Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


магмалық тау жыныстарының шөгінді жыныстардан қандай айырмасы бар



бет10/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
2 .магмалық тау жыныстарының шөгінді жыныстардан қандай айырмасы бар
Тау жыныстары шығу тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:
магмалық тау жыныстары
шөгінді тау жыныстары
метаморфтық тау жыныстары
Минералдардың барлығы «мономинералды» және «полиминералды» болып екіге бөлінеді. Мономинералды дегеніміз — тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы, кварц, пирит), ал полиминералды дегеніміз — бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым көпшілігі) тұратын минерал. Минералдар жиынтығының құрылуының бірнеше жолы бар:

  1. Жер бетіндегі үдерістердің кезіндегі шөгінді тау жыныстарын құрайтын дәндердің қосылып өсуі немесе бөлінуі;

  2. Атпалы тау жыныстарын құрайтын магманың кристалдануы;

  3. Сыртқы жағдайдың (мысалы, қысым мен температура) өзгеруі нәтижесінде метаморфозды тау жынысын құрайтын заттың қатты күйіндегі қайта кристалдануы.

Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.
Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау жыныстары жер қойнауының тереңдіктерінде баяу қату салдарынан қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады. Магмалық тау жыныстарыдың өте маңызды бөлшектері силикаттар мен кварц.
Шөгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:

  1. Дәнаралық шөкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер;

  2. Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін саз минералдардың ұсақ жиынтықтары;

  3. Дәндердің арасында түзу шеттері мен үштік жалғастарды көрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит);

  4. Кәлситтің кесекаралық шөкпесі немесе ұсақ кесекаралық лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;

  5. Органикалық заттың жиынтығы (мысалы, лигнит немесе көмір).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет