Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


өсімдік қауымдастықтарының құрылымы



бет60/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
2. өсімдік қауымдастықтарының құрылымы
Өсімдіктер мен жануарлар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Сондықтан да олар бірлестік түзеді. Онда әр жеке организм басқаларына әсер етеді және дәл осы мезгілде олардан да әсер алады. Осылай тіршілік ету барлығына пайдалы және әр түрге тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бірлестіктерге мысал ретінде мүк үйіндісі, ескі ағаш түбіртегі, шабындық , батбақ , дала, шөлейт, орманды келтірсе болады. Әр бірлестікте белгілі бір тіршілік иелері мекендейді. Мысалы далалы жерде ғана ақбөкен, сарышұнақ , дуадақты, ал өсімдіктерденақ селеуді не жусанды кездестіруге болады. Жапырақты орманда мекендейтін түрлер басқа, бұларға үйеңкі, емен, жөке, ал жануарлардан жорға торғай, теңбіл торғай, жабайы шошқа, ақ тиін жатады. Бірлестікте тіріорганизмдер бір-бірімен ғана байланысты емес, өлі табиғатпен де байланысты. Бірлестік түзетін тірі организмдер қоршаған ортамен үнемі зат пен энергия алмасып отырады. Міне, осы процестер негізінде бірлестік пен қоршағанорта біртұтас күрделі жүйені құрайды, оны биогеоценоз ( гірекше биос-өмір, гео-жер, ценоз-бірлестік ) немесе экожүйе деп атайды.
Кез келген экожүйеде организмдердің үш тобын бөлуге болады. Бұлардың негізгісі органикалық заттарды өндірушілер-жасыл өсімдіктер. Бұлардың өздерінің фотосинтездеу қабілеті арқылы өздерінде өзгерген күн энергиясын көп мөлшерде жинайды. Оны органикалық заттар түрінде жинап, басқа тірі организмдерге пайдалана алатындай түрге өзгертеді.
Тұтынушыларға әр түрлі өсімдікқоректілер, талғаусыз қоректенетін және жыртқыш жануарлар жатады.
Бұзушыларға көптеген бактериялар, саңырауқұлақтар, топырақ құрттары, көмбекей қоңыздар және басқа да жануарлар жатады.
Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған.Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады.Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроорганизімдер тіршілік ете алмас еді.
Кез келген биосферадағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды. Өсімдіктердің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі. Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да аз, экватор маңында өте қалың және сан алуан.
Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға, солардың ішінде, әсіресе климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына) байланысты. Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйкес, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.
Өсімдік өлі табиғаттың заттарынан, яғни минералдық тұздардан, судан және көмірқышқыл газынан, күн сәулесінің әсерінен тіршілік үшін қажетті зат түзеді және оттегін бөліп шығарады.Өсімдікті шөп қоректі жануарлар жеп күнелтеді. Өз кезегінде шөп қоректілер жыртқыштардың жемі болады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын майда организмдер ыдыратып, өңдеп оны қайтадан өсімдіктер бойына сіңіре алатын қоректік затқа айналдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет