Неолит төңкерісі – адам баласының терімшіліктен өзі өнім өндіретін щаруашылыққа көшуі. Бұл төңкеріс адамзаттың отырықшы өмірге көшуіне, артық өнімнің пайда болуына байланысты әл-ауқаттың артуына жағдай жасады.
Несие – бағалы заттарды (ақша, тауарлар) қарызға беру.
Несториандық – христиан дінінің ағымы.
Номадизм («номадус» - көшпелі шаруашылық) – көшпелі шаруашылық ұғымын белгілеу үшін еуропалық ғалымдар енгізген термин.
Нуклеус – қару және олардың салмаларын жасау үшін тасты опыру арқылы алынған түрлі пішіндегі өзектастар.
Нушебилер – түрік тілдес халықтар.
Оба – қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік. Обалардың жеке тұрған және топтасқан түрлері болады. Топтасқан түрлері «қорым» деп аталады. Обалар неолит соңында пайда болып, темір дәуірінде көптеп салынған.
Облигация –құнды қағаз, сол арқылы өз иеленушісіне осы қағаздың өзіндік құнынан үстеме ақша ретінде кіріс кіргізіп отырады.
ОГПУ – Біріккен Мемлкеттік Саяси басқарма. 1923-1934 жылдары мемлекет қауіпсіздігін қорғау мақсатында құрылған ұйым.