Тарихты оқыту әдістемесі


Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы



бет5/17
Дата15.07.2024
өлшемі219,5 Kb.
#203578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
b320

Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы
Құжатты оқып – үйрену әдістемесі. Тарих сабағында құжаттарды оқушылар да, мұғалімдер де қолдануы мүмкін. Құжат тым күрделі болса мұғалім оның мазмұнын оқушыларға түсіндіріп береді; құжатқа сілтеме жасап, дәйексөз келтіреді (әңгімелеудің дәлелділігін күшейту үшін); өз әңгімесін нақтылау және қызықты ету үшін кұжаттан үзінділер пайдаланады. Әңгімені жандандыру үшін құжат үзінділерін төл сөз ретінде қолданып, тарихи тұлғаға мінездеме беріледі.
Оқушылардың құжатпен жұмыс жүргізуі оларды жасына, танымдық мұмкіндігіне және дайындық деңгейіне қарай күрделене берсді. 5-6 сьптығарда баяндау - суреттеу сипатындағы қарапайым материалдар пайдаланылады; оның көлемі 10-15 жолдан аспауы тиіс; ал 7-8 сыныптарда талдау жасалатын заңдық және шаруашылық құжаттардың саны арта түседі; 9-11 сыныптарда саяси бағдарламалық құжаттар кеңінен қамтылады.
Құжаттармен жұмыс істеуге үйрету мынадай кезендерден тұрады:
1) Мұғалім кұжатты талдаудың үлгісін береді;
2) Оқушылар мұғалімнің көмегімен құжатты талдайды;
3) Мұғалімнің жетекшілігімен жеке дербес жұмыс жүргізеді;
Құжатты өз бетінше сынынта және үйде оқып үйренеді. Мұғалім сыныпта оқушыларды кұжатпен таныстырып, тапсырманың мазмұнымен хабардар етеді. Оқушылар үйде құжат негізінде қысқа хабарлама, суреттеме дайындап, оқулықтың мәтіні, безендіру бойынша шығармашылық мазмұндама дайындайды. Әрине дербес жұмыс жасау үшін құжат барлык оқушыға жеткілікті болуы керек.
Құжаттармен жұмыс жүргізу мынадай дағдыларды да меңіеруді талап етеді; құжатты оқып әңгімелеу және ол бойынша жоспар кұру, құжатты дербес талдап. ол бойынша сұрақтарға жауап беру; бірін-бірі толықтыратын ұқсас кұжаттарды салыстыра талдау; құжатқа сыни баға беру. Осы дағдылардың барысында оқушыларға кұжаттағы қисындық түйінді, негізгі идеяны анықтап, белгілі бір ережелерге дәлел тауып үйренеді. Мұғалім оқушыларға "бұл туралы кұжатта не жазылғанын оқындар", "кұжат мәтіні негізінде.....дәлелде", "өз пікірінді құжат негізінде тиянақта" деген мазмұнда тапсырма береді.
Жоғары сынып оқушыларының құжаттармен жүргізетін жұмысы күрделене түседі. Оларға ендігі кезекте күрделі тапсырмаларды орындауға тура келеді. Ол тансырмалар мына мазмұнша болуы мүмкін:
құжат мазмұнының бастысын, екінші кезектісін таңда; өз тандауынды негізде;оқып үйренетін оқиғаның себебін, қай кезеңге тән екендігін анықта;оқиғаның іске асуына қандай тарихи алғышарт немесе идея, бастама нсгіз болды;жағдайларды салыстыр; қажетті дереккөзінен мәліметгерді таңдап ал;саяси және мемлекеттік қайраткерлерге мінездеме бер; түпдерек бойынша хабарлама дайында;
оқып үйренген құжаттар қазіргі қоғамдық құбылысты тани білуге қалай көмектескенін ойлап көр.
Мұғалімнің түпдеректі сабаққа пайдаланар алдында оны алдын ала електен өткізіп, педатогикалық екшеу жасайды. Ол неғұрлым екшелген сайын оны оқушылардың дербес игеруі, қабылдауы оңайлай түседі. Педагогикалық еклеу дегеніміз -сабақка пайдаланатын құжаттың мазмұнын тандау дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда мұғалім кұжат авторының стилін озгертпей-ақ кұжатты еркін пайдалануы мүмкін. Одан әрі мұғалім оқушылар үшін жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіріп, құжатпен жұмыс істеудің тапсырмаларын анықтайды.
Жинақталған өлкегану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын іске асыру үшін мұғалім мынадай жүйеленген таблицаны қолдануына болады.
Мұғалім сабақ барысында құжатты қолданар алдында оған қысқаша сипаттама береді; құжат қайда, қашан қандай мақсатта, кім жазды; бұл құжаттан оқушылар не біледі?



Сабақтың тақырыбы, рет саны

Жергілікті материалды қолдану мақсаты

Жергілікті материалдың қысқаша мазмұны

Жергілікті материалды пайдалану тәсілі

Оқушыларға арналған әдебиеттер

Түркістан-Қазақ хан-дығының астанасы

Қалалардың рөлінің
артуын нақтылау, олкетану дерегімен
бекіту

Түркістан қаласының сауда, қолөнер діни орталықтан саяси орталыққа айналуы

Оқушының қала туралы буклет, хабарлама,
баяндама дайындауы.

"Түркістан тарихы мен мәдениеті". Түркістан, 2000 ж.
"Мұра"



Мұғалім "Жеті Жарғы" туралы әңгімелеп отырып, оның алдында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғандығын хабарлап, ол зандарда меншік түрлері, қылмыс деңгейлері, оларға салынатын қүш өлшемдері жазылғандығын баяндайды. Оқушылар одан әрі "Жеті Жарғының" мәтінін талдауға кіріседі: 1) Мәтін бойынша ауызша дәлелдеу; 2) Қүн өлшемдерін анықтау; 3) Құжаттың жекелеген тармақтарын бөліп алу; 4) Құжаттың мазмұнын анықтауға көмектесетін сұрақтар түзу.
Оқушылар құжатты жеке беліктер бойынша оқиды, ал мұғалім жекелеген сөйлемдерді түсіндіріп, құжат мазмұнын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін "Үзіндіде не туралы айтылған?" "Мына сөйлемнің мазмұнын қалай түсінесің?" Содан соң барып құжатты қайталап оқып, жекелеген бөліктер бойынша талдауға кіріседі. Оқушылардың жауабы толық және дәл болып, тұжырымдар құжатқа сілтеме жасау арқылы негізделуі тиіс.
Орта буын оқушыларымен өткізілген сабақтарда құжатты тарихи дерек пен әдеби шығарманың арасындағы айырмашылық туралы ұғымдар қамтылуы тиіс. Мысалы, түркі халықтарының мифтері туралы әңгімелегенде олардың қайсысы рас, қайсысы ойдан шығарылғандығын түсіндіреді.
Сабақ барысында тарих курсымен хронологиялык байланысты, тақырыпқа қатысты оқушылардың отбасы тарихының құжаттары ретіңде отбасы мүшелерінің жазбаларын, фотосурсттерін де қолдану тиімді. Бұған қатысты мынадай тақырыптарды атауға болады: "Менің отбасым XX ғасырдың 30-жылдарында", "Ұлы Отан соғысы біздің отбасы өмірінде", "Біздің отбасының еңбектегі және соғыстағы наградалары".
Құжаттың көрнекілігі оның мазмұнын көрнекілік қағидасымен ұштастырғанда тиімді бола түседі.
Құжатты талдау нәтижесінде оқушылардың санасында тарихи ұғымдар қалыптаса бастайды. Ол ұғымдар дайын білім түріндс емес, оқушылардың логикалық ойлау қызметінің барысында қамтылуы тиіс. Белгілі бір мәселені құжаттар арқылы нақты адамдардың көзқарастарындағы қайшылык. айқындалады, ол жағдай, процестер мен құбылыстардың мәнін ашуға көмектеседі. Бір мәселені әр түрлі ұстанымдарда қамтылған құжаттарды салыстыру барысында оқушылар бір мәселе туралы бірнеше көзқараспен таныса алады.
Құжаттарды оқу материалында орын алған кайшылықтарды шешуге де тиімді қолдануға болады. Оған байланысты құжаттармен жұмыс жүргізуге берілетін тапсырмалар оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескеріп беріледі. Құжаттарды оқып үйренуге байланысты тапсырманың сұлбасы мынадай: құжатты талдау — одан деректерін теріп алу - оларды ауызша әңгіме, ролдік ойын, жазбаша шығарма түрінде баяндау. Бұл жерде құжаттарды баяндау мен карта; зандық құжат пен күнделік жазбасы; жеке түлғаның естелігі, хаттары мен портреті деп жұптаған орынды.
Оқушылар құжат бойынша сұрақтар дайындап, сөзжұмбақ құрастырады, оқиғаны баяндап, мәтіндер дайындайды. Талқылап, талдап, толықтырғаннан соң мәтін оқулықтың тақырыбына қосылады. Бұл мәтін оқушыларға барынша түсінікті, өйткені оны өздері түзді ғой. Осы жолмен қалыптасқан тарихи ұғым барынша тұракты болмақ
Мұғалімнің құжаттарды тандауына мектеп хрестоматиясы көмектеседі. Кейбір хрестоматиялар тек құжаттарды біріктірсе, ендігі бірі — құжаттар, оларға түсіндірмелер, ғылыми-көпшілік әдебиеттердің үзінділерін құрайды, ал үшіншілері — көркем немесе басқа әдеби шығармалардан тұрады. Сабактың мақсатына қарай мүғалім аталған хрестоматиялардың бірін тандайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет