1991-2013 жж.)» және «Этносаралық қатынастың Қазақстандық үлгісі: тарихи аспект (1991-2016 жж.)» тақырыптары бойынша және «Жас тарихшылардың Республикалық қауымдастығы» ҚБ мүшесі, докторант Еркін Ерланыұлы Рахметуллин «Жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі» тақырыптарындағы ғылыми жобаларын жүзеге асыруға байланысты іссапарға барып қайтты.

Олар 2015 жылдың 18-24 қазан аралығында Алматы қаласында ғылыми іссапарда болдық. Іссапар мақсаты – «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ұлт Көшбасшысы және тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты» және «Жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі» атты ғылыми жобалары бойынша мұрағат құжаттары мен кітапхана қорларындағы деректерді жинау болатын. Осыған орай Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенттік Мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорларында құжаттармен жұмыс жасадық. 
Іссапар мақсаты Қазақстан Республикасы Президент Мұрағатындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңін қамтитын қорлармен жұмыс жасау болды. Атап айтар болсақ, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрықтары, Заңдары, жиындарда сөйлеген сөздері топтастырылған 5-Н қордың 1 және 7 тізімімен жұмыс жасады. Мәселен, 5-Н қоры, 1 тізім, 277 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ тілі» қоғамының республикалық екінші құрылтайында сөйлеген сөзі, 1992 жыл, 28 қараша), 278 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың студент және шығармашыл жастармен кездесуінде сөйлеген сөзі, 1992, қараша), 1205 (Тарихи тұлғалардың мерейтойларын өткізу жөніндегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулыларын орныдау жөніндегі құжаттар), 1796 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзі, 1993 жыл, 10 сәуір, Түркістан), 3378 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тарихи зерде кешіндегі сөйлеген сөзі, Республика сарайы, 1994 жыл, 14 желтоқсан), 5018 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның отырысында сөйлеген сөзі), 5024 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылдың 22 сәуірінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мәжілісінде сөйлеген сөзі), 5050 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 спессиясында сөйлеген сөзі), 5051 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңТәуелсіздік күніне арналған жиында сөйлеген сөзі, 1995 жыл, 16 желтоқсан), 5053 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның шығармашылық жастары өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзі), 5802 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың 11 қазанында Ақмола қаласының жастарымен болған кездесуінің стенограмасы) істері қаралды. 
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғалымдар залы мен диссертация бөлімінде тақарыпқа сай жұмыстар атқаралды.

Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы.

«...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді. Мұндай мемлекеттер жаңа заманға сай қоғамдық қатынастарды жетілдіре алмады.

Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында (11 қараша 2014 ж.) 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіндігін мәлімдеді. Ал, 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» (№ 1448) қаулысы қабылданды. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу – «батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін» жас ұрпақты мемлекетімізді құрметтеуде, отансүйгіштікке баулуда, «мемлекет» және «мен» деген ұғымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз.

1915 ж. 11-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді. Салтанатты жиынға ӘР-ның Президенті И. Әлиев, ҚР-ның Президенті А. Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері И. Йылмаз, ТР-ның Үкіметінің вице-премьері С. Тойлиев және т.б. қатысты. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Қытай, Иран, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдерден мыңнан аса қонақтар келді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. …Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын» дей келе, «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды», – деді. Ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек – Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.



Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйеніп, Елбасы 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғалар жөнінде: «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады» деп атап көрсетті. «Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді» деп тарихымыздың кезеңдеріне тоқталды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. … Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз». Айта кетер жайт, Президент Н. Назарбаев Ұлытау сұхбатында: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген еді. Салтанатты жиында сол сөзінің жалғасы ретінде: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет