Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет173/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Жыландар отряды Өзіңдік ерекшелігі бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Олардың кесірткелерден негізгі айырмашынығы аяқтары болмайды, тері бездері жоқ, төс сүйегі де болмайды. Омыртқаларында кішкене өсіндісі болады, ол омырта тізбегіне ерекше мықтылық беріп оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді. Кабағы түссіз мөлдір көзді жауып тұрады, ол көзді әртүрді жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерінің кейбіреуі ұзарған (бауыры, жыныс бездері т.б.), ал қалғандары кішірейген немесе жойылған (сол жақ өкпесі т.б.). Қуығы болмайды.
3.Ертеректе ғалымдар “жексұрын” деген атпен бақаларды және тритондарды зерттесе, сол атпен кесіртке, жылан, тасбақаларды да қоса зерттеп келеді. Деседе, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарын, тіршілік ортасын мұқият зерттей келе, олар жеке өз алдына топ болу керектігін анықтады.
Эволюцияның барысында бауырымен жорғалаушылардың құрлыққа шығуы жануарлар дүниесіндегі дамудың тарихи кезеңі. Құрлықта кең таралу мақсатында, бұл жануарларда алғы шарттардың бәрі жасалынды.
Қосмекенділердің ата-тегі су жануарлары болғандықтан олар сумен байланысын әлі үзбеген. Құрлықты толығымен меңгеру омыртқалылар эволюциясының келесі сатысында ғана жүзеге асады. Бұл саты бауырымен жорғалаушылар. Олар нағыз жер бетінде тіршілік етуге бейімделген. Әрине бауырымен жорғалаушылардың барлығы да судан біржолата шығып кетті десек, ол ағаттық болған болар еді. Көптеген бауырымен жорғалаушылар өзіне қажетті мекенді, қоректік заттарды судан табады. Оларға крокодилдер, кейбір жыландар мен тасбақалар жатады. Бірақ олар суда тіршілік еткенмен, құрлықта көбейеді. Сол сияқты жыландардың, кесірткелердің екінші рет аяқтарынан айырылуы, ол да ортаға бейімделгіштіктің салдары. Олай болса, эволюцияның барысында жануарлар, дүниесінде “екінші белгісі” ретінде бейімделу қабілеті пайда болды. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр
Бауырымен жорғалаушылар құрлықта жұмыртқа салып көбейетін, нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Олар өте жылы аймақтарда тіршілік етедІ, сондықтан тропикалық аймақтан алыстаған сайын, олардың саны азая береді. Олардың кең аймақта таралуына негізгі себеп – температура, өйткені бұл суыққанды жануарлар тек ауа райы жылы болғанда ғана белсенді тіршілік етеді. Салқын болса інге кіріп жасырынады немесе жазғы ұйқыға кетеді. Бауырымен жорғалаушылар жануар тектес азықпен қоректенеді. Олар кесірткелер, насекомдар, моллюскалар, қосмекенділерді қорек етеді. Жыландар көптеген кеміргіштерді жейді, сонымен бірге үй жануарлары мен адамдарға да қауіп туғызады. Құрлықтағы тасбақалар жеміс-жидекті жеп бақтарға, судағы тасбақалар балықгы жеп аздап залалын тигізеді. Көптеген бауырымен жорғалаушылардың (жылан, тасбақа, ірі кесірткелер) етін адамдар тамаққа пайдаланады. Крокодилдерді, жыландарды, тасбақаларды терісі және мүйізді сауыты үшін аулайды. АҚШ-та және Кубада крокодилдерді өсіретін фермалар бар. Терме, Бадхызда, Ташкеште және Бішкекте жылан өсіретін арнаулы питомниктер бар.
Қазіргі кезде жер жүзінде бауырымен жорғалаушылардың шамамен 6000 түрі белгілі, олардың 125 түрі ТМД-да кездесетін болса, оның 52 түрі Қазақстанда таралған. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай олар — жылан, кесіртке және тасбақа тәрізділер болып бөлінеді.
Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар. ТМД-да 56, Қазақстанда 18 түрі таралған. Олардың 3-і улы, қалғаны өлкемізде усыз жыландар. Улы жыландар кәдімгі сұр жылан (обыкновенная гадюка), дала сұр жыланы (степная гадюка), боз жылан (щитомордник). Усыз жыландарға оқ жынан, қара шұбар жылан, су жыланы (уж), құм жыла (удавчик) т.б. жатады.
Ерте заманнан бері жылан адам баласы үшін өте қауіпті де қатерлі болып келеді. Жылан биологиясын білмейтін кез келген адам оны көрген бетте сескеніп қалады да, дереу өлтіруді ойлайды. Соңғы жылдары, ғалымдардың зерттеуі бойынша жылан уының медицина үшін пайдасы зор екені анықталды.
Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жылдан-жылға саны азайып құрып бара жатқандары жыландар. Адамдардың жек көргендігі былай тұрсын, олар батпақты ылғалды жерлерді құрғатқаннан, өсімдіктердің өзгеруінен, жыландардың негізгі қорегі ұсақ кеміргіштерді, улы химикаттармен өлтіруінен көп азап шегіде. Медицинада уын пайдалану үшін оларды ұстайды. Олардан бірнеше рет у алу үшін арнайы жасалған серпентарилерде (питомниктер) ұстайды. Әрине, үнемі ұстай бергесін де олардың санына әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет