Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет155/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Тері жабындысы. Барлық қосмекенділердің терісін және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немеее мүйізді қабыршақтары жоқ – жалаңаш болады. Сүйекті қабыршақтар тек кана стегоцефальдарда болған. Олардың денесінің салмағы судан шыққанда артып, суға түссе жеңілденген. Сондыктан құрлықта өмір сүрген қосмекенділер үшін сүйекті қабыршақтардың болмауы үлкен жеңілдік. Қабыршақтардың жойылуымен, қорғанудың қажеттілігіне байланысты эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы ортаның факторларының зиянды әсерінен қорғайды. Көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі қосмекенділерді жыртқыш жануарлардан қорғайды. Қосмекенділер құрлықта тіршілік ететін жануарлар сияқты құрғақшылыққа қарсы тұру қабілеттілігі әлі жете дамымаған. Сондықтан олар сазды көлеңкелі жерде, судың ылғалды жағасында жүреді, сонымен бірге бақалар мезгіл-мезгіл суға түсіп, терісін сулап отырады.
Қаңқасы. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты қаңқасының барлық бөлімдерінде өзгерістер бар. Жер бетіндегі тіршілігіне сәйкес ми сауыты (көпшілігінде) өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Бас жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе және маңдай сүйектері қоршап жатады. Тіл асты доғасының, желбезек доғасының өзгеріске ұшырауы тіл асты пластинкалардың тууына себебін тигізеді.
Омыртқа жотасы — мойын, дене, сегізкез және құйрық бөлімдерінен тұрады. Мойын бөлімі бір ғана омыртқадан тұрады, дене омырткалары 7-100-ге дейін болады. Мысалы, ең азы — 7, ал аяқсыздарда 100-ден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Құйрық бөлімі құйрықты қосмекенділерде айқын бөлінген, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Қабырғалары нашар дамыған немесе жойылып кеткен. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, құйрықтылар нашар дамыған, ал құйрықсыздарда қабырға мүлдем болмайды. Қабырғалардың болмауына сәйкес олардың көкірек қуысы болмайды.
Аяқ қаңқалары құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аяқ қаңқасына ұқсайды. Алдыңғы аяқтары тоқпан жілік, қары (кәрі) жілік, ол екі сүйектен тұрады: Шыбық сүйегі мен шынтақ сүйектерінен құралады, алдыңғы аяқтарындақол басы сүйектерінен тұрады. Артқы аяқтарында ортан жілік, ол жамбас белдеуіне жалғасады, асықты жілік, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен және асық жілік шыбығынан тұрады, артқы аяқтарында – табан сүйектерінен тұрады. Қосмекенділердің алдыңғы және артқы аяқтары алғашқы көздерде бес саусақты болған, ал қазіргілерінде саусақ аз болуы ықтимал. Құйрықсыз қосмекенділердің артқы аяқтары ұзын болып келеді, өйткені олар суда жүзіп жүру үшін қажет және саусақтарының арасы жүзгіш жарғақтармен қосылған.
Иық және жамбас белдеулері балықтардікі мен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дамыған. Иық белдеуі негізінен мына сүйектерден құралады: жауырыннан, бұғанадан, каракоидтан. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйегінің ұштары тоқпан жіліктің басына келіп жалғасады. Қосмекенділерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмайды. Жамбас белдеуі үш сүйектен қалыптасқан. Ұзын мықын сүйегі (подвздошной), шап сүйегі (лобковый), шонданай сүйегі (седалешной). Осы сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. Жамбас белдеуі өзінің ұшымен сегізкөз омыртқасымен жалғасады. Сондықтан қосмекенділердің артқы аяғы, балықтардың бауыр жүзгіш қанаттарынан гөрі бекіністері мен сүйеніштері әлдеқайда мықты болады.
Ет жүйесі. Балықтардың ет жүйесімен салыстырғанда қосмекенділердің ет жүйесі ерекшелеу. Өйткені бірінші рет омыртқалы жануарларда аяқтарының пайда болып, соның көмегімен жер бетінде қозғалуында. Сондықтан алдыңғы, артқы аяқтарында күшті еттер дамиды және қозғалысына байланысты еттер жіктелген. Ал балықтардың еттеріндегі сегметті бөліну оларда сақталмаған. Қорыта айтқанда осы қосмекенділерде пайда болған ет жүйесі, эволюцияның даму барысында күрделеніп, жікке бөлініп жоғарғы омыртқалы жануарлар — бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің ет жүйесінің негізін қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет