Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Тарихи құжаттар түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы



бет179/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

3. Тарихи құжаттар түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы.
Тарихты оқытуда тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдаланудың білімдік-тәрбиелік маңызы зор.
Тарихи мәліметтер мен құжаттардан алынған материалдық деректер нақтылығымен, нанымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тарихи құжаттарда белгілі бір кезеңдер мен дәуірлер бейнесі көрініс табады. Ал оқушылардың түпнұсқамен жұмыс істеуі тарихи білімді меңгерудің әсерлілігін күшейтеді, әрі тарихи оқиға не құбылысқа деген сыни көзқарастың қалыптасуына ықпа-лын тигізеді.
Тарихи мәліметтер мен құжаттардан алынған мәліметтерді талдау, са-лыстыру, ерекшелігін анықтау, қорытынды жасау, оқушылардың өз ойын еркін баяндауға, өздігінше жұмыс істеуге үйретеді.
Мұғалімдер тәжірибесі көрсеткендей құжатты материал мұғалім әңгімесін байыта түсу мен нақтылай түсу үшін кеңінен қолданылады. Құжатты пайдаланғанда төмендегідей шарттарды ескерген жөн. Біріншіден, құжат материалы қысқа түсінікті болуы; екіншіден, бейнелі, әсерлі үзінділерді іріктеу.Тарихты оқытуда құжат материалдарымен жұмыс істеудің роліне көптеген ғылымдар қалам тартқан. Олар:А.А.Вагинмен Н.В. Сперанскаяның «Тарих сабағындагы құжатты материал. 5-7 сыныптар.» (Л.,1959.), О.В. Волобуев, С.А .Секиринский «Көркем-тарихи хрестоматия» (М.,1965), Ф.П.Коровкинмен Н.И. Запорожец. 5-6 сыныптарда ежелгі және орта гасырлар тарихын оқыту методикасы (М., 1974), И.Я. Лернердің « Тарихты оқытудагы танымдық тапсырмалар» (М., 1968) және т.б.
Тарихи жазба деректердің көптүрлілігі, олардың мұғалім әңгімесінде тұтасынан, немесе үзінді ретінде қолдануы, осы деректі материалдарды әртүрлі әдістемелік тәсілмен пайдалануға мүмкіндік береді. Бір жағдайда, құжат әңгімемен ұштастырып оқытылып, тарихи оқиға не құбылысты те-рендете түседі де, иллюстрациялық қызмет атқарады. Екіншіден, құжат оқушылардың тарихи құбылысты толыққанды оқып үйренуіне көмектеседі. Үшіншіден, құжатты пайдалану қарастырылып отырған қоғамға сипаттама береді, сол дәуірдегі адамның өмірі мен тіршілігі, тұрмысы, діни нанымдары мен салт— дәстүрі туралы мол дерек бере отырып, оқушылардың шығармашылық кабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.
5-6 сынып оқушыларының құжатпен жұмысы әдетте мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Осы сыныптағы оқушылармен жұмыс жұргізгенде мұғалім құжаттың ең маңызды белігін тандап алып, оқушыларға біртіндеп сұрақ қоя отырып, оқушыларды құжатты талдауға бағыттап, сол оқиға туралы жалпы түсінік қалыптастыруға ықпал жасайды. Қойылған сұрақтар оқиғаның барысын, себебін, маңызын және қорытындысын түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың назары тарих ғылымындағы жаңа көзқарастарға ауда-рылды. Жоғары сынып оқушыларын нақты тарихи оқу материалын талдауға, фактілерді дәлелдеуге, өзіндік пікір айтуға, қорытындылауға, бағалауға үйретуге бағытталған жұмыс жүргізілді. Бұл мақсатты шешуде әсіресе қазіргі оқулықтарда, хрестоматияда жоқ, тың құжаттардан материалдар, қазіргі болып жатқан оқиғаларды, өткен тарихымызды айғақтайтын естеліктерден, мемуарлардан жаңа үзінділер таңдап алған жөн. Мысалы, 8-9 сыныптарда тың деректерді жаңа сабақта оқып үйрену жолдарын қарастырайық. Бір проблеманы қарастыру үшін үш-төрт тың құжаттан үзінді келтіріледі. Ондағы түрлі авторлардың фактілі деректері салыстырылып, оқиғаға, адам қызметіне қарама-қайшы бағалар келтірілген мәліметтер бойынша окушыдардың өзіндік пікірі, ой-тұжырымдары талқыланады. Бүгінгі күндері оқулық қандай болу керек дегенде ғалымдар арасында түрлі пікірлер, көзқарастар бар. Соның ішінде тарих оқулығы жайлы айтқанда, әсіресе оның деректемелік көздерін байыту қажет деп санаймыз. Сабақта бір не бірнеше құжаттардан үзінді келтіру арқылы окушылардың ойын өздігінен тұжырым-дауға әрі оны шешуге бағыт беру жолымен де проблемалық жағдай жасалуы мүмкін. Тәжірибе жұмысы көрсеткендей, оқушыларды қарама-қарсы көзқарастармен таныстыру белгілі дайындыкты, әрі әдістемелік жұмыстарды ретімен орындауды қажет етеді. Сондықтан тарихи деректермен оқушы-ларды таныстырғанда біртіндеп кезеңмен оқытуды жүзеге асыру керек. Алдымен бір-екі дерекпен езіндік жұмыс істеуге үйретіп, содан кейін ғана түрлі, әрі баламалы деректерді оқып-үйренуге кешуге болады. Оқушылар-дын деректі материалдармен ойдағыдай өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы жадынама үлгісі ұсынылады. Жадынама оқушыларға жұмысты қалай тиімді жүргізуге бағыт-бағдар береді. Мұнда оқушылардың төмендегідей дағдылары қалыптасуына назар аударылады: түрлі деректерді салыстыру бағытын анықтау; қарама-қайшы фактіпер, пікірлер, багалар, көзқарастарды табу; шын, ақиқат мәлшетті іріктеп, оз таңдауын дәлелдеу; қабылданбаған, жоққа шыгарылган мәліметті сынау т.б. Жаңа материалды оқып-үйренуде үш-төрт жаңа құжатты материалдан үзінді келтіріп, ондағы түрлі авторлардың тұжырымдары, фактілері салыстырылып, оқиға, тарихи құбылыс, адам қызметіне қарама-карсы пікірлер келтірілген мәліметтерге талдау жасалады, сөйтіп оқушылардың іздеген қорытындыларына жақындатылады. Жаңа білімнің кең де берік болуына жағдай жасалады. Деректе фактілер, оңдағы әрбір мәселе құнды, әрбір мәтіннен (автор сөзінен) үзінді, өте маңызды қорытынды жасауға әкеледі. Ал бұл оқушы ойының нәтижелі, жемісті болуына ықпал етеді.Оқушы деректі материалмен,тарихнамалық фактілермен танысу арқылы, сол заманды баяндайтын не басқа тұжырымдаманы суреттейтін фактілермен, түрлі көзқарастармен танысады. Өздері деректемелік мәтіннен негізгі фактілерді тауып, оны толық және саналы түрде түсінгеннен соң ғана, шығармашылық жұмыс жасайды. Құжатпен оқушы үнемі жүйелі жұмыс істеп, ондағы айтылатын құбылыстарды салыстыру, құбылыстың өздеріне бұрын кездеспеген жаңа елеулі белгілерін, оның себептерін анықтау, негізгі ойды тауып, ажыратып, қорытынды жасап отырса ғана оқушының оқу қызметінің табысты болуына көмектеседі. Әдіскерлердің айтуынша, құжаттарды алғаш білім ретінде пайдалану оқушылардың тарихи фактілер мен образдарды берік есте сақтауын едәуір арттырады. «Мұндай құжаттың образды мазмұны оқушылардың назары мен белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың образды ойлауын, шығармашылык қиялын арттырады, сөйтіп талданған құжаттын мазмұнына байланысты оқушылардың бұрын алған түсініктері мен білімдерінің бүкіл кешені белсенділік жағдайына келтіріледі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет