Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негіізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) Шыңғыстаудың бауырында дүниеге келді. Абай атақты тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен – ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін Семей қаласында үш жылдық медресе тәрбиесін алады.
.... ҒЫЛЫМСЫЗ, ҚАРА ХАЛЫҚ АРАСЫНДА, САХАРА ҚАЗАҚТАРЫ ІШІНДЕ ЖАЛҒЫЗ ЖҰЛДЫЗДАЙ БОЛЫП ЖАНЫП ШЫҒЫП, ТІЛІ, ОҚУШЫЛАРЫН ОЯТАТЫН ӨЛЕҢДЕРІ ОНЫ БҮКІЛ АТЫРАПҚА МӘШҺҮР ЕТТІ. ШЫҒАРМАЛАРЫ ҚАЗАҚША ЖАЗЫЛДЫ. МЕЙЛІНШЕ МОЛ ЕҢБЕКТЕНУМЕН ОРЫС ТІЛІН ҮЙРЕНІП, ОРЫС ӘДЕБИЕТІНЕ ЕРКІН ЖЕТІЛІП,ДОСТАСЫП АЛДЫ.... ТІЛІ ЛӘЗЗАТТЫ, АРАБ, ПАРСЫ, ТҮРІК , ҚАЛМАҚ ТІЛДЕРІНЕН ХААБАРДАР, ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ ПӘНДЕРІНЕН МАҒЛҰМАТЫ КЕҢ БОЛЫП, ТАНЫМЫ АУҚЫМДЫ ЕДІ. АДАМШЫЛЫҚ ОЙ – ҚИЯЛЫ ӨТЕ ТАЗА, ҰЛТЖАНДЫ,ЕЛІН – ЖЕРІН СҮЙГЕН КІСІ ЕДІ. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
ҒЫЛЫМ, БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӨНІНДЕ
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің Бәрі ақымақшылық Пайда ойламай, ар ойла, Дәулет бітпес келбетке. Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең... Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң Ғылым өзі – бір тез қартайтұғын күйік.
.... Абайдың қасиеті –
ол өткен заманның ақыны емес, бүгінгі заманның ақыны, бүгінгі қазақ ақындарымен іргелес, бағыттас ақын. Абайдың әдебиеттігі өсиеті – шындық, шеберлік, адам баласына артық гуманизм, еліңді, Отаныңды сүю, не артқа тартып жатса, сонымен аянбай алысу.
Ғабит Мүсірепов
АДАМ, АДАМГЕРШІЛІК, АҚЫЛ, ЖҮРЕК ХАҚЫНДА
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті.
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден бөлек
Жеке – жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап,қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек
Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетіне қарамай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды.
Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау,олардың сөзінен үздік, артық.
Ол оқушылық, артықтық басқа ақындардын Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған...
Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздерінің бәрінде Абайдың өлендері қаазақтың басқа ақындарының өлендерінен үздік, артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап сөйлегендіктен.
Ахмет Байтұрсынов
Әдебиет, өнер, тіл туралы
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс жұмыр келсің айналасы.
Өнер алды – қызыл тіл.
Тіл өнер – дертпен тең.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
Әннің де естісі бар, әсері бар,
Тыңдаушыының құлағын кесері бар
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Бойда – қайрат, ойда – көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы,
Сонда да сорлардың бар таңдамасы.
... ОЛ ХАЛЫҚ ТАРИХЫНЫҢ БИІК ШЫҢЫНА ЖАЛҒЫЗ – ДАРА ШЫҚҚАН ТАУ АҒАШЫ СИЯҚТЫ. ОРЫС ХАЛҚЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ ИГІ ЫҚПАЛЫМЕН, ӘСЕРІМЕН ТАМАШАДАЙ БАЙЫТА ОТЫРЫП, ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ҒАСЫРЛАР БОЙЫНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНЕН ОНЫҢ БІЗДІҢ ЗАМАНҒА ӘКЕЛІП ЖЕТКІЗГЕНДЕРІ АБАЙДЫҢ АТЫН МӘҢГІ ӨШПЕСТЕЙ ДӘРІПТЕЙДІ, ОНЫҢ АТЫН ҚАЗАҚТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ БИІК ШЫҢЫНЫҢ ҰШАР БАСЫНА АПАРЫП ҚОНДЫРДЫ. МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МЕКТЕП, ҰСТАЗ, ШӘКІРТ ТУРАЛЫ
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға
Қайратсыз ашу – тұл,
Тұрлаусыз ғашық – тұл,
Шәкіртсіз ғалым – тұл.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІ – ДАНА СӨЗІ
Абай өзінің оң жетінші қара сөзінде: қайрат, ақыл, жүрек және ғылым туралы ойлары таратылған. Сөзде үшеуі өз өнерлерін бұлдап бір – бірімен айтысады. Әрине, алғашқы адам болмысы мен ғұмырында бұл үшеуінің алатын орны өлшеусіз, өте қажетті нәрселер. Сондықтан, олардың бірінен–бірінің асып түсуі мүмкін еместі. Сөзді мұқият оқыған кісі, шын мәнінде қайрат, ақыл, жүрек дегендер туралы бай түсінік алады. Бұл түсінік екі тәсілмен берілген. Біріншіден, өздерінің кім екендігін қайрат, ақыл, жүрек дегендер өздері айтады.
Екіншіден, оларға төрелікті ғылым берген, яғни өз мәндерін өздері ашқан.
Қайрат, ақыл және жүректің басын қосқан ғылым болды. Сонда ғылымның өзі не? Ақын ғылым мен ақылды бөліп қарастырған, ақыл ғылым түсіндірушы ұғынушы ғана.
Абайдың қара сөздері дүниетанымдық мазмұнда тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтуымен шектелмеген, онда адамзат тарихы барысында сан заман ғұламаларын толғандырып келе жатқан мәселелерге талдау жасалған.
Абайдың қара сөздері дүниетанымдық мазмұнда тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтуымен шектелмеген, онда адамзат тарихы барысында сан заман ғұламаларын толғандырып келе жатқан мәселелерге талдау жасалған.
Абайдың қара сөздері әлемдік өркениетте өз орны бар келелі мәдени мұра.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сіздердің жаңалықтарды білуге деген құмарлықтарыңызды қолдаймыз және көмектесеміз !