Мектепте тарихи білім берудің теориясы мен практикасын жетілдіру (1960-1980 жж).
Бұл кезенде тарих окулығының міндеті мен қызметі озгеріске түсті. Ол сабақта оқығанды бекіту үшін ғана емес, сонымен бірге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуте, курстың мазмүнын қорытып, жүйелеу үшін де қажет бола бастады. Бүл міндеттерді іске асыруға оқулықтағы кестелер, сүлбалар, анықтама материалдар, қүжаттар мен безендендіру көмектеседі. Солар бойынша оқулықтың тақырыбы, параграфынан сүрақтар мен тапсырмалар туындайды.
1965 жылы майда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің "Мектептерде тарихты оқыту төртібіндегі озгерістер туралы" қаулысы тарихты оқытудың қүрылымына елеулі озгерістер енгізді. Ең бастыларьшьщ бірі ретінде алғаш рет одақтас республикалар тарихыньщ оқу бағдарламасына енгізілуін айтуға болады. Бүл қаулы мектептерде Қазақстан тарихын оқытуға жол ашқан үлкен мүмкіндік еді.
Мектептегі тарих курсыньщ қүрылымындағы ендігі өзгерістер міндетгі түрде орта білімге көшумен байланысты жүзеге асты.
60-70 жылдары тарихи білім берудің мынадай қүрылымы орнықты.
19 Тарихи білім беру қүрылымы (1967-1993 ж.ж.) 5-сынып — Отан тарихының эпизодтық эңгімелері (2 сағ.) 6-сынып — Ежелгі дүнис тарихы (2 сағ.) 7-сынып — Ортағасырлар тарихы (2 сағ.) 8-сынып — Отан тарихы ХҮІІІ ғ. соңына дейін (2 сағ.) 9-сынып — Жаңа тарих I бөлім; XIX ғ. Отан тарихы (3 сағ.) 10-сынып - Жаңа тарих II бөлім; Отан тарихы XX ғ. Басынан 30-жылдарға дейін; қазіргі заман тарихы 30-жылдардың соңына дейін (4 сағ.)
11-сынып — Отан тарихы қазіргі кезге дейін; қазіргі заман тарихы осы кезге дейін
Бүл білім қүрылымы 1993 жылға дейін сақталды. Жалпы білім беретін мектептерде тарих пөніне аптасына 18 сағат, жылына 612 сағат (оның 313-і Отан тарихына, 299-ы шстслдің тарихыпа) бөлівді.
60-70 жылдары тарихты оқыту әдістеиесін А. А. Вагин, Д. И. Никифоров, Н. Г. Дайри, П. В. Гора, П. С. Лейбенгруб, Ф. П. Коровкин СИЯҚТЫ ғалымдар одан әрі жалғастъірды. Тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мүғалімнің оқушыларды оқытудың тиімді жоддарын іздестіруіне өдістемелік көмек көрсететін қүралдар мен тесілдерді жасауға багытталды. Оқуілылардың білімді өз бетіншс игеріп, өскелең ақпараттар ағынында бағдар таба алуға үйрету басты мақсат етіп қойылды. Дидактикада оқушылардың оқу процесіндегі дербестігі мен белсенділігін, оқыгудың төрбиелік релін сабақтың тиімділігін арттырып, көкейтесті мәселелерді оқытуды терендетуге багытталғаи зерттеу жүмыстары атқарылды. 60-80 жылдары оқушылардың дербестігі мен белсенділігін дамьпу оқытудың мақсатына айнадды. Олардың танымдық әрекетін жандандыру, дағдыларын, жүмыс төсіддерін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп, дамыта оқыту мәселесі кетерілді.
•80 жылдардың соңында бүрынғы қоғамдық қатынастар жүйесінің ыдырауына байланысты білім беру жүйесі дағдарысқа үшырады. Қоғам дамуьіның жаңа бетбағытына жауап беретіндей білім берудің жаңа құрылымын іздестіру басталды.
Еліміздің өдіскер ғалымдары (Т. Тұрлығұл, Б. Адырбек, А. Көпекбай) өдетте, пөннің ерекшелігіне қарай 7 мен 10-ның арасында оқу-өдістемелік құрал қажет деп есептейді. Мысалы, тарих пөнінен терең әрі тиянақты бідім алу үшін 7-8 әдістемелік құрал қажет. Олар: оқулықтар, өдістемелік материалдар, дидак-тикалық материалдар (оқу карталары, түрлі кестелер мен сызбалар, корнекі қүралдар, хрестоматия, оқу кітабы, «сөздік жене т.б.) Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж. 26 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайыңдау жөне басьш шығарудың мақсатгы бағдарламасы" деп аталатын қаулысы негізінде мектептерді жаңа буын І Ікулықтармен қамтамасыз ету, оқу-өдістемелік кешенді жабдықтау Ісі жүзеге асырылуда. Білім министрлігі өткізген бөйгенің қорытындысы бойынша 2000-2002 жылдары 5-9 сыныптарға 18-20 пәннен 120 оқулық, 360 қосымша оқу-әдістемелік қүрал дайындалып, республикадағы 80-ге жуық эксперименттік мсктептерде сынақтан өткізуге жіберілді. Олардың сынақтан сәтгі өткендері мипистрлік тарапьшан мақүлданьш, бүкіл республика мектептеріне ок,ытылуда. Мысалы, 5-6 сыныптардың тарих оқулықтарына к.осымша шығарылған "Әдістемелікбасшылық", "Дидактикалық материал" жөне "Жұмысдәптері". Оларға қосымша С.Жоддасбай, К,. Адамбосынов, Ә. Көпекбай, С. Мәшімбаев, С. Тортаев, М. Мәженовалардьщ 7 сыныпқа арналган оқулығы мен хрестоматиясы және әдістемелік құралдары жарық көрді. Бүл оқулықтар мен оның құрауыштары сынақтан сөтті өтіп, мектептерге жолдама алды.
Өзіндік бақылау сұрақтары.
1. XX ғасыр басындагы тарихи білім беру жайлы не білесің?
2.1917-1930ж.ж. тарихи білім берудің басты ерекшеліктері неде?
3. Тарихтың дербес курстарының енгізілуінің қандай маңызы болды?
4. 60-80 жылдары қалыптасқан тарихи білім беру қүұрылымының мазмұнын қалай түсінесіз?
5. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесіне үлес қосқан қандай әдіскер-педагогтарды білесіз?
Дәріс тақырыбы: Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі.2 сағат.
Мақсаты: Мектепте Қазақстан тарихы курсының ғылыми негізіндегі құрылымы, сипаттамасы, Қазақстан тарихы курсының негізгі ұғымдармен дүниетанымдық идеялары және ұлтаралық қатынастар мәдениетін игерту, адамгершілік және гуманистік мораль нормаларының мүмкіндіктері. Өлкетану материалын зерттеуінде әдіскерлік жүйесі жайлы білімді меңгерту
Жоспар:
Мектепте Қазақстан тарихы курсыныц ғылыми негізіндегі құрылымы, сипаттамасы.
Қазақстан тарихы курсын оқытуды әр жыл бойынша бөліп оқыту: әр курсты оқытуға бөлетін уақыт.
Қазақстан тарихы курсының негізгі ұғымдармен дүниетанымдық идеялары.
Қазақстан тарихы курсының ұлтаралық қатынастар мәдениетін игерту, адамгершілік және гуманистік мораль нормаларының мүмкіндіктері. Өлкетану материалын зерттеуінде әдіскерлік жүйесі.
Қазіргі кезең мектепте тарихты оқытуға көзқарасты өзгертумен сипатталады. Бұл өзгерістердің басты бағыттары мыналар болып табылады:
Отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;
Отандық тарихты әлемдік даму контекстінде оқыту;
ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру;
тарихи білімнің тұлғалық бағдары, догматикалық нышандардан бас тарту;
мектептік тарихи білімінің нәтижеге бағдарлануы, оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдік процестің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік модельді қалыптастыруға бағытталады;
мектепте тарихты оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қаруды ұштастыруға негізделген тиісті;
формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік – экономикалық процестерді логикасын түсінуге мүмкіндік береді.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің білімдік, танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту.
Отандық білім жүйесін әлемдікбілім кеңестігіне енгізу ауқымында оқушылардың гуманитарлық дайындығының деңгейін көтеру.
Тарих білім мазмұнын анықтауға қойылатын талаптар мектептік тарих курсына бөлінген оқу уақытының жалпы көлемін, оқушылардың жас шамасы және психололгиялық ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.
Білім берудің іс -әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні оқушылардың өзіндік жұмысының басымдық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық жұмыстар, брэйнсторинг, рөлдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, сөздік пинг – понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және т.б.) дайындай түрінде іске асырылады. .
5 – 10 сыныптарда тарихты оқытудың мазмұны мен мақсаты – міндеттері төмендегі шешуші біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған:
Саяси және әлеуметтік - оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешен қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілеті;
толеранттылық - басқа ұлттардың салт – дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылық;
Когнитивтілік - өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдірі, нақты өмірдегі оқиғалардың себеп – салдарын өздігінен тану;
дүниетанымдық - әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік орын дұрыс таба білу, отаншылық, қазақ халқының тарихы мен салт – дәстүрін, адамның құқықтары мен демократиялық принциптерін құрметтеу.
Тарих білім берудің құрылымы.
5 сынып.
Қазақстан тарихы (элементарлық курс)
Жалпы тарих (элементарлық курс)
6 сынып
Ежелгі Қазақстан тарихы
Ежелгі дүние тарихы
7 сынып
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V – ХVғғ.)
Орта ғасырлар тарихы (V – ХV ғғ.)
8 сынып
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХVІғ. – 1918ж)
Жаңа заман тарихы (ХVІғ.- 1918ж)
9 сынып
Қазіргі заман Қазақстан тарихы (1918ж. – 1990ж.)
10 сынып
Қазақстан Республикасының тарихы (1991ж.–бүгінгі күнге дейін)
Қазіргі заман тарихы (1991ж – бүгінгі күнге дейін)
Қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарих бойынша қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстарда кейбір жаңа ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер тарихының жекелеген тарихи оқиғалары мен құбылыстары оқытылады.
«Қазақстанның ежелгі тарихы» курсында – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік жүйеге ерекше назар аудару арқылы қазақ жеріндегі тарихи процестердің адамзат өркениетімен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде дамығандығына, біздің жерімізде мемлекеттік институт жүйесінің ерте заманда – ақ пайда болғанына көңіл бөлінеді.
Міне осындай маңызды мәселелерді оқушыларға тереңірек түсіндіру оқушылардың алғашқы адамдар мен өмір тіршілігі, дүниетанымы мен әрекеті жөнінде нақты білім алуға септігін тигізбек.
Орта ғасырлар тарихының, жаңа тарих және қазіргі заман тарихының хронологиялық шектерінің өзгертілуі адамзат тарихы дамуының өркениеттік тұжырымдамасын меңгеру нәтижесінде жеткен тарих ғылымының жаңа жетістіктеріне негізделген.
Орта ғасырлар тарихи курсында V ғасырдан ХV ғасырлардың аяғына дейінгі дәстүрлі қоғамның дамуы, гүлденуі және дағдарысқа ұшырауы оқытылады. «Қазақстанның орта ғасырлар тарихы» V – ХV ғасырларда қамтиды. Еуразия кеңестігінде батыс пен шығысты ұштастыратын аймақты мекендегі байырғы түркілер әр түрлі өркениет жетістігін бойына сіңіре алды. Сондықтан орта ғасырлар тарихы Қазақстан аумағында бірін- бірі алмастыра отырып, өмір сүрген көптеген мемлекеттер тарихын оқытады. .
Жаңа тарих ХVІ ғасырдан 1918 жылға дейінгі уақытты қамтиды, бұл кезеңде дәстүрлі қоғамнан индустриалдық өркениетке өту іске асады. Әлемдік тарихи ой мен ғалымда жаңа заман «қазіргі», яғни, индустриалдық қоғамның қалыптасу дәуірі ретінде қарастырылады.
Қазіргі заман тарихы – бұл посиндустриалдық қоғамның қалыптасуы мен дамуы және одан ақпараттық қоғамға өту дәуірі.
1918 жылы – бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған жылы, жаңа дәуірден қазіргі заманға өту аралығы ретінде алынған.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында ақпараттық қоғамға өту процесі басталды. Бұл Кеңес Одағының ыдырауымен, Шығыс Еуропада социалистік режімнің жойылуы мен, Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің, және әлемдік дамудың жаңа құбылыстары мен процестерінің пайда болуымен байланысты.
1918 жылдан бастап қазақ халқының ұлт – азаттық күресі саяси партия басқарған, арнаулы бағдарламасы бар саяси қозғалысқа айналды.
«Қазақстан Республикасының тарихы» курсында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан қазіргі кезеңге дейінгі оқиғалар қамтылады.
6-10 сыныптардағы тарих курстарының мазмұны оқу уақытының көлеміне, отандық тарихты дәуірлеудің жаңа жүйесіне сәйкес анықталады.
Тарихи білім мазмұнын анықтаудағы вариативтілік 11-12 сыныптарда қолданған дұрыс, өйткені онда сыныптардың оқу процесінде тарихтың алуан түрлі қырларын ашатын, тарихты оқып-үйренудің әр түрлі әдіснамалық тұжырымдарын, тарихи процесс пен тарихи танымның теориялық мәселелерін түсіндіретін бейіндік және факультативті курстар басым орын алады.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке түлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |