Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


Тақырыбы: Орындаған: Бидаш А.С



бет190/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Тақырыбы:
Орындаған: Бидаш А.С
Тексерген:


Жоспар:
I.Кіріспе:
II.Негізгі бөлім
2.1 «Балалардың еңбек әрекетін қалай ұйымдастырамыз?»
2.2 «Кіші жастағы балаларды еңбекке баулудың жолдары»
2.3 «Кіші жастағы топта,еңбектің қысқа уақытта қамтуы.
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын оятып, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуге қолдау көрсетуіміз керек. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін оған қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудырғанымыз жөн. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар еңбек етуге жат қылықтардан еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздықтан жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу керек. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу, еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйреткен жөн. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіріп отырсақ, бала еңбектің не үшін керектігін түсінеді. Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады.
Тәрбиешінің айқын ұстанымының бірі – балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау үшін және белгілі бір еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай). Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болыпойын қала береді, ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуынаәсер етеді. Педагогикалық іс-әрекеттерде ойын тәсілдерін қолдану барысындаөзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім.
Ойын барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. Бала мен тәрбиеші арасындағы қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау
құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқырлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлауына септігін тигізеді.
Тәрбиеші ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлулықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап, бағалауға және кемшіліктерін жойып ұмтылуға үйретеді.Мектепжасына дейінгі балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп. 2 – 3жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек.Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады. Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы:
Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы:
Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.
Ұлы педагог А. С. Макаренкоайтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да
сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі.
Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті
жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі.Мектеп жасына дейінгі балалар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады.
«Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін
емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек. Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек. Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана
қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.Еңбек тәрбиесі —мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге,
еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.
Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған.
Мысалы қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ.Халықтық педагогика). 18ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады.
Еңбек тәрбиесі мектепке дейінгі мекемеде білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.
Мектепжасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп жасына дейінгі балалардың болашақта қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларды еңбекке баулу жолдары
Мақсаты: мектепке дейінгі кішіжастағы балаларды еңбек әрекетіне ынталандыру, еңбекке және еңбек ету ниетіне қызығушылығын тәрбиелеу. Міндеттері:
1. Балалардың еңбек әрекетінеқатысуға қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру.
2. Ересектерге көмек көрсетуге(тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-аналарына), оларға ықыласпен қарауға
тәрбиелеп, сондай-ақ, олардың еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға
ынталандыру.
3. Топ бөлмесі мен балабақшаауласында тазалық сақтауға және тәртіпті қолдау бойынша ересектердің
тапсырмаларын орындауға үйрету.
4. Бастаған ісін соңына дейінжеткізуге үйрету.
5. Еңбегінің нәтижелерінеұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Мазмұны:Өзіне-өзі қызмет көрсетуӨз бетінше белгілі бірреттілікпен киіну, шешіну: киімін кию, шешу, бүктеу, ілу, түймелерін ағыту,түймелеу; аяқ киімнің бауын байлай білуді дамыту.
Балаларды тазалыққа тәрбиелеу.Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға және ересектердің аздаған көмегімен оларды реттеуге үйрету.
Жас ұрпақтыеңбекке тәрбиелеу – маңызды педогогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам
азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын
тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге
қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының
дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқталуына, оның әсем де
әлемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты-
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың
күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдесу, дене қозғалысының
үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.Еңбек тәрбиесінің міндеттері:Балалардың негізгі еңбек дағдыларын қалыптастыру;Үлкендерге және өзінен кішілерге көмек көрсете білу:Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, қиындықты жеңе білугедағдыландыру;Еңбек құрал-жабдықтарымен жұмыс істей білуге және оғанұқыпты қарауға тәрбиелеу;Еңбек сабақтарында қағаз, мата, табиғат, материалдарын,өндіріске қажетсіз заттарды пайдалана білу іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.Еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі-оның ойынмен тығызбайланыстырғанда. Олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек
әрекеті қарапайым ойыннан басталады. Еңбекке жаңа заттармен, құбылыстармен
кездеседі, оларды танып біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімдері
пайда болады. Сондықтан бұл кездегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі-мақсатының
тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауысып кететіндігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет