«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері



бет53/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   143
1. Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:

  • Оқытатын пәннің оқу бағдарламасын, оқу материалын жақсы білу.

  • бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;

  • бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оңып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;

  • тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;

  • негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;

  • сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;

  • тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;

  • сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;

  • сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсаң, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;

  • техникалық оқыту құралдарын тексеру;

  • мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;

  • сабақта орындалатын өздік жүмыстардың көлемін және түрін аныңтау;

  • білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;

  • білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;

үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеп, оны орындау әдістемесін табу;

  • сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;

  • тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;

  • сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.

Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет