Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет119/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Бактериялардың өсуі — жеке даралардың көлемінің үлғаюы және барлық жасушалық компонеттердің реттеліп, құрылымының өнделуі. Бактериялардың көбеюі — микроағзалардың бөліну нәтижесінде популяция санының өсуі. Бактериялардың негізгі көбею жолы — көлденең бөліну. Бөліну алдында белгілі жас шамасына жеткен бактериялық жасушада ДНҚ молекулаларының жұпталуы орын алады. Әр еншілес жасуша аналық ДНҚ көшірмесін алады. Бөліну үрдісі еншілес жасушалардың цитоплазмасы тосқауылмен бөлінгенінде, аяқталған болып саналады.

10. балдырлар.олардың дене пішімінің алуандылығы
Балдырлар (лат. Algae) — төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз да өседі. Балдырдың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті Балдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae), криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta). Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.
Жасушасында Балдырға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамия, изогамия, анизогамия, оогамия) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір жасушалы (бұған тек хара Балдыры жатпайды). Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды.
Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер Балдырдан шыққан деп есептеледі. Көптеген Балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, Балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы
Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.[1]
Жасыл балдырлар (Chlorophyta)
Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)
Диатомды балдырлар (Diatomeae)
Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)
Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)
Цианобактериялар немесе Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)
Таралуы[өңдеу]
Балдырлы ормандар Тынық мұхит жағалауының тайыз суларында, Аляскадан Канадаға, Төменгі Колифорнияға дейінгі аралықта кездеседі. Балдырлы ормандардың негізгі таралу аймағы- жағалаудағы тасты аймақтар, ормандар әдетте 2-30 метр аралығындағы тереңдікте орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет