Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Семинар сабағы оны өткізу жолдары



бет186/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd
tarih oket odistem umkd
Семинар сабағы оны өткізу жолдары.Қазіргі кезде қоғамымызда болып жатқан үлкен өзгерістер өскелен ұрпақ-тын шығармашылық қабілетін, терен де, жан-жақты ойлай білу, ойын толық жеткізе білу қасиеттерін дер кезінде аша білу, оқытылатын пәнге деген нағыз қызығушылығын тудыру мәселесі оқу орнынын алдында тұрған өзекті мәселелердіц қатарынан орын алады. Семинар сабағы қазірде алынған білімдерді пысықтау формасы ғана емес, ол сондай- ақ тындаушының өз бетінше ізденуінің, мәселені талдай алудынен алғашқы дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін мазмұңды түрде одан ары шыңдай түсу сияқты мәселелерді қамтиды. Ал біздін жоғарғы мектеп жағдайыңда семннар сабағы әрбір тақырыпта мәселені зерттей алатын жүргізуші және пәннің атап айтқанда, тарих пәнінің осы немесе өзге мәселелермен тікелен айналысатын, ғылым саласын жетік білетін оқытушы арқылы жүргізілетін практикалык сабақтың бір түрі. Семинар сабағыңда сондай-ақ дәріс тындау нәтижесінде және берілген негізгі әдебі міндеттермен өз бетінше жұмыс жасау арқылы қол жеткізген білімді қорытындылайды. Сабақ өткізу барысында оқытушыға сөйлей білу, өз ойын еркін жеткізе алатын және қорытынды жасау арқылы ол тындаушынын көзқарасын, білімі мен мағлұматын, талдау жасай алу деңгейін байқауға, тындаушы өз бетінше дайындық сағаттарында игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өз қорытындыларының қисыңдылығына көз жеткізуге, осы мәселе бойынша мағлұматтарды молынан алуға мүмкіңдік береді.
Жоғарғы оқу орыңдарында гуманитарлық пәндерден жүргізілетін семинар сабақтарының көптеген формаларын қарастыруға болады. Солардың арасында біз семинар сабағың терең, кең ауқымдағы мазмұнды әңгіме түрінде өткізу формасына тоқталмақшымыз.
Кеңейтілген әңгіме семинар сабағының кең тараған формаларының бірі деп қарауға болады. Ол бәріне бірдей көрсетілген міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер арқылы тыңдаушылардың сабақтын жоспарының әрбір көрсетілген сұрағына толықтай дайыңдығын талап етеді тыңдаушынын өз оқу тобының алдында жауап беруі және олардың мәселені жан-жақты ашуға атсалысуы, өз пікірлерін білдіруі және өздерініи көзқарастарын қорғай алуы, т.б. қол жетеді. Семинар сабағын осы кеңейтілген әңгіме түрінде өткізу мәселені талқылауда тыңдаушылардың көпшілігің әңгімеге қатыстыруға мүмкіншілік береді, бұл жерде әрине олардың сондай-ақ сабақтағы белсенділігін көтерудің барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тиімді.
Семинар сабағында сөйлеген әрбір тыңдаушыға және бүкіл топқа алдын-ала дайыңдалып, негізделген және жүйеленген сұрақтар қою, семинар сабағын айтып тақтаға шыққан өз әріптестерінің күшті және әлсіз жақтарына тындаушылардың назарын аудару, дер кезінде оған нұсқау беріп, түсініктемелер жасау, дер кезінде түзету енгізіп отыру, оқу үрдісі барысында әрбір жаңа деректерге тыңдаушылардың ерекше көңіл бөліп отыруы, тындаушылар тарапынан кейде естіліп қалатын тың ойларды да уақытында ескеріп, оны кетермелеп отыру жәнет.б. жатады.
Бұл семинар сабағын өткізудің түпкі негізіне топ тындаушыларының басым белігін тікелей қатыстыру приннипі жатады, бұл міндет сабақ өткізуші оқытушыға әрбір тындаушыны әңгіме-семинар сабағының тікелей қатысушысы, семинар сабағының алдына қойылған міндеттерді шешу жауабын бірге іздеуге қатысушы ретінде қабылдауды жүктейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет