4. Орта ғасырлар тарихын оқыту ерешеліктері. Орта ғасырлар тарихын мектеп курсының мазмұны, хронологиялық шеңбері мен кезендері. Қоғамның даму заңдылықтарын ашуға қолайлы курстың негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Азия және Африка, Америка, Еуропа елдерінің ортағасырлық тарихындағы негізгі оқиғалар мен процестерге дәйекті сипаттама. Ерте орта ғасыр, орта ғасырлық гүлдену кезеңі. Орталыктанған мемлекеттердің пайда болуы. Орталық Еуропадағы феодалдық күйреу. Батыс Еуропа мәдениеті. Ұлы географиялық ашулар және отарлық шапқыншылық. Еуропа елдерінің кейінгі отағасыр тарихы. Еуропа елдерінің экономикалық , әлеуметтік және мәдени дамуындағы түбегейлі өзгерістер, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы. Англия, Германия, Франция мемлекеттік құрылымындағы түбегейлі өзгерістер. Реформация, контрреформация, қайта өрлеу сияқты жалпы еуропалық процестер. Еуропалық және Азиялық аймақтардағы экономикалық және саяси дамуға географиялық және климаттық ерешеліктердің ықпалы. Тарих сабақтарында және үй тапсырмасын орындауда оқулық материалдарын пайдалану. Тұрмыс, салт-дәстүр, дін, мәдениет, тарихи қайраткер тұлғаларды зерттеуде қосымша материалдарға көңіл аудару.
4 Бөлім