Кадет корпусы – әскери оқу орны.
Кадеттер – конституцияшыл демократтар, Қоғамның демократиялық құндылықтар негізінде біртіндеп дамуын жақтаушылар.
Казармалық социализам – қатаң, тоталитарлық тәртіпке негізделген социалистік құрылым.
Катаклизм – кенеттен болған астан-кестен өзгеріс, апатты жағдай, қуғын-сүргін.
Категория – санат, сапа және сан категориясы.
Кәсіподақтар – жұмысшылардың мүддесін қорғайтын ұғым.
Квалификация – белгілі бір еңбек түріне жарамдылық деңгейі.
Кворум – заңмен немесе нұсқаулықпен белгіленген белгілі бір органның жиналысына қатысушылардың саны.
Кебеже – азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.
Кеден – шекарадан өтетін тауарларды тексеретін және осы тауарлардан салық алып тұратын мекеме.
Келі – тары, бидай, т.б. дәнді-дақылдарды түйетін, ұнтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.
Келіншектас – Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы.
Кемпіртас – Түрік қағанаты мен қыпшақ заманында қабір басына қойылған тас мүсіндердің бір тобы.
Кеңестер – 1905-1907 жылдардағы революциялар кезінде пайда болған жұмысшылар мен қызметшілердің кеңестері, шаруа депутеттарының кеңестері, солдат (матрос) депутаттарының кеңестері тәрізді сайланбалы саяси ұйымдар.
Керуен – алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі.
Керамика – сазбалшықты жоғары температурада (400с) күйдіру арқылы жасалған түрлі бұйымдар. Керамиканы шеберлер әртүрлі пішінде және сыртына сан алуан өрнектер салып жасаған.
Кереге – киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы.
Достарыңызбен бөлісу: |