Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет80/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Жыныс жүйесі - гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) аналық жүйесі ұрық қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп жұмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа жатынға косылады. Жатын кең бұлшықетті кынапқа жалғасады. Жыныс тесігі кұрсақ жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында ашылады.
Аталық жыныс жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері тұкым капшық-тарының ішінде, денесінің ортаңғы бөлігінде метамерлі орналасқан. ¥рық қапшықтарының әрбіреуінен жіңішке ұрық түтікшелері тарайды, олар оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. Ұрық жолдары дененің алғашқы үштен бір бөлігіне келіп домалақтанып ұрық қалтасын түзейді. Екі ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп тақ ұрық шашатын түтігіне ұласады. Түтік бұлшыкетті шағылыс мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен аяқталады. Тұқым бүрку түтігіне қосымша бездер ашылады. Сүліктердің кейбір түрлерінде (Наеmеntaria Glossіphonia) шағылыс мүшесі дамымаған. Бұл жағдайда сперматозоидтар безді заттардан түзілген сперматофора деп аталатын сопақша келген калташаның ішіне шығарылады. Аталықтары сперматофораны сүліктің аналық жыныс тесігіне жабыстырады иемесе сүліктің қынабына енгізеді. Сперматофорадан шыққан сперматозоидтар жатынға түсіп. жұмырткаларды іштей ұрықтандырады. Барлық сүліктердің жұмыртқаларының ұрықтануы іштей өтеді. Ұрықтанған жұмыртқаларын сүліктер пілләніц ішіне салады.
Сүліктердің денесінің алдыңғы сегменттері аралығында белдеуше аймағы болады (медициналық сүлікте 9-10-сегментінде). Белдеушенің сілекей тері бездері ісініп шырышты пілләні шығарып тұрады. Медициналық сүліктің ұзындығы 2 см-ге дейін жететін пілләнің ішнде 20-ға жуық жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде немесе су жағалауларында кездеседі. Helobdella stagnalis, Pratoclepsis tessellata –ның пілләсі құрсағына жабысқан.
Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне өте ұксас спиральды детерминативті жолмен өтеді. Ұрықтарының даму сатысында кірпікшелерінің, целом қуысының болуы байқалады, кейіи олар жойылып кетеді. Ересек формасынын калыптасуына Д бластомераның ұрпағы маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі телобласт клеткаларынан 10 ұзын алқап клеткалары шығады кейін екеуінен мезодермальдық алқап, екеуінен кұрсақ нерв тізбегі, калған алтауынан эктодерма қабаты пайда болады.
Жалпы құрылысымен сүліктер азқылтанды кұрттарға ұксас. Еке-уінде де тұқым бездері тұқым қапшығының ішінде орналасады, жүмыртқаларын пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекшелігі: жұмыртқаның ұрықтануы олигохеттерде сырттай (пілләнін ішінде), ал сүліктерде іштей өтеді.
Классификациясы. Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі сүліктер – Archihirudinea және нағыз сүліктер – Еuһігudіпеа.
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ
Денесінің алдыңғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом метамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамырлары жақсы жетілген. Бұған бір отряд жатады – қылтанды сүліктер -Аcаnthobdellida.
Қылтанды сүліктер отряды – Аcаnthobdellida.
Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттері, солтүстік өлке көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы (Аcаnthobdellida. ) бар. Денесі 30 сегментті, ұзындығы30 мм, жуандығы3 мм. Негізгі түрлері: Аcаnthobdellida. реlеdіnа және Аcаnthobdellida lіvаnоvі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет