Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


Құрылысы мен физиологиясы



бет94/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Құрылысы мен физиологиясы.
Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon) , кеуде (thorax) , және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде бөліміне айналады. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны , басқа буынаяқтылырмен салыстырғанда алуан түрлі : 5 – 8 – ден 50 – ге дейін.

Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон болжам бойынша , арғы тегінің (көп қылтанды буылтық құрттардың) простомиум бөлігі, ал оның өндірісі – антеннулалары немесе І антенналары пальпилерінің гомологы. Антенула – мұртшалардың бірінші жұбы. Басының алдынғы бөлімінде , ауыз тесігінің алдында орналасады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтағы. Тек кейбір жоғары сатыдағы шаяндарда олар екіге кейде тіптен үшке ажырайды.

Антеннулалар – сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшінде жұмсалады.
Акроннан кейіегі 4 сегменттердің әр қайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антена деп аталатын мұртшаға айналған. Бұл мұртшалардың екінші жұбын құрайды және антена ІІ деп аталады.Олар әртүрлі қызмет атқарады.
Бас аяқтарының екінші жұбы – мандибулалары – негізгі тамақ үгіту қызыметін атқарады. Көптеген шаянтәрізділердің личинкасы науплиуста ол екі бұтағы және ерекше шайнағыш өсіндісі бар.
Мандибулулардан кейін бастың 3 – ші және 4 – ші сигменттерінде 2 жұп астынғы жақтары немесе бірінші және екінші максилалары орналасқан. Олар негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш өсінділері бар нәзік жапырақ тәрізді аяқтар түрінде болады.
Аяқтарының қызыметіне және орналасуына қарай бас сегменттеріде антенальді , мандибулярлы , максиллярлы І –ІІ деп те аталады.
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде акрон және 4 сегменттері бір – бірімен тұтасып бас қалқаншасына – гнатоцефалонға айналған.
Кейбіреулерінде бас қалқаншасы алдынғы кеуде сегменттерімен тұтасқан.
Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегменттерінің саны бірдей еме, тек жоғары сатыдағы шаяндарда сегменттер саны тұрақты.
Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары негізінде қлзғалыс мүшелері, сондай – ақ қорегін ұстау , тыныс алу процесіне де қатысады.Аяқтарының атқаратын қызыметіне байланысты олар түрліше құрылған.
Жабыны.
Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальді эпители қабаты және базалды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір , ал жоғарғыларында құрамында Са СО3 тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда тірішілік ететіндіктен шаянтәрізділерге денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты – эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған.Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет