Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Каспий маңы ойпаты солтүстікгінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізінің аралығында жатыр. Оңтүстік – шығысында ойпат Үстіртке және Маңғыстау өңіріне жалғасады. Ол теңіз және өзен шөгінділерінің құм, саз және тұнба қабаттарынан түзілген. Каспий теңізі жағасындағы ойпат теңіз деңгейінен 27 м төменде жатыр. Теңізден қашықтаған сайын, оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, 100 м-ге дейін барады.Каспий маңы ойпатының жалпы жер бедері тегіс. Ол бірнеше рет теңіз табаны болғандықтан кейде ондаған шақырым бойы көтеріңкі жер көре алмайсың. Ойпатта көбінесе тегіс сазды жазықтар мен құм жондар кездеседі. Ойпатта Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтеке, Тайсойған, Қарақұм құмдары бар. Аумағы жағынан ең үлкені Жайық өзенінің батысындағы Нарын құмы. Беті ойлы белесті құм төбелер қырқалы ойыстармен алмасады. Өсімдіктер өсіп, бекіген құм жондарының кей жерлерінде көлдері мен сорлары бар кішігірім құмды адырлар мен ойыстар ұшырасады.
Каспий маңы ойпатында күмбез тәрізді қыраттарда кездеседі. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 100 м-ге көтеріліп, тегіс жазықтардың арасынан құм төбелер көрінеді. Мұнай, гипс, ас тұзы, т.б. пайдалы қазбалардың кен орындары осы тұз күмбездерімен тікелей байланысты. Ойпаттың оңтүстік бөлігінде биіктігі 10-45 м, ұзындығы 25 км, ені 200-300 м, ара қашықтығы 1-2 км шамасындағы бэр төбешіктері кеңінен тараған. Жер бедерінің бұл пішінін алғаш сипаттап жазған академик К.М.Бэр, сондықтан оның есімімен аталады.
Бэр пікірі бойынша жартлай дефляция нәтижесінде ( желдің әрәкетінен) және жартылай эолдық аккумуляция ( ұшқан құм көшкіндері алыс қашықтықтарға кетпей жақынырақ жерлерде орнығуы ) нәтижесінде пайда болған.