Таширова Молдир. Ф-20-1м баөЖ №8 Ортағасырлық ғылым. Ортағасырлық ғылымның ерекшелігі



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі38,92 Kb.
#117808
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№8 СРМП.ғылым тар.фил

Білімнің дамуы


Өсіп келе жатқан қалаларға және король өкіметіне сауатты адамдар керек болды. Саудадан түсетін пайданы есептеу, қалалық советтерде іс жүргізуді қажет етті. Корольдарға дайындығы бар чиновниктер мен соттар керек болды. Қалаларда шіркеулік емес мектептер пайда бола бастады. Олар жеке меншікті немесе қала советі қаржысымен қызмет ететін мектептер болатын. Шіркеу мектептеріне қарағанда, бұл мектептер жазу мен арифметиканы тәуір оқытты , табиғаттану жөнінде кейбір мағлұматтар бар.
Еуропада XII ғасырда тұңғыш жоғары мектептер – университеттер пайда болды. Олар даңқты мұғалімдері бар қалаларда ашылды. Бұларда оқу латын тілдерінде жүргізілді, сондықтан түрлі елдердің жастары оқи алатын болды.
Университеттерде дін оқуын, заңдарды, медицинаны оқыды. Студенттер оқытушылардың лекциясын тыңдап, жазып алып отырды, ұғымсыз жерлерін сұрап біліп отырды.
Лекцияларды диспуттар толықтырып отырды. Бұл алдын ала берілген сұрақтар бойынша сөз таласы- білім сынау жарысы болды. Диспуттар кейде қызу өтіп, оған қатысушылардың төбелесімен аяқталатын.
Еуропада XV ғасырда 65 университет болды. Бұлардың ішінен Париж , Болонье (Италияда) , Оксфорд (Англияда),Прага, Краков (Польшада) университеттері жұртқа белгілі болған.
Қалалардың өсуіне байланысты шіркеудің мектепке беделі жүрмей қалды. Сауаттылық біртіндеп феодалдар мен қала тұрғындары арасына тарай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет