Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет111/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Папоротник тәрізділер
Псилот тәрізділер, Псилофит тәрізділер, Плаун тәрізділер, Сына жапырақ тәрізділер және Папоротник тәрізділер Папоротник тәрізділер типіне жатады. Біз плаун тәрізділер, сына жапырақ тәрізділер және папоротник тәрізділер кластарының ең көп тараған кәдімгі түрлеріне сипаттама береміз.
Плаун тәрізділер — жапырақ-сабақты шөптесін өсімдік. Ең көп тарағаны кәдімгі плаун. Оларды шырша мен қарағайдың дымқыл ормандарынан кездестіруге болады. Плаунның сабағы жерге төселін өседі де, өркені жерден көтеріңкі болады. Споралар плаундардың көпшілігінін төбе жапырақтарында дамитын спорангийлерінде түзіледі. Спорангий түзілетін жапырақтардың реңі сарғыш жасыл болады да, масақ құрайды.
Споралардың өте тығыз қабықшалары болады. Қолайлы жағдайда споралардан өскінше дамиды. Бұл жьнысты ұрпақ болып табылады. Аитеридийлер меи археогонийлерде жыныс клеткалары пісіп жетіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткалардан жаңа споралы ұрпақ дамиды.
Сына жапырақ тәрізділер класының кәдімғі өкілі — Қырықбуындар. Олардың топыраққа көлбей орналасатын тамыр сабақтарынан жіңішке тамырлар шығады. Сабағы тік, өте өзгеріске ұшыраған сабағы шоқтанып жиналған. Сыртқы клеткаларында кремнеземнің болуына байланысты бұл өсімдіктердің барлығы өте қатты болады.
Қырықбуындарда жыныссыз және жьнысты ұрпақтар алмасып отырады. Споралары көктемгі өркендер ұшына орналасқан спорангийлерде түзіледі. Бұл өркен споралары пісіп және шашылғаннан кейін тіршілігін жояды. Қолайлы жағдайға тап болған споралар өніп-өседі. Одан қырықбуының өскіншесі дамып жетіледі. Өскінше кішкене жасыл такта тәрізді болады. Онда жыныс клеткалары пісіп жетіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткадан жыныссыз ұрпақ дамиды.
Папоротник тәрізді ірі өсімдіктер. Бұл кластың ең көп тараған түрі у сасыр. Қырықбуын мен плаун сияқты мұнда да жынысты және жыныссыз ұрпақтар алмасып отырады. Жаздың екінші жартысында папоротниктің әрбір жапырақтарының астыңгы бетінде көзге айқын көрінетін кішкене қоңыр бүртіктер пайда болады. Бұл қысқа аяқшаларға орналасқан спораигийлер шоғы, олардың үстін қол шатыр тәрізді дөңгелек тақталар бүркеп түрады.
Спорангийлерден төгілген споралар алғашқы бөліну кезеңінде жіптесіп балдырлар тарізді пішінде өніп-өседі. Сонан соң жүрекше пішінді хлорофилді тақта түзіледі. Бұл папоротниктің өскіншесі. Тақтаның мөлшері онша үлкен емес, 0,5 см шамасында. Оның бір жағынан антеридий бүртіктері мен бөтелке тәрізді архегонийлер түзіледі. Бір ескеретін нәрсе, бұл өскінше суға түсуі қажет — ұрықтану су өсімдіктері тәрізді жүреді. Папоротник өсетін дымқыл жерлерде жаңбырдан кейін шалшық пайда болады. Аитеридийлерден живчиктер жүзіп шығьш, архегоний ішіне өршелене кіреді. Бұдан кейіи өскіншедегі ұрықтанған жұмыртқа клеткадан папоротниктер өсіп шығады.
Папоротник тәрізділер біздің планетамыздың өсімдіктер дүниесінің даму тарихындағы тас көмір дәуірінде дамыған жоғары құрылысты алғашқы құрылық өсімдіктері болған.
Папоротниктер жапырақтарының таңбасы тас көмір қабаттарында сақталып қалған. 
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктердің ішінде шөптесін өсімдіктер болмайды, онда тек ағаштар мен бұталар ғана бар. Олардың тұқым бүрі ештеңемен қорғалмағандықтан жалаңаш тұқымды өсімдіктер деп аталған.
Жалаңаш тұқымдылар үш класты біріктіреді. Олар: Саговик жапырақтар, Бүрлілер,Қабықша тұқымдылар. Біз қылқан жапырақтыларға жататын бүрлілер класының бірнеше түрлерін қарастырамыз.
Кәдімгі қарағай өседі. Бұл қуатты биік ағаш. Көктемде жаңа өсіп келе жатқан өркендердің түбінен аталық бүрлер өсіп шығады . Олар масақ тәрізді гүл шоғырына жинақталған. Бүрлерде өте көп тозаң түзіледі. Өркеннің ең ұшында аналық бүр дамиды.
Қарағай тұқымының үстін тығыз қабықтар жауып тұрады. Олардың астында эндосперм және ұрық болады.
ТМД-да шыршаның онға жуық түрі кездеседі.Шыршаның практикалық зор маңызы бар. Оның сүрегі — тамаша құрылыс материалы. Сүректі құрғақ айдаған кезде карамай, канифоль, скипидар алынады.
Сібір май қарағайы өте көп тараған. Ол әсірәсе Батыс Сібірде көп өседі. Май қарағай сүрегі музыкалық аспаптар жасауға жұмсалады.
Қысқа қарай бал қарағайлардың жапырақтары түседі. Бал қарағайдың бірнеше түрлері кездеседі. Сібір бал қарағайы мен даур бал қарағайы кең тараған.
Бал қарағайдын сүрегі өте мықты. Онда қарамай көп болады. Соның нәтижесінде бал қарағай сүрегі суга төзімді болады да, оны кеме жасауға пайдаланады. Бал қарағай сүрегі қағаз өнеркәсібінде бағалы болып табылады.
Ағаштардан басқа кипарис тұқымдасқа жататын бұталы өсімдіктер де қылқан жапырақтыларға жатады. Кәдімгі арша — бұталы өсімдік, барлық жерлерде де кездеседі десе болады. Өте баяу өседі. Сүрегі өте мықты. Қарындаш даярлау ісінде қолданылады. Арша «жемісі» медицинада пайдаланылады.
Жер бетіндегі өсімдіктер дүииесінің дамуында жалаңаш тұқымды өсімдіктер, олардың ішінде әсіресе қылқан жапырақтылар, папоротник тәрізділерден кейін пайда болған жоғары дәрежелі өсімдіктердің екінші сатысы болып табылады. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің төменгі класы, сондай-ақ ағаш тәрізді тұқымды папоротниктер мен басқа да өліп біткен топтар, тас көмір дәуірінде де болған. Қылқан жапырақтылар мезозой эрасының юра дәуірінде пайда болды.
Жабық тұқымды өсімдіктер
Жабық тұқымдылар типі қос жарнақтылар класы мен дара жарнақтылар класы өсімдіктерін біріктіреді.
Қос жарнақтылар класында 200 000 түрден астам өсімдіктер бар.
Өсімдіктердің бұл түрлері тұкымдастарға топтасады.
Сарғалдақ тұқымдастар. Бұған негізінен шөптесін өсімдіктер жатады.
Осы тұқымдас өсімдіктердің ең көп тараған түрлеріне талдау жасалық.
Улы сарғалдақ өзендер мен бұлақтардың жағалығында кездеседі. Мал үшін өте улы болады.
Сарғалдак, желайдарының гүлі сары, шатқал желайдарының гүлі ақ реңді. Олардың тамыр-сабақтары мол қоректік заттар қоры болғандықтан жуандау болады. Ерте көктемде гүлденеді.
Шалшық қалтагүлі батпақты жерлерде өседі де, ертс көктемде гүлдейді. Гүлдері сарғалдақ гүлдеріне ұқсас болады.
Европалық жарықгүл көктем аяқталып, жаз басталатын мезгілде гүлдейді. Дымқыл ормандарда өседі. Оның гүлдері ерекше көз тартады, сүйкімді хош иісі болады. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде қоғыр өседі. Бұл өсімдік улы болады (әсіресе тұқымы).Ылғалды ормандарда у қоргасын өседі, оның гүлі насекомдар арқылы тозаңдануға бейімделген.
Сарғалдақ тұқымдастардың көпшілігі улы. Алайда сарғалдақ тұқымдастардың ішінде дәрілік өсімдіктер де бар, мысалы жанар гүл, у қорғасын.
Сарғалдақ тұқымдастардың көпшілігі: дельфиниум желайдар, пион, у қорғасын т. б. декорациялық бау-бақша шаруашылығына пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет