Кененің зияны
Кенелер. Бұлар — өрмекшітәрізді ұсақ жәндіктер — топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, есімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде, тіршілік етеді, Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың дене мөлшері 0,05—13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшері 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпші-лік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ұзақ сақтап, жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделгендіктен, адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мадени өсімдіктердің түсімі кеміп, тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен қураған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлығын арттыратын, топырақга тіршілік етегін де кенелер болады. Кенелердің әр турлі экологиялық ортада тіршілік етуі олардың мекен ету ортасының алуан түрлілігін жэне биологиялық ерекшеліктерін дәлелдейді. Мысалы, жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене деген сан алуан топтары бар.
Кенелердің дене бөлігі — өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылысты кенелерде ғана болмаса, кене денесіндегі үш бөлік: бас, көкірек, қүрсақ тұтасып бітіскен, сондықтан кене денесінен бүл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты, ересек кенелер сегіз аяқты болып келеді, тек берішкенеде төрт аяқ болады. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасу арқылы қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі, бұл сырттай қарағанда кененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады, бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы — кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы және лира тәрізді мүшелерімен сезеді, терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады.
Кенелер — дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәрізділерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл, ал одан жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфа, нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.
Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауылшаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе — бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жа-нуарда паразиттік етсе — екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе — үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі — үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі де, түлеп барып, нимфаға айналады, ал нимфа қорегін басқа жануардан табады. Нимфа да ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі де жыныстық жүйесі жетіліп, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады, сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді.
Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру — энцефалитті жұқтырады. Бұлар табиғагга әр түрлі жануарлардың денесінде орнығып, бір жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын таратады, бірақ бұдан жануар ауырмайды. Сөйтіп табиғатта ауру қордасы пайда болады. Тасымалшы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш (мысалы, кене энцефалитінің ви-русы немесе оба таяқшасы) белгілі бір территорияда бір жануарлардан екінші жануарларға кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрімен ұзақ уақыт айналымда болады. Инфекция қоздырғышы сақталатын осындай территория қандай болса да, бір аурудың табиғи қордасы деп аталады.
Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салада академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты.
Адам үшін қышыма кене — өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2—0,5 миллиметрден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Қышыма кене мал денесін де жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әре-кетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып-талып, әлсірейді.
Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдардың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Бұл үшін малды басын далада қалдырып, мойнынан қатты қысып тұратындай тетік жасайды да, паразитті өлтіретін улы күкіртті ангидридпен ыстайды. Ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері.
Кенелер азық-түлік қорьш бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер, мысалы, қамба кенесі, сүтсірне кенесі азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе қамба кенесінің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді де, астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе-тауыққа) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды, Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады.
Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар қышыма кенеден ірірек—1 мм шамасындағы жәндіктер. Теріге жабысып алып, малдың қанын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең — шаңы шығар» демекші, терінің жүні ғана түсіп қоймай, мал азып, титықтайды. Тері кенесінен қутқару үшін қойды жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады.
«Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды.
Құрт пішінді, мөлшері 0,1—0,2 миллиметрден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын сорып, олардың ұлпасын және мүшелерін зақымдайды, сөйтіп өсімдік денесінде беріш түзіледі.Дене тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес алма кенесі алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Үрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстап, сәуір айында қоректенуге шығады, бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7—9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта 2- 4 дара кене байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.
Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі — өрмеккене. Мөлшері 0,2—1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқыаяқтарында өрмек бездері болады.
Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорып, олардың өсіп - өнуіне кедергі келтіреді, сөйтіп әлсізденген өсімдік солады. Ұрықтанған аналық кенелен қыркүйек – қараша айларында қыстамаға жатып, ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |