«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет58/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143
Жаппай - жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:
оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқ-шылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді;
мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой-толғаныстарын білдіреді;
әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;
мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;
мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қояды. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;
жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.
егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жүмыстың кемшіліктері көрінеді;
нәтижелеріне жалпы баға беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет