Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
4. ішекқуыстылар типі.тіршілік ету ортасы сыртқы құрлысы қосқабаттылығы Ішекқуыстылар – басым көпшілігі теңізде тіршілік етететін қарапайым құрылысты көпжасушалы жәндіктер. Олардың қос жынысты да, дара жынысты да болуы мүмкін.
Дене құрылысы қапшыққа ұқсас, іші қуысты болғандықтан да бұл жәндіктер ішекқуыстылар деп аталады.Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: сыртқы қабаты – эктодерман, ішкі қабаты – энтодермадан құралады.
Ішекқуыстылардың көпшілігі сәулелі симметриялы болады.
Ішекқуыстылар отырықшы және еркін жүзетін қалыпта тіршілік етеді.Аузының айналасында өте көп қармалауыштары болатындықтан, ішекқуыстылар көпаяқтылар (полиптер) деп те аталады. Ішекқуыстылар – жыртқыш жәндіктер.Олар қорегін аулауға және қорғануға атпа жасушаларын пайдаланады.
Ішекқуыстыларда арнаулы зәршығару мүшесі болмайды, қорытылмаған қорек қалдығын аузы арқылы шығарады. Қорегі екі тәсілмен қорытылады: жасуша ішілік және жасушадан тысқары немесе ішек қуысында қорытылады.
Ішекқуыстыларда регенерация күшті дамыған. Бұлардың жасушаларының атқаратын қызметі сараланып, денеде ұлпа пайда болған. Ең алғашқы жүйке жасушасы да ішекқуыстылардан байқалады.
Ішекқуыстылар жыныссыз – бүршіктену арқылы және жынысты тәсілмен көбейеді. Олар жыныс өнімдерін суға шығарады және сырттай ұрықтанады.Ішекқуыстылардың еркін жүзетін, дене құрылысы едәуір Ішекқуыстылардың терең суда жүзіп жүріп тіршілік ететін де түрлері бар, солардың бірі- медуза. Медузалар- мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медузаның аузы қолшатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Ауыздың айналасынан атпа жасушалары бар көптеген қармалауыштар байқалады. Жапон теңізінде тіршілік ететін шаршылы медузаның атпа жасушасынан адамның денесінде едәуір күйік пайда болып, одан дене ауырсынады.кірпікшелі дернәсілі болады, ол планула деп аталады.